Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер ЛД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.29 Кб
Скачать
  • Бауырды УДЗ

    3. Емдеу жоспары: №5 диета, гепатопротекторлар, ақуызды дәрілер, дезинтоксикациялық терапия.

    10. 30 жастағы науқас емханаға келіп, дәрігерге сол жақ бел тұсының ауру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін көтерілуіне, қалтырау, жиі зәрге шығуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын суық тиіп ауырған, содан кейін жоғарыда айтылған шағымдар мазалаған.

    Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі қызарған. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Бүйректі пальпациялағанда - сол жақта ауырсыну сезімі анықталады.Ұрып – соғу симптомы сол жақта оң нәтижелі.

    Қан анализінде: гемоглобин - 128 г/л, эритроциттер - 5х1012/л, лейкоциттер - 21х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Зәрде бактериурия, лейкоцитурия.

    1. Болжамды диагнозы: Жедел сол жақ пиелонефриті

    2. Қосымша зерттеу жоспары:

  • Қан анализінің құрамындағы креатинин мен мочевинаның деңгейі.

  • Бактериологиялық зерттеуге және антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға зәрдің анализі

  • Нечипоренко әдісі бойныша зәр анализі

  • Бүйректі УДЗ.

    1. Емдеу жоспары: №7 диета, көп мөлшерде сұйықтық ішу, антибактериалды терапия, спазмолитиктер, дене қызуын түсіретін дәрілер

    11. 54 жастағы науқас дәрігерге шөлдеуге, жиі зәрге шығуға, тері қышуына шағымданды. Өзін соңғы 2-3 жылдан бері ауру санайды, ауруын жүйке-эмоциялық күйзеліспен байланыстырады. Науқастың айтуы бойынша анасында осындай симптомдар болған.

    Қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы артқан. Терісі құрғақ, қасынған іздері бар. Өкпеде тынысы - әлсіз везикулярлы. Салыстырмалы жүрек шекаралары солға ығысқан, ырғағы ритмді, тондары тұйықталған. Артериалды қан қысымы - 160/95 мм с.б. ЖЖЖ минутына – 88 рет. Пульсі – минутына 88 рет. Ішін пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ. Қан анализінде: гемоглобин -130 г/л, эритроциттер - 4,5х1012/л, лейкоциттер - 8х109/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қандағы глюкозаның деңгейі – 8,0 ммоль/л, холестерин - 8,0 ммоль/л.

    1. Болжамды диагнозы: Қант диабеті, II типі.

    2. Қосымша зерттеу жоспары:

  • Қандағы қанттың анализі

  • Қанның биохимиялық анализі: жалпы липидтер, β – липопротеидтер, коагулограмма, гликирленген гемоглобин

  • Жалпы зәр анализі

  • Ұйқы безін УДЗ

  • ЭКГ

  • Қөз түбі

    3. Емдеу жоспары: №9 диета, қантты төмендететін дәрілер, статиндер, дезагреганттар.

    12. 53 жастағы науқас жүрегінің жиі соғуына, демікпе, бас ауруы, тершеңдік, жүдеу, асқа тәбетінің ашылуына, жылағыштық және тез шаршау, жалпы әлсіздіктің пайда болуына шағымданады. Ауруын жұмысындағы күйзеліспен байланыстырады.

    Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі ылғалды, жылы. Шашы жіңішке, тырнағы сынғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек ырғағы ритмді, тондары қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ЖЖЖ – минутына 120 рет. Пульсі - минутына 120 рет, қатты және толық. Артериалды қан қысымы - 150 / 80 мм с.б. Штельвага, Грефе, Мебиус, Кохер, Еллинек көз белгілері анықталды. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі бар. Қалқанша безі жұмсақ, ІІІ дәрежеге дейін ұлғайған, пальпациялағанда ауыру сезімі жоқ.

    Қан анализінде: гемоглобин - 120 г/л, лейкоциттер-3,5 х 109/л, ЭТЖ – 18 мм/сағ, жалпы белок – 46 г/л.

    1. Болжамды диагнозы: Диффузды – токсикалық зоб, III дәрежесі.

    2. Қосымша зерттеу жоспары:

  • Қандағы Т3, Т 4, ТТГ деңгейі