Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есептер ЛД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.29 Кб
Скачать

1. Суықтың әсерінен жас жігітте: әлсіздік, тершеңдік, бұлшықеттің ауырсынуы, демікпе, ұйқысының бұзылуы байқалып, дене қызуы 39ºС-қа жетті, құрғақ жөтел, 4-5 күннен кейін ылғалды, түсі «тот басқан» тәрізді қақырық түсетін болды, терең дем алғанда кеуде торының сол жақ бөлігінің ортаңғы және төменгі аймағында ауырсынуды сезінеді.

Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі қызарған, мұрын ұштарында және ернінде ұшық бөртпелері бар, дене қызуы 39ºС. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы - тұйық дыбыстар анықталады, сол жерден тыңдағанда - әлсіз везикулярлы дыбыс естіледі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс алу жиілігі минутына 28-30 рет. Артериалды қысымы -100/60 мм. с.б. Жүректің соғысы ырғақты, ЖЖЖ - минутына 102 рет, жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 102 рет, толықтығы және күші төмендеген.

Рентген суретінде сол жақ өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде интенсивтілігі біркелкі қараю анықталады.

  1. Болжамды диагнозы: ауруханадан тыс пневмония, сол жақ төменгі бөлігінде, орташа ауырлық дәрежесінде.

  2. Қосымша зерттеу жоспары:

  • Қақырықтың жалпы анализі

  • Бактериологиялық зерттеуге және антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға қақырықтың анализі

  • Спирография

3. Емдеу жоспары: антибактериалды терапия, муколитиктер және қақырық түсіретін дәрілер, дезинтоксикациялық терапия

2. Кардиология бөліміне 60 жастағы науқас К. жеткізілді. Келген бетте науқас, тұншығуға ұласатын демікпеге, көпіршікті сұйық қақырықтың шығуымен жөтелге, бас ауруына, жүрек қызметінің бұзылуына және жүрек тұсының шаншуына, аяқтарының ісінуіне және ішінің ұлғаюына шағымданды. Анамнезінде: бірнеше жылдардан бері артериалды гипертензия, ЖИА, стенокардиямен ауырады. Соңғы жылдары ем қабылдамаған.

Қарауда: жағдайы ауыр, науқас жата алмайды, отырып ұйықтайды, аяқтары ісінген, терісінде дистрофиялық өзгерістер бар, іші үлкейген, бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығып тұр. Аускультацияда: әлсіз тыныс алудан, өкпелердің ортаңғы және төменгі бөліктерінде дыбысы қатты емес, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 30-32 рет, жүректің ырғағы аритмиялық, тондары тұйықталған. Пульсі аритмиялық, қатты, толық. Артериалды қан қысымы - 180/95 мм с.б. Қан анализінде гемоглобин - 142 г/л, эритроциттер - 3,8 х 1012/л, лейкоциттер - 8,0 х 109/ л, ЭТЖ - 18 мм/сағ, холестерин - 8,0 ммоль/л, қант - 4,6 ммоль/л.

  1. Болжамды диагнозы: жиа. Кернеулі стенокардия. Артериалды гипертензия. Гипертониялық криз. Ж iiв

  2. Қосымша зерттеу жоспары:

  • Коагулограмма

  • Кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясы

  • Көз түбі

  • ЭКГ ЭХО КГ Бауырды УДЗ

    3. Емдеу жоспары: №10 диета, наркотикалық анальгетиктер, нитраттар, ААФ тежеушілері, зәр айдайтын дәрілер, дезагреганттар, антикоагулянттар.

    3. Науқас 30 жаста, бірнеше жыл бойы дем шығаруы қиындықпен жүретін демікпе, жабысқақ қақырық бөлінетін жөтел мазалайды.

    Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық, науқас орындықтың шетіне сүйеніп отырады, қашықтықта науқастың кеуде торынан алыстан сырылдар естіледі. Бетінің терісі көгерген күйде.Терісі ылғалды. Кеуде торы төменгі-бүйір бөліктерінде кеңейген. Аускультацияда: өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет. Артериалды қан қысымы - 120/80 мм с.б. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, пульсі минутына 98 рет.

    Қан анализінде: гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 10х109/л, эозинофилдер – 9%, ЭТЖ - 21 мм/сағ. Қақырық анализінде - Куршман спиральдары, Шарко - Лейден кристалдары, эозинофилдер анықталды.

    1. Болжамды диагнозы: Бронхиалды астма, атопиялық варианты, өршу сатысы Тыныс жетіспеушілігі II

    2. Қосымша зерттеу жоспары: