- •Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша нұсқау алматы 2012
- •1. Жалпы ережелер
- •Қысқы кезең үшін маршрут дайындығының қорытындысы бойынша жұмыстың актісі құрастырылады (7 қосымша).
- •2. Қар өлшеу маршруттары
- •2.1 Жер беті қар өлшеу маршруттарын ұйымдастыру
- •Акттер үшін
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Көшкіндерді тіркеу
- •Раздел 8
- •Қар жамылғысына көзбен шолып байқау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Телеграмма үшін
- •Есеп бойынша қорытынды
- •Маршрутты қар өлшеу үшін код
- •1Ддll ппnnк ннннк ssssк
- •3. Қар өлшеу маршруты
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Актер үшін
- •Есеп бойынша қорытынды
- •4. Авиациялық қар өлшеу маршруттары
- •25 Желтоқсанда
- •26 Желтоқсанда
- •Мезгілдік қарлы шекараның биіктігі
- •Қашықтықтық төрткілдеш бойынша
- •Есеп бойынша қорытынды
- •5. Бақылау материалдарын өңдеу
- •6. «Таудағы қар жамылғысының және жауын-шашын бақылауларының материалдары» жылнамасын дайындау және шығару
- •7. Қар өлшеу маршруттарын тексеру
- •8. Қар өлшеу жұмыстарын жасаған кезде қолданылатын аспаптар мен құралдар
- •Таудағы қар өлшеу жұмыстары
- •Ат көлігін қолданған кезде
- •Қосымша Қосымша 1 казгидрометтің қар өлшеу бөлімдері үшін қорғаныш құралдарының, жабдықтардың және арнайы киімдердің
- •Қр қоршаған орта министрлігі «қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- •Мазмұны
1. Жалпы ережелер
Таудағы қар өлшеу түсірмелері таулы бөліктердің өзендік бассейндерде қар қорын анықтау үшін жасалынады, ал үздіксіз қар өлшеу түсірмелерін қайталау осы қорлардың өзгерулерін қадағалауға мүмкіндік береді. Барлық барлаушылық және ұйымдастыру мәселелері қар өлшеу партияларының (бөлімнің) бастығына немесе оның орынбасарына міндеттеледі. Қар өлшеу маршрутына кірісе, алдымен алдына қойған міндеттерді анықтау қажет. Маршруттарды таңдау Қазгидрометтің гидрологиялық болжам басқармасының тапсырмасы бойынша жасалынады және ең алдымен ағын және су тасқынының деңгейін (құрастыруды жобалау) болжайтын өзендер бассейні үшін. Одан әрі осы бассейн бойынша барлық қатысты материалдарды оқу қажет (физика-географиялық сипаттама, сурет және картографиялық материалдар). Осыдан кейін аудан аймаққа тікелей зерттеледі – бассейннің қол жетімділік деңгейі анықталынады, бақылау пункттері үшін аудандармен маршрут таңдалынады (жер беті қар өлшеу пункті, десанттық қар өлшеу пункті, аэро қар өлшеу пункті, жиынтық жауын-шашын өлшегіш, қашықтықтық төрткілдеш) және үйшік-пана құрылғы үшін орын. Даланы барлау уақытында маршрутты ұйымдастыру үшін қарастырылған ауданның мәселелері нақты шешіледі. Маршрутқа келесідей техникалық істен тұратын құрастырылады: дәлдігі 10 м дейін болатын теңіз деңгейінен биіктігін анықтаумен бақылау пункттерінің куәліктерінен (3,4,5 қосымша), бассейннің физика-географиялық сипаттамасы, бақылау пунктері (7 қосымша) мен пана енгізілген карта сұлбалар (8 қосымша). Барлық бақылау пунктерінде (ҚӨП, ЖЖӨ, ҚТ, АҚӨП, ДҚӨП) маршрутта барлық бақылау уақытында біріңғай нөмірлер иеленеді. Ашық маршрутқа ГМ-6 формасындағы акт жасалынады (2 қосымша).
Қар өлшеу маршруттары бақылау пунктерінің қатарын қосады (ҚӨП, ЖЖӨ, ҚТ, АҚӨП, ДҚӨП), ал жұмыстар кемінде 2 адам болатын тұрақты қар өлшеу жасақтарынан жүргізіледі.
Ерекше қиын жаяу маршруттарында, қары көп аудандарда (қар жамылғысының биіктігі 200 см көп болғанда) немесе мұзды аудандарда – 3 адам. Қар өлшеу ұзақтығы әр маршрут үшін жұмыс көлемін, қозғалу әдісі және аймақтың табиғи ерекшеліктерін ескере нақты анықталады. Маршрутқа шығу уақыты жұмыс уақытының бітуімен және айдың соңғы күні гидрологиялық болжам бөліміне ақпаратты беру есептерімен анықталады. Маршрут ұзақтығы кезінде күн соңында қайту мүмкіндігі ерекше болатын немесе Қазгидрометтің елді мекені қажетті қар өлшеу жасағы түнеу үшін қажетті үйшік-пана санын және оларды құрастыруға міндетті (8 қосымша). Пана міндетті түрде маршрутқа жақын болуы қажет және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталу қажет (ін, ара, балта, күрек, ыдыс-аяқ).
Маршруттағы далалық жұмыстарды атқарғанда қатысатын барлық қызметкерлер кәсіпқой жарамдылығы туралы жыл сайынғы медициналық куәлікті міндетті түрде өтулері қажет. Дәрігерлік қорытындылар қауіпсіздік техникасына жауапты тұлғада немесе кадр бөлімінде сақталуы тиіс. Жыл сайын техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілуі қажет, ал қызметкердің жоспарлы дала жұмыстарын жасау үшін әр маршрутқа шығуы дала кітапшасында актпен толтырылады. Барлық қызметкерлер жұмыс берушімен сақтандырылуы қажет.
Жыл сайын көктемгі уақытта қысқы кезең үшін маршрутқа келесі іс-шараларды орындаумен дайындық жұмыстары жүргізіледі:
аймаққа қар өлшеу пункттерін белгілеу (кішкене белгі, саяхаттар мен және т.с.с.) және өлшеу сызықтарын тазалау;
жиынтық жауын-шашын өлшегішті бояу және тазалау, майын ауыстыру;
қашықтықтық төрткілдешті жөндеу және бояу;
аспаптар мен жабдықтардың дұрыстығын тексеру;
- үйшік-паналарды жөндеу және оған қажетті заттармен толықтай қамтамасыз ету;
- атты маршруттағы жемді дайындау;
- жыл сйынғы медициналық тексеруді және ҚТ ережесі бойынша ағымдағы нұсқамадан өту.
