Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_var_2.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.45 Mб
Скачать

Қысқы кезең үшін маршрут дайындығының қорытындысы бойынша жұмыстың актісі құрастырылады (7 қосымша).

2. Қар өлшеу маршруттары

2.1 Жер беті қар өлшеу маршруттарын ұйымдастыру

Жер беті қар өлшеу маршруты барлық көктемдік-жаздық қар еру аймақтар биіктігі бойынша бақылауларды қамту қажет және бассейндегі қардың жиналуы дұрыс сипатталуы қажет. Егер тау өзендерінің кең бассейндерінің жекелеген бөліктері өзінің сипаты бойынша біраз ерекшеленілсе онда маршрут қары көп жиналған далаларда орналасады. Жер маршрутының ұзындығы мен қар өлшеу жұмыстарының көлемі атқарылған жұмыс есебімен бір аптадан аспаған уақытта анықтайды. Автокөлікті қолданумен автокөлік жолын жағалай маршрутты ұйымдастырған кезде маршрут ұзындығы жүздеген км жетуі мүмкін, ал көрші қар пунктерінің арасы 5-10 км. Маршрутта қар өлшеу пунктерінің саны техника қауіпсіздігінің ережесінің талаптары және аймақтың өтімділігін ескере бассейн биіктігінің диапазонына тәуелді. Көрші қар өлшеу пунктер арасындағы биіктік айырмашылығы 150 метрден кем болмау керек, ал олардың ара қашықтығы 5 км. Қар өлшеу пункті болып белгіленген нүктелерде қар жамылғысының биіктігі мен ондағы су қоры өлшенілетін нүкте алынады. Бір орында бақылауларды тұрақты қайталау қар қоры мен қар биіктігінің бір жылдағы өзгерісін және жылдан жылға ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.Бірінші нөмір таудан шыға берістегі өзенде орналасқан төменгі қар өлшеу бекетін иеленеді (тұйықтаушы жармада). Егер осы биіктікте тұрақты қар жамылғысында болмаса, онда бірінші қар өлшеу пункті өзен ағысынының бойынша жоғары орналасады. Әр қар өлшеу пункті (ортаңғы және шеткі өлшеу нүктелер) аймаққа белгілермен, тасты турлармен, жарларда немесе ағаштардағы жазбалармен бекітіледі.

Қар өлшеу пункті орманды далаларда, өзенді алқаптарда, жайылмалы терассаларда, бөктердің тегіс аудандарында, аңғарлардың жайпақ бөктерінде, үстірт тәрізді беттіктерде, сонымен қатар қар жамылғысы тегіс жататын жерлерде өлшемі 20 метрден 50 метрге дейін көлденеңнен немесе әлсіз қиғашталған жерлерде орналасады. Қар өлшеу пунктері үшін аудандарды таңдаған кезде қарқынды желді қарлары қайта бөлінген жерлерден алыс орналасу қажет (су айыратын тарақтар, жіңішке аңғарлар); табиғи қар жатыстары шаруашылық әрекеттердің, тау көшкінінің жүрулерінен және су басуға шалдыққан жерлердің әсерінен бұзылған ол жерлер жарамсыз алаңдар болып табылады. Орманды аудандарда қар өлшеу пунктерінің алаңы орман жиектерін жұлу қажет, орманның үш есе биіктігінен. Алаң беті барынша тегістелген және тастан, төмпешіктерден, құлап қалған ағаштардан босатылған болуы қажет, сызық өлшемдері бұталардан, шөптерден тазартылған болу қажет.

2.2 МАРШРУТТЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАБУ

Маршрутты әр түрлі өзгерте беру дұрыс емес, өйткені олар алдын ала және одан кейін жүргізілген өзгерістерден шыққан қорытындылардың салыстыруларын қиындатады. Сондықтан өзгерістер (бақылау пунктінің орын ауыстыру немесе жабылуы) өлшем материалдарының талдауларынан кейін жүргізіледі. Маршруттың жабылуы гидрологиялық болжам басқармасының негізді ұсыныстары бойынша оның ашылу уақыты кем дегенде үш жыл толғаннан кейін ғана болады.

2.3 ЖЕР БЕТІ ҚАР ӨЛШЕУ МАРШРУТТАРЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ӨНДІРІСІ

Қар өлшеу маршруттарындағы далалы жұмыс түрі:

1-ҚӨП қар жамылғысының биіктігін және сулылығын анықтау.

ҚӨП қар биіктігі дәлдігі 1 см болатын жылжымалы қар өлшеу төрткілдешімен 20 нүктеден өлшеніледі. Көрші нүктелердің ара қашықтығы 2-5 метрді құрайды, алаңның көлеміне байланысты. Өлшеу нүктелерін екі қиылысатын сызықтардан алыс орналастыру қажет; егер алаң пішіні осылай орналаспаса, онда алаңдарды басқалай орналастыруға болады (1,2,3,4 сурет).

Қар өлшеу пунктерінің сызбанұсқасы

Қар жамылғысының сулылығын өлшеу (қар қорын) таразы қар өлшегіш ВС-43 көмегімен жүргізіледі. Қар жамылғысы биік және бірқалыпты стратиграфия болғанда құрама қар өлшегіш Косарев М-78 қолданылады. Егер қар жамылғысында мұзды қабықшалар және қопсытудың көкжиегі болса, онда құрама қар өлшегішті қолданбайды, себебі осындай стратиграфияда өлшенген қар құрамының тығыздығы сәйкесінше төмен болады.

ҚӨП сулылықты өлшеу келесідей:

  • қар биіктігі 60 см дейін болғанда 3 нүктеден

  • қар биіктігі 60-100 см болғанда 2 нүктеден

  • қар биіктігі 100 см жоғары болғанда 1 шурфадан (оның 3 қабырғасынан)

  • қар биіктігі 5 см төмен болғанда ҚӨП өлшенбейді

Қар жамылғысының сулылығы – бұл су қабатының биіктігі (мм), ол қар жамылғысы толық ерігенде қалыптасады. Таразы қар өлшегіштер шурф қазуларынсыз жалпы сулылықты және қарлы қалыңдықтың орташа тығыздығын немесе қажетті қалыңдықтың жекелеген қабаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Қар жамылғысына қар өлшегіш тігінен орнатылған кезде қар өлшеу таразыларының сызғыштары бойынша сандық мәннің санаулары сулылық қабатына тең (миллиметрде), одан қар сынамаларын алады. Егер қар тығыздығының әр қабатын зерттеу керек болса, шурфты қазады және қар өлшегіштің цилиндрін қарға көлденеңнен кіргізе сынамалардың оның қабырғасынан алады. Қар тығыздығы бұл – сынама салмағының оның көлеміне қатынасы. Өлшеулердің және бақылаулардың мәліметтерін КС-1 дала кітапшасына енгізеді. Кітапшадағы барлық жазбаларды қара қарындашпен анық және дәлірек жазады. Қате жазбаны бір сызықпен сызады және оның қасына дұрыс жазбаны жазады.

2 - мезгілдік қарлы шекара биіктігіне бақылау

Қарлы және қарсыз кеңістікті анықтайтын қарлы шекара бар. Мезгілдік қарлы шекара (МҚШ) кей уақыттарда жинақтау-абляцияның нөлдік балансының деңгейін анықтайды. Мезгілдік қарлы шекараның биіктігін анықтау өзен бассейнінің қар жамылғысының ауданын бағалауға, қар еру жүрісін және қар өлшеу жұмыстарына қажетті қосымша ұсынуға мүмкіндік береді. Маршруттағы мезгілдік қарлы шекара биіктігін дәлдігі 100 метрге дейін болатын атақты бағдары бойынша анықтайды. Төменде кесте толтыру нұсқасы келтірілген – Н мқш және 1 сурет.

Мезгілдік қарлы шекараның биіктігі

Күні

Күні

Күні

северная экспозиция

28.12.09

тұтас

тұтас

тұтас

29.01.10

тұтас

3000

тұтас

28.02.10

1500

3500

тұтас

30.03.10

1800

3800

1000

29.04.10

2800

2500

30.05.10

3400

3200

Сурет 1

3 маршруттағы көшкіндерді тіркеу

Таулы аудандарды игерген кезде барлық таулы аудандарда кездесетін қар көшкіндерімен үнемі соқтығысады. Қар көшкіндедің көлемдері әр түрлі болуы мүмкін: үлкен емес көшкіндерден апатты қар опырылуларға дейін, бұл үлкен ауданды қамтиды және бірнеше киллометрге созылатын жолды алады. Көшкін қимылының жылдамдығы өте кең ауқымда құбылады: әдетте көшкін 10-20 м/с жылдықпен жылжиды, құрғақ тозаңды көшкіндер 100 м/с дейін. Көшкіндердің қирату күші оның жылдамдығына, тасымалданатын қар салмағына және оның тығыздығына байланысты болады. Ондаған метр бөктер бойымен жүрген шамалы көшкін де қирату әрекетін тудыра алады. Үлкен көшкіндер өте күшті қирату күштеріне ие, олар жолдарды жауып тастайды, ормандарды жояды, өзендерді бөгелтеді, құрылыстарды және инженерлі ғимараттарды үлкен материалды залалдармен келтіре қиратады. Жиі көшкіндер адам құрбандарын алып келеді. Бөктердің морфологиясына тәуелді қимыл сипаты бойынша көшкіндердің үш сипатын ажыратады: қар жиналу, жаймалы және секіретін көшкін.

  • Қар жиналу қар көшкіндерінен көрсетіледі, нақты басы мен ағыны болмайды, өзінің ауданын қамтыған барлық ені бойынша сырғанайды.

  • Жаймалы көшкін (1-ші сурет)ағынның нақты арығы немесе көшкінді жаймалы бойынша жылжиды. Жаймалы болып бөктер бойынша төменге түскен жыра немесе мүжілген атыздар болуы мүмкін. Лоткадан шығып түзу жерге келгенде және тоқтай көшкін өз жолының соңында шығару конусы құрастырылады.

  • Секіретін көшкін ағын арнасында тіп-тік қабырғалар немесе күрт құлама пайда болатын аумақтағы лотковалардан пайда болады. Секіретін көшкіндердің жылдамдығы жоғары, ал олардың құлаулары көбінде ауа толқындарымен сүйемелденеді.

Олардың қарларынан құралған сипаттарына тәуелді барлық көшкін түрлері құрғақ, ылғалды немесе сулы болуы мүмкін. Олардың қозғалыстары қар бойынша, ауа бойынша, топырақ бойынша болады немесе аралас сипатта болады.

Көшкіндердің пайда болу мүмкіндігі қар жиналуға және бір жақтан ауа райының жағдайларына тәуелді болады, ал басқа жағынан рельеф шарттарына және бөктердің төселме беттігіне тәуелді болады. Шешуші мәні бөк құламалылық болып табылады. Бөк құламалылығы 150 кем болғанда бөк дерлік көшкін қаупі жоқ болып табылады. Көбінде көшкіндер бөк құламалылығы 25-тен 550 аралығында қалыптасады. Тіп-тік бөктерде қар көшкін пайда болулар аз болады, себебі мұндай бөктерде көп қар жиналулар болмайды олар қар түскенде түсіп қалады.

Көшкіндер туралы жалпы ақпараттар КС-1 дала кітапшасының арнайы бөліміне енгізіледі.

Сурет 1

4-қар жамылғысының мінездемелеріне сипаттама

Қар өлшеу маршруттарының жұмыс тәжірибесінде келесідей қар жамылғысының мінездемелері қолданылады.

Қар ылғалдылығының шәкілі

Құрғақ

-қар түйірлерін жасауға әрекет жасаған кезде жабысуға аз үрдісі болады

Ылғалды

-жайлап қысу, қар анық жабысады, бірақ су үлкейткіш әйнек астынан байқалмайды.

Дымқыл

-суды түйір арасындағы мениск бойынша ажыртуға болады, бірақ біркелкі қарды қысқанда қолда су тамшыламайды

Өте дымқыл

- бірақ біркелкі қарды қысқанда қолда су тамшылайды, бірақ қар массасының ішінде ауаның айқын саны қалады

Қар тығыздығының шәкілі

Қар

Тығыздығы

Тығыздықты анықтау үшін сынақ

Өте жұмсақ

0,05 аз

Қарға жұдырыққа қысылған қол оңай кіреді

Жұмсақ

0,05-0,5

Бірге қысылған төрт саусақ оңай кіреді, бірақ жұдырық кірмейді

Орташа тығызды

0,5-2,5

Оңай 1 саусақ кіреді

Тығызды

2,5-10

Саусақ кірмейді, бірақ оңай ұшталған қарындаш кіреді

Өте тығызды

10 көп

Тек пышақтың жүзі кіреді

Қар құрылымын қар түйірлерінің өлшемі мен пішіні кіреді, әр түрлі көмбе қабықшалар сипатталады, сонымен қатар қардың тығыздығы мен ылғалдылығы көрсетіледі.

Қар құрылымы

Графикалық белгілері

Графикалық белгілері

Графикалық белгілері

Графикалық белгілері

* * * * *

ЖТ

Жаңа түскен

Кристаллдардан немесе олардың сынақтарынан тұратын қар

║║║║║

Ш

Шөкпе

Қар бастапқы шөгу сатысында, бұл кезде кристаллды құрылымдардың біраз кесіндері сақталған

• • • •

ҰТ

Ұсақ-түйірлі

Өлшемі 1 мм дейін болатын түйірден тұратын қар

○ ○ ○

ОТ

Орташа- түйірлі

Өлшемі 1-3 мм аралығында болатын түйірден тұратын қар

● ● ●

ІТ

Ірі- түйірлі

Өлшемі 3 мм жоғары болатын түйірден тұратын қар

Δ Δ Δ

ТМ

Терең мұздақ (қырау)

Бір бірімен әлсіз жалғасқан бос бокал тәрізді кристаллдар

═══

ҚҚ

Қарлы қабықша

Желдің, температураның және т.б. ықпалынан құралған тығызданған қар қабаты

▬▬

МҚ

Мұзды қабықша

Қар еру, қарға жаңбырдың түсу кезінде құралған мұз қабаты

Ñ Ñ Ñ

Бет.қырау

Беткі қырау

Тұман бөліктерінің конденсациясы кезінде қалыптасқан беттік үстіндегі кристаллдар

5 - көзбен шолып байқау:

- барлық маршрут және ҚӨП бойынша қар жамылғысына

Қармен бүркену дәрежесін­ суреттеу

-тұтас қар жамылғысы,

-жекелеген жалаң жерлері бар қар жамылғысы,

-жекеленген қар арты,

-қар жоқ

Қар жамылғысының біркелкілік дәрежесі

-біркелкі

-біркелкі емес

Қар жағдайы:

-борпылдақ

-тығыз

-қатып қалған

-қарлы қабықша

Қар жатуларының сипатында күрт өзгерістер кездеседі

(кесек қар, тасындылар, опырылулар, көшкіндер)

-өзен жағдай (мұздың болуы, анжыр, мұздың шегі, қызылсу мұзы және т.б.)

-ҚӨП-дегі топырақ жағдайы (құрғақ, ылғалды, қатқан)

6 – ауа-райына метеоролгиялық бақылау

-бақылау уақыты жазылады,

-ауа температурасы,

-жел (компас бойынша бағыты, сезу бойынша күші)

-бұлттылық (балл)

атмосфералық құбылыстар (боран, тұман, жауын-шашын).

КС-1 дала кітапшасын толтыру үлгісі

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

КС-1 дала кітапшасы

КС-1

қар өлшеу түсірмелері

Оба қар өлшеу маршруты

Басталды

25 желтоқсанда

2010 ж.

Бітті

28 желтоқсанда

2010 ж.

Жасақ құрамы

Жерехов К.П

Фомин В.И.

БӨЛІМ 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]