Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих №1 гост..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.57 Кб
Скачать

3.«Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы.

2009–2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды. Бағдарламаны қабылдау қажеттілігі елдің ішкі дамуының өзекті міндеттерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық басымдықтарды әзірлеудің, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция және институционалдық-құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйенудің, технологиялық, энергетикалық, көлік, сауда, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығынан туындады. ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің Мадридтегі кездесуі Қазақстанға ЕҚЫҰ-да 2010 жылы көшбастаушылық жөніндегі беделді және сонымен бірге жауапты міндетті жүктеді. Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы негізгі үш бағытта іске асырылуда, олар: саясат және қауіпсіздік мәселелері; экономика және экология; демократия және адам құқытары. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы біздің мемлекетіміздің халықаралық беделінің нәтижесі болып табылады. 2010 жылдың басынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық ете бастады. Қолданыстағы ережелерге орай ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, посткеңестік елдердің ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел. 2010 жылғы 14 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада өткен отырысна қатысушыларға Үндеу жолдады. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері: Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығуы болып табылады. Бағдарламаның аталған мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді: Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен мынадай бағыттар бойынша: технологиялық; энергетикалық;көлік саласында;техникалық реттеу және метрология саласы;сауда-экономикалық;шағын және орта бизнесті дамытуда;өмір сүру сапасы саласында; гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру;Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін жағдай жасау. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ). 1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) – Шығыс пен Батыс арасындағы пікір алысуды жолға қою үшін көп жақты форум құрылды.1994 жылы Будапешт қаласында Кеңесті ұйым деп қайта атау туралы шешім қабылданды, мұның өзі ЕҚЫҰ кеңістігінде «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен сипатталатын жаңа геосаяси жағдайда қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптарына жауабы болды және ұйымның жұмысына қосымша саяси серпіліс берді.ЕҚЫҰ бүгінгі таңда қауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау мәселелерімен айналысушы қазіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ірі ұйым деп заңды түрде есептеледі. ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейінгі географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты біріктіреді.

-ЕҚЫҰ-ның қатысуымен Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институтты, сайлау заңнамасын жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам саудасы, нашақорлыққа, лаңкестікті қаржыландыруға, қылмысты жолмен табылған табыстың жылыстауына қарсы әрекет ету, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалар іске асырылуда.

-2003 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төраға қызметіне өзінің кандидатурасын тұңғыш рет ұсынды.

-2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешімі қабылданды.

2010 жылдан бастап біздің ел ЕҚЫҰ-ны басқару абыройына ие болды.

17-билет

1.АЛТЫН ОРДА өзін билеген хандары:Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.

Алтын Орда— Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғолИльхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жаты Ал­тын Ор­да­ның құры­луы. 1235 жы­лы Моңғол им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Қарақорым­да болған құрыл­тай­ды Ба­тысқа (Еуро­паға) шапқын­шы­лық жо­рық жа­сау ұйғарыл­ды. Бұл жо­рық 1236 жы­лы бас­та­лады. Шыңғыс хан­ның не­мересі, Жо­шы хан­ның ба­ласы Ба­тый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Ук­ра­ина жер­лерін бағын­ды­рып, Шығыс Еуро­па ел­дерін талқан­дап, Ад­ри­ат теңізіне дейін же­теді. Осы­дан кейін Еділ бойын­да Ба­тый Ал­тын Ор­да мем­ле­кетін құра­ды. Ал­тын Ор­даға Ертістен Днестірге дейінгі жер­лер кіреді. Орыс княз­да­ры Ал­тын Ор­да билігін мойын­дай­ды. Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Са­рай-Ба­ту, ал кейінірек Са­рай-Бер­ке қала­сы бо­лады

Қоғам­дық-са­яси жағдайы. Ал­тын Ор­да әске­ри мем­ле­кет бол­ды. Ұлан-ғайыр өлке­де ор­на­ласқан мем­ле­кет халқының ба­сым бөлігі түркі тілдес қып­шақтар бол­ды. Мем­ле­кеттің бас­ты са­яси-мәде­ни тілі қып­шақ тілі бол­ды. Құрыл­тай мем­ле­кеттің негізгі ұйымы бо­лып са­нал­ды. Ал­тын Ор­да әскер­лері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мем­ле­кет ба­сын­дағы но­ян­дар мен бек­тердің, басқақтар мен тамғашы­лар­дың қолын­да билік көп бол­ды

Ша­ру­ашы­лық пен мәде­ни­еті. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы мен оты­рықшы егін ша­ру­ашы­лығы Ал­тын Ор­да ха­лықта­рының бас­ты ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Ал­тын Ор­да ха­лықта­ры — мұсыл­мандар. Ал­тын Ор­да мем­ле­кетінің алғашқыда көне ұйғыр жа­зуы негізгі жа­зу бо­лып қалып­тасса, кейіннен ис­лам діні ықпа­лының күшеюіне бай­ла­ныс­ты араб жа­зуы да қатар қол­да­ныла­ды. Ал­тын Ор­да дәуірі ор­тағасыр­лық түрік әде­би­етінің да­мыған ке­зеңі бол­ды. Бұл ке­зеңдегі әде­би шығар­ма­лар: 1233 жы­лы «Қис­са Жүсіп» (Әли), 1303 жы­лы «Ко­декс-Ку­мани­кус», 1303 жы­лы «Қып­шақ тілі сөздігі», 1359 жы­лы «Ма­хаб­батна­ма» (Ах­мет Хо­рез­ми дас­та­ны), 1391 жы­лы «Гүлстан бит-түрки» (қып­шақ ақыны Са­раи), 1409 жы­лы «Жүсіп-Зы­лиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық ба­тыр» жы­ры дүни­еге ке­леді. Бұл ту­ын­ды­да қырық қып­шақ ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы ба­ян­да­лады

Ыды­рау се­беп­теріЭт­ни­калық құра­мы әр түрлі ха­лықтар бір мем­ле­кет­те тұра ал­ма­ды

Ша­ру­ашы­лығының өркен­деуі на­шар бол­ды

Билік үшін та­лас күшейді

Езілген ха­лықтың азат­тық күресі күшейді

Ал­тын Ор­да­ның тәуелсіз иеліктер­ге бөлінген кезі – XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да, Хо­резм, Еділ бұлғар­ла­ры т. б. Дер­бес мем­ле­кет­тер пай­да бол­ды. Бұлар­дың бар­лығы бұрын Ал­тын Ор­да­ның құра­мын­да, кейіннен Ал­тын Ор­да­ның қазақстан­дық бөлігінде Ақ Ор­да, Моғолс­тан, Әбілқайыр хан­дығы, Ноғай Ор­да­сы сияқты мем­ле­кет­тер билік жүргізген

2.ҒЫЛЫМ мен БАСПАНЫН ДАМУЫ Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып,өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды. Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды. "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858 1931) ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және өлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсету де Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Ахмет Байтұрсынұлы(15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұскеледі. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесіндежазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралыпетициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.басылым жоқ.

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш. Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. 1847 жылдың күзінде Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды. 1855 жылы Ш. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып-білудің басы болды, олардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. 1856 жылдың көктемінде болашақтағы Шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтулы оқиға болды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов екі экспедицияға қатысты – біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия сапары болды. 1859 жылдың күзінде Шоқан Әскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар шекті. Оның «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қондары туралы», «Сот реформасы туралы» жазба еңбектері бар. 1864 жылдың көктемінде Уәлиханов Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ресейге қосып алуды мақсат еткен әскери жорығына қатысады. 1864 жылдың жазында Верныйға қайтады. Содан соң албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып тұрады. Төренің қарындасына үйленеді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін нашар сезініп, жорықтағы өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмаса керек. Ол 1865 жылдың сәуірінде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен-тоған деген жерде Тезек сұлтан ауылында қайтыс болды.БАСПАНЫН ДАМУЫ «Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қалың қазақтың талай нәрседен қапы қалып, сан соғып, «Әй, қап!» деп өкінген өмірін өз атымен бейнелеген тұңғыш журналы. “Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Таралымы 3000, кейбір мәліметтерде 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – әйгілі ғалым, жазушы қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы - “Азамат” серіктігі болған. Газетте XX ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің негізгі мәселеріне, шаруашылық жайына жер мәселелеріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, тарихқа арналған А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев, С.Торайғыровтың т.б. жазушы, қоғам қайраткерлерінің мақалалары жарияланып тұрған.Кезінде басылым әскери цензураның қатаң бақылауында болған.

3.Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. Жас кезінде Іле Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. Әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.Қызмет жолы1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті

18-билет

1.АҚ ОРДА14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда.Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары –Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.Әмір Темір-Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір. Атақпен бірге аңыз бен аярлық ілесіп жүретінін ескерсек Темір туралы түрлі мысалдар жетерлік. Түбі монғол-түрік тайпасы атанған Барлас руынан. Оның әкесі Тарағай осы тайпаның көсемі болыпты.Темірдің кезеңі сан қилы оқиғаларға толы. Шағатай мемлекетінің құлауы, Мәуренахрды түрік әмірлерінің тулақтай етіп тартысқа салуы, моңғолдардың тұтас Шығыс Түркістан мен Құлжа аумағын, Жетісуды қарамаққа алып Тұқылық Темірді таққа отырғызатын осы тұс. Қарақшыларымен келіп Кеш шәрінің билеушісі Қажыға қызмет ете бастаған Ақсақ Темірдің билікке қол жеткізуіне Тұқылық Темірдің Мауренахрға жорық жасауы ықпал еткен. Кеш билеушісі қашқан соң Ақсақ темір Тұқылықпен келісімге келіп, кенттің билеушісі атанады. Ал, 1361 жылы ол тек шаһар әмірі емес, Тұқылықтың Мәуренахрды билеген ұлы Ілияс қожаның сенімді серіктерінің біріне айналады. Уақыт өте келе Әмір Темір көреген сұңғылалық танытады да моңғолдармен атқұйрығын кесісіп, түрік әмірі Қазағанның немересі Құсайынмен бірігу арқылы бұрынғы достарына соққы бере бастайды. Осының арқасында 1364 жылы Мәуренахр түбі түрік Құсайын ханның қолына өтеді. Бірақ, анасынан қан уыстап туған Темір өзіне бұрынғы Кеш шаһарының қайтарылғанын ғана канағат тұтпай, Құсайынға қарсы екі мәрте соғыс ашады. Ақырында 1370 жылы 34 жасында Құсайынды өлтіріп, бар тізгінді қолына алады. Бірақ, ол хан деген атақтан қашқақтап, Ұлы Әмір-дегенді қалайды.Ақсақ Темір билікті алысымен әуелі өз тәртібін қабылдамаған көрші билеушілерді мойынұсындыра бастады. Жетісу мен Шығыс Түркістанға жорық жасады. 1379 жылы Хорезмді талқандады. Ал, келер жылы Парсыларға жорыққа шықты. Темірдің ұстанғаны "Бір жаһанда екі билеуші болуы мүмкін емес",- деген ұран еді. 2 жыл ішінде Герат, Хорасан, Сейстан алынды. Жалпы, Ақсақ Темір Парсы еліне үш мәрте жорық жасаған. Айналдырған 4-5 жыл ішінде Ақсақ Темір моңғол иелігіндегі Қара Ертіске дейінгі, алтынордалықтар ат суарып жүрген Еділге дейінгі аралықты түгел иемденді. Парсының батыс бөліг імен Бағдатты уысында ұстаған Жалайырлар бұл кезде жергілікті соғыстардан ығыр болған еді. Осының салдарынан күллі өңір Темірдің ұлы Омар шейхтің қол астына кірді. Ал, Каспий жағалауы, Әзербайжан мен Қап тауының бір бөлігі Әмірдің екінші ұлы- Миран шахты мойындады.Темірді көп мазалаған өз көмегімен Мамайды жеңіп, Алтынорда тағына отырған Тоқтамыс хан болды. Мәуренахрға тұмсық сұғып бір жеңілген Тоқтамыс, Қап тауында да қиғалақ салды. Ұлы Миран шахқа көмек беруге аттанған Әмір Темір 1395 жылы орыс елінің оңтүстігін басып алды да, Тоқтамыспен Терек өзені бойында қылыш жүздестірді. Қаһарға төтеп бере алмай қашқан жауын өкшелеген билеуші жолындағы Астрахан Сарай, Азов, Кафу сынды шаһарларды тас-талқан еткен. 1398 жылы Әмір Темір Үндістанды жаулауға аттанған.Темірдің 1401 жылы Бағдаттағы билікті нығайтуы асқан қатыгездікпен жүзеге асты. Осы шайқаста 90 мың адам жан тапсырыпты. Жалпы, ХY ғасыр Ақсақ Темірдің Осман империясының сұлтаны Баязитпен қырқысуынан басталады. Бұған түріктердің Темірдің сенімді адамы билеп отырған Арзинджан шаһарын басып алуы түрткі болған. Бас аяғы екі-ақ жылдың ішінде Темір Баязиттің талқанын шығарып, өзін тұтқынға алды. Ангордағы атақты шайқастың бұлай тамамдалуы тек османдықтардың ғана емес, кіші Азия билеушілерінің барлығының басына күн тудырды. Көрегеннің жасағы барлық қалаларды жайпап өтті.

Кіші Азияға сапарын аяқтап, Самарқанға оралған Ақсақ темірдің көкейін тескен Қытай еді.

2.XIXғ.Қазақстандағы экономикалық қатынастар.XIX ғ. екінші жартысында Ресейдің капиталистік өнеркәсібі мен Қазақстандағы ауылшаруашылық өндірісі арасындағы қатынас күшейді. Сауда және өсімқорлық капиталы Ресейдің орталық губерниялары мен Қазақстан арасындағы ғана емес, сонымен бірге өлкенің өз ішінде де тауар айналысының өсуін шапшаңдатты. Қазақ шаруашылығының рынокпен байланысының ұлғаюына патша өкіметінің салық саясаты үлкен ықпал жасады. Қазақтарға ақшалай көптеген салықтардың салынуы, олардың өнімдерінің бір бөлігін рыноктар арқылы саудаға салуға мәжбүр етті. Мал мен астық барған сайын тауарға айналды.70–80 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Ресей саудагерлері Қазақстанда сауданың жаңа түрін – жәрмеңкелік сауданы енгізді. Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында Хан ордасы жанынан ашылды. Кейіннен Ақмола облысы Тайыншакөл, (Петропавл маңында), Константиновск (Ақмола), Петровск (Атбасарда) және 50 ден астам ұсақ және орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. 1848 жылы Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесі, ал кейіннен Шар (Семей облысы), Қарқара (Жетісу), Әулиеата (Сырдария облысы), Ойыл, Темір (Орал облысы) жәрмеңкелері жұмыс істеді. Қазақстанда капиталистік түрдегі сауда-саттықтың күшеюі жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Осы кезде, Қазақстанда 30дан астам қалалар мен 400 казак-орыс поселкалары пайда болды. Қалаларда әскери адамдар, құрметті азаматтар мен саудагерлер, қазақ ұлықтары тұрды. Қала халқының көпшілігі кедейленген шаруалар мен майда кәсіпорындарының жұмысшылары болатын. XIX ғасырдың аяғында Ресей капиталистері Қазақстанда өнеркәсіп өндірісін ұйымдастырып, мұнда өздерінің қаржыларын әкеле бастады. Жер мен шикізат арзан еді, жұмысшылардың жалақысы төмен болды. Мұның өзі банк мекемелерінің ашылып, олардағы ақша айналым қатынастарын күшейтті. 1871 жылы Қазақстанда алғашқы ашылған банктердің бірі – Петропавлдағы негізгі капиталы 40 мың сом болатын қалалық қоғамдық банк еді. XIX ғ. 70-ші жылдары ішкі Ресейден Қазақстанға темір жол тартыла бастады. 1874–1876 жылдары Орынбор темір жолы салынып, ол Торғай облысы мен Орынборды Орталық Ресеймен жалғастырды.Сонымен, капиталистік қатынастардың қазақ даласына енуі өлкеде негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі және жартылай көшпелі халықтың патриархалдық-феодалдық қатынастарының ыдырау процесін жеделдетті. Елде өнеркәсіптің жаңа салаларын туындатып, қоғамдық еңбек бөлінісіне және жұмысшы табы кадрларының шығуына себебін тигізді.