Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер ЛД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.29 Кб
Скачать
  • Қандағы қанттың анализі

    • Қалқанша безді УДЗ

    • ЭКГ ЭХО КГ

    3. Емдеу жоспары: Тиреостатиктер, в – блокаторлар

    13. Ауруханаға 32 жастағы әйел түсті, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, тершеңдік, аузында дәмнің бұзылуына, шикі ет тағамдарын, саз, бор, күл жеуге құштарлығына шағымданады.

    Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, құрғақ, қабыршақталады, тырнақтары жұқа, сынғыш, тырнақ пластинкалары қасық тәрізді, шашы түседі. Аузының бұрыштарында жарылулар бар. Тілі жылтыр,емізікшелері тегістелген. Өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Пульсі - минутына 96 рет. Артериалды қан қысымы - 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ.

    Қан анализінде: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер - 3,5х1012/л, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, лейкоциттер 8,5х 109/л , ЭТЖ - 18 мм/ сағ.

    1. Болжамды диагноз: Теміржетіспеушілік анемия, орташа ауырлық дәрежесі.

  • Қосымша зерттеу жоспары:

    • Қан сарысуындағы темір

    • ЭФГДС

    3. Емдеу жоспары: темір дәрілері

    14.

    Гематолог дәрігерге 28 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ентігуге, тершеңдікке, дене қызуының көтерілуіне, тамағының ауыруына, жұтынудың қиындауына, терісінде геморрагиялық бөртпелердің пайда болуына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша кенеттен ауырған. Сондықтан ауру себебі неден болғанын айта алмайды.

    Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық . Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, қол, аяқтарында - геморрагиялық бөртпелер бар. Өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Пульс – минутына 96, артериалды қан қысымы - 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұрады, көкбауыры біршама ұлғайған, пальпациялағанда ауырсыну сезімі бар. Зәр шығаруы еркін, ауырсыну сезімі жоқ.

    Қан анализінде: гемоглобин - 56 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, лейкоциттер - 80х109/л, тромбоциттер - 100 х 109/л, ЭТЖ – 48 мм/сағ, миелобласттар – 30 %

    1. Болжамды диагнозы: Жедел миелолейкоз.

    2. Қосымша зерттеу жоспары:

    • Коагулограмма Стернальді пункция

    • Бауырды, көкбауырды УДЗ

    3. Емдеу жоспары: жоғарыколориялы диета, полихимиотерапия, дезинтоксикациялық терапия, гемотрансфузия.