- •Болжамды диагнозы: ауруханадан тыс пневмония, сол жақ төменгі бөлігінде, орташа ауырлық дәрежесінде.
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: антибактериалды терапия, муколитиктер және қақырық түсіретін дәрілер, дезинтоксикациялық терапия
- •Болжамды диагнозы: жиа. Кернеулі стенокардия. Артериалды гипертензия. Гипертониялық криз. Ж iiв
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •Болжамды диагнозы: Бронхиалды астма, атопиялық варианты, өршу сатысы Тыныс жетіспеушілігі II
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: гипоаллергенді диета, қысқа әсерлі в2 – агонисттер, әсері аз
- •Болжамды диагнозы: жедел ревматикалық қызба
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз және оның фракциялары, фибриноген, дфа, антистрептокиназа и антистрептогиалуронидаза титрлері.
- •3. Емдеу жоспары: №10 диета, антибактериалды ем, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, дезагреганттар.
- •Болжамды диагнозы: Созылмалы панкреатит, өршу сатысы
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: №5 диета, антиферментті дәрілер, н2 – блокаторлар, дезинтоксикациялық терапия.
- •Болжамды диагнозы: Біріншілікті гипотиреоз.
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: майлар, көмірсулар шектеумен диета, орынбасушы терапия, статиндер, симптоматикалық терапия.
- •Болжамды диагнозы: жиа. Жедел миокард инфаркті, ұшында және бүйір қабырғасында
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: №10 диета. Наркотикалық анальгетиктер, в-блокаторлар, нитраттар, антикагулянттар, дезагреганттар, оксигентерапия.
- •Болжамды диагнозы: Алғашқы рет анықталған 12-елі ішектің жара ауруы, өршу сатысында, қан кетумен асқынған.
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: №1 диета, гемостатикалық терапия. Қан тоқтаған соң – иррадикациялық терапия
- •Болжамды диагнозы: Бауырдың постнекротикалық циррозы
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: №5 диета, гепатопротекторлар, ақуызды дәрілер, дезинтоксикациялық терапия.
- •Болжамды диагнозы: Жедел сол жақ пиелонефриті
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •Емдеу жоспары: №7 диета, көп мөлшерде сұйықтық ішу, антибактериалды терапия, спазмолитиктер, дене қызуын түсіретін дәрілер
- •Болжамды диагнозы: Қант диабеті, II типі.
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: №9 диета, қантты төмендететін дәрілер, статиндер, дезагреганттар.
- •Болжамды диагнозы: Диффузды – токсикалық зоб, III дәрежесі.
- •Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: Тиреостатиктер, в – блокаторлар
- •Болжамды диагноз: Теміржетіспеушілік анемия, орташа ауырлық дәрежесі.
- •3. Емдеу жоспары: темір дәрілері
- •Болжамды диагнозы: Жедел миелолейкоз.
- •2. Қосымша зерттеу жоспары:
- •3. Емдеу жоспары: жоғарыколориялы диета, полихимиотерапия, дезинтоксикациялық терапия, гемотрансфузия.
Кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы
ЭКГ
ЭХО-КГ
3. Емдеу жоспары: №10 диета, антибактериалды ем, стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер, дезагреганттар.
5. Гастроэнтеролог дәрігерге науқас майлы, ащы тағам қабылдағаннан кейін, іштің жоғарғы бөлігінде «белдік» тәрізді ауру сезіміне, жүрегі айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, ботқа тәрізді, майлы, жағымсыз иісті нәжістің болуы, жүдеу шағымдарымен науқас қаралды. Анамнезінде: бірнеше жылдан бері ауырады,емделмеген, ауруын диета сақтамауымен байланыстырады.
Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі бозарған, тілі сарғыш жабындымен жабылған, құрғақ. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Артериалды қан қысымы - 100/70 мм с.б. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі бар.
Қан анализінде: гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 12 х 109/л, эритроциттер - 4,5 х 1012/л, ЭТЖ - 26 мм/сағ, холестерин - 6,2 ммоль/л, қандағы қант - 5,9 ммоль/л, қанда диастаза мөлшері – 80 ХБ, зәрде – 75 ХБ.
Болжамды диагнозы: Созылмалы панкреатит, өршу сатысы
Қосымша зерттеу жоспары:
Нәжісті копрологиялық зерттеу
УДЗ
3. Емдеу жоспары: №5 диета, антиферментті дәрілер, н2 – блокаторлар, дезинтоксикациялық терапия.
6. 42 жастағы әйел эндокринолог дәрігерге қаралғанда шаршағыштыққа, ұмытшақтыққа, тоңу сезіміне, ұйқышылдыққа, іш кебуіне, семіруге бейімділікке, меноррагияға шағымданды. Науқас дертін вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болды деп санайды.
Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық, баяу сөйлейді, дауысы қарлыққан, қозғалысы жай. Беті ісінген, көз ұяшықтары кішірейген, терісі құрғақ, қабыршақталған. Тілі ұлғайған, тілінде тістердің іздері бар. Шашы түсіп, тырнақтары сынғыш келеді. Аяқтарында тығыз ісінулер бар. Дене қызуы - 35,4ºС. Ішкі мүшелердің қызметінің бұзылылулары анықталмады.
Қан анализінде: гемоглобин – 86 г /л, лейкоциттер - 8х 109/л, эритроциттер - 3,8 х 1012/л , тромбоциттер - 220 х 109/л, холестерин – 9,0 ммоль/ л., УДЗ - қалқанша безінің гипоплазиясы.
Болжамды диагнозы: Біріншілікті гипотиреоз.
Қосымша зерттеу жоспары:
Қандағы Т3, Т4, ТТГ деңгейі
3. Емдеу жоспары: майлар, көмірсулар шектеумен диета, орынбасушы терапия, статиндер, симптоматикалық терапия.
7. Қабылдау бөлімінде 58 жастағы науқас сол жақ жауырынға, сол жақ иыққа, қолға берілетін жүрек тұсының күйіп ауру сезіміне, айқын әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: көп жылдар бойы ЖИА, стенокардиямен ауырады. Бірнеше рет ауруханада емделген, дәрілерді уақытымен қабылдамайды. Соңғы жағдайының ауырлағанын жүйке жүйесіне күш түсуімен байланыстырады.
Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі бозарған, ылғалды, бетінде қорқыныш белгісі бар. Науқас мазасыз. Аускультативті тынысы везикулярлы. Жүрек соғуы ритмді, тондары тұйықталған, артериалды қан қысымы - 100/70 мм с.б. Пульсі - минутына 96 рет, толықтығы және күші әлсіз. ЭКГ-да І - ІІ стандарттық және Ү4, Ү5, Ү6 кеуделік тіркемелерінде, R тісшесі төмен және ST тісшесі изолиниядан 3 см жоғары көтерілген.
Болжамды диагнозы: жиа. Жедел миокард инфаркті, ұшында және бүйір қабырғасында
Қосымша зерттеу жоспары:
Жалпы қан анализі
Қанның биохимиялық анализі: жалпы ақуыз және оның фракциялары, холестерин, жалпы липидтер, β – липопротеидтер, коагулограмма, АЛТ, АСТ (тропонин, миоглобин, КФК)
ЭКГ динамикада
3. Емдеу жоспары: №10 диета. Наркотикалық анальгетиктер, в-блокаторлар, нитраттар, антикагулянттар, дезагреганттар, оксигентерапия.
8. Науқас 24 жаста, тамақ ішкеннен соң 2 -3 сағаттан кейін, түнгі уақытта эпигастрий аймағының ауру сезіміне, қыжылдауына, нәжісінің қара май түсті болуына, жүдеуіне, ұйқысының бұзылуына шағымданады.
Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Науқас қозу күйінде, ішін қолдарымен басып отыр. Терісі бозарған, тілі ақ-сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімі бар. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Артериалды қан қысымы - 110/80 мм с.б. Қан анализінде: гемоглобин - 98 г/л, эритроциттер - 3,3х1012/л, лейкоциттер - 9х109/л, ЭТЖ - 20 мм/ сағ.
Болжамды диагнозы: Алғашқы рет анықталған 12-елі ішектің жара ауруы, өршу сатысында, қан кетумен асқынған.
Қосымша зерттеу жоспары:
Нәжісті копрологиялық зерттеу
ЭФГДС
3. Емдеу жоспары: №1 диета, гемостатикалық терапия. Қан тоқтаған соң – иррадикациялық терапия
9. Гастроэнтеролог дәрігерге 50 жастағы науқас келді, ол қуырылған және тұзды ас қабылдағанда күшейетін оң жақ қабырға астының ауру сезіміне, жүрегі айнып, құсуына, іштің кебуі мен ауырлауына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде - вирусты гепатитпен ауырған.
Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене салмағы азайған, терісі қоңыр-сарғыш түсті, бозарған, көздерінің ағы сарғыш түсті, тілі мен еріні ашық қызыл түсті. Кеуде және арқа тері қабатында - «тамыр жұлдызшалары», алақанында «пальмарлы эритема» байқалады. Ішінде сұйықтық жиналу себебінен іші ұлғайған, кіндігі томпайып сыртқа шығып тұрады, алдыңғы іш қуысының көктамырлары кеңейген. Бауырды пальпациялағанда кедір - бұдыр, аздап ауырсынады. Артериалды қан қысымы - 100/60 мм. с.б.
Қан анализінде: гемоглобин -100 г/л, эритроциттер - 3,3х1012/л, лейкоциттер - 9х109/л, ЭТЖ - 29 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: Жалпы ақуыз - 42 г/л, глобулиндер - 54%, жалпы билирубин - 46 ммоль/л, холестерин - 3,0 ммоль/л, бауыр сынамалары – тимол сынамасы – 9 ед, АлаТ -1,2 ммоль/л, АсаТ - 0,9 ммоль/л.
Болжамды диагнозы: Бауырдың постнекротикалық циррозы
Қосымша зерттеу жоспары:
Коагулограмма
