Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ShYMKENT_test_2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.52 Кб
Скачать

«Пульмонология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

01_01_01_ Ішкі аурулар_ қаз

$$$001

Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, жылдам оң нәтижелі динамика ... тән.

A) саркоидозға

B) пневмокониозға

C) ошақты пневмонияға

D) милиарлы туберкулезге

E) инфильтрациялық туберкулезге

(Дұрыс жауап) = А

$$$002

Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімдері пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін себебі:

A) Инфекциялық-токсикалық шок

B) Сепсис

C)Кардиогенді шок

D) Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы

E) Жіті респираторлық дистресс-синдром

(Дұрыс жауап) = А

(

$$$003

55 жастағы науқас анда – санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, қиын бөлінетін шырышты жөтелге шағымданады. Ұстмалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «дабыл таяқшалары» және «сағат әйнегі» симпомдары оң мәнді, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулярлы тыныс анықталады. Сіздің диагнозыңыз:

A) Өкпе эмфиземасы

B) Пневмония

C) Пневмоторакс

D) Жіті бронхит

E) Созылмалы бронхит

(Дұрыс жауап) = А

$$$004

М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 бірлік/л, АСТ–78 бірлік/л. Неғұрлым мүмкін диагноз:

A) Саркоидоз

B) Өкпе амилоидозы

C) Ауруханадан тыс пневмония

D) Фиброздаушы альвеолит

E) Өкпенің қатерлі ісігі

(Дұрыс жауап) = А

$$$005

Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Кларитромицин + амброксол + ипратропиум бромиді

B) Тетрациклин + метрогил + лазолван

C) Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

D) Кларитромицин + преднизолон + бромгексин

E) Цефуроксим + амброксол + ипратропиум бромиді

(Дұрыс жауап) = А

$$$006

Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика:

A) Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу

B) Ампициллин + гентамицин

C) Плазмаферез курсы + цефтриаксон

D) Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон

E) Левофлоксацин + инфузиялық терапия

(Дұрыс жауап) = А

$$$007

22 жастағы студентте ЖРВИ ауырғаннан кейін іріңді қақырықты жөтел, денесінің қызуы 38,50 С дейін көтерілуі, әлсіздік пайда болды. Объективті: өкпелерінде тынысы қатқыл, бірең - сараң құрғақ сырылдар естіледі. Тексергенде: лейкоциттер – 9,7 мың, ЭТЖ – 22 мм/сағ. Емдеу жоспарына енгізуге қажетті препараттар жиынтығы.

A) Ампициллин, лазолван

B) Эуфиллин, карбоцистеин

C) Химотрипсин, фенотерол

D) Бромгексин, преднизолон

E) Ацетилцистеин, гидрокортизон

(Дұрыс жауап) = А

«Аллергология и иммунология» тақырыбы («Терапия» бағыты бойынша «Ішкі аурулар» пәні

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]