Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты к пробному тестированию 2014-2015.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.99 Кб
Скачать

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$009

Ұлпа қабынуының түрін табыңыз: үлкен тісжегі қуысы, тіс қуысы ашылған. Беткей зондтау - ауырсынусыз, терең - ауырсынады. Ұлпа қансырауы мүмкін. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы - ыстық тітіркендіргіштерден баяу үдемелі қақсап ауырсынады. ЭОД – 80 мкА:

А) созылмалы фиброзды ұлпа қабынуы

B) созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы

C) созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы

D) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы

E) жедел диффузды ұлпа қабынуы

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$010

Науқастың жасы 25. Тістен нашар иістің шығуына шағымданады. Анамнезі бойынша: тіс бұрын қатты ауырған, ыстық тағам ішкенде ұзаққа созылататын ауру сезімі мазалайды. Қарап тексергенде 2.6 тістің сауытының түсі өзгерген, тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Беткей шұқып тексергенде ауырмайды, ал терең шұқығанда аурады. ЭОД 80 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері бойынша қай ауруға тән деп ойлайсыз:

А) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы

B) созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы

C) созылмалы жай ұлпа қабынуы

D) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы

E) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы

{Дұрыс жауабы}=B

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$011

Келесі клиникалық белгілері бойынша диагнозын анықтаңыз: тіске тағам қалдығының тұрып қалуына шағымданады, тіс жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан, шұқып тексеру, қағып тексеруде ауырмайды, шырышты қабатта өзгеріс жоқ. Рентген суретте периодонт саңылауы біркелкі кеңейген:

А) созылмалы фиброзды периодонт қабынуы

B) конкрементозды ұлпа қабынуы

C) созылмалы жай ұлпа қабынуы

D) созылмалы гранулденген периодонт қабынуы

E) созылмалы гранулематозды периодонт қабынуы

{Дұрыс жауабы}=А

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$012

Науқастың жасы 28, тісінің температуралық және механикалық тітіркендіргіштерден ауратынына шағымданады. Ауру сезімі бір тәулік бойы өз бетімен және ұстама тәрізді көбінесе кешкі уақытта мазалаған. Ауру сезімі 10-15 минут бойы жалғасады. Ауырмайтын аралығы 2,5-3 сағат. Бұрында бұндай ауру сезімі болмаған. Қарап тесергенде 1.7 тістің дистальды шайнау бетінде терең тіс жегі қуысы бар. Тіс қуысымен байланыспаған. Шұқып тексергенде бір нүктеде ауырады (ұлпа мүйізшесінің проекциясы). Температуралық тітіркендіргіштерге ұстама тәрізді ауру сезімі ұзаққа созылады. Қағып тексергенде ауырмайды. ЭОМ 24 мкА. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз:

А) жедел дамыған терең тіс жегі

B) созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының өршуі

C) созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының өршуі

D) жедел диффузды ұлпа қабынуы

E) жедел ошақты ұлпа қабынуы

{Дұрыс жауабы}=E

{Күрделілігі}=3

{Оқулық }=(Терапиялық стоматология, Боровский Е.В., 2001)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12

07_01_Каз Терапиялық стоматология

$$$013

Диагноз қойыңыз: тістің қозғалғыштығына шағымданады, қарап тексергенде ауыз қуысы шырышты қабаты және қызыл иек шеттері бозғылт түсті, қызыл иек шетінің атрофиясы, қызыл иек емізікшелері толығымен атрофияланған, тіс түбірлері 4-5 мм жалаңаштанған, пародонт қалталары жоқ. Тістер қозғалғыштығы 1-2 дәрежесінде:

А) жеңіл дәрежелі пародонтоз

B) орташа дәрежелі пародонтоз

C) ауыр дәрежелі пародонтоз

D) жайылған пародонтит жеңіл дәрежелі

E) жайылған пародонтит, орташа дәрежелі

{Дұрыс жауабы}=C

{Күрделілігі}=2

{Оқулық }=( Терапевтическая стоматология: Учебник. В 3-х ч./ Под ред. Г.М. Барера.- М. ; ГЭОТАР-Медиа. Ч.2: Болезни пародонта. .-2008.)

{Курс}=6

{Семестр}=11-12