- •Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша нұсқау алматы 2012
- •1. Жалпы ережелер
- •Қысқы кезең үшін маршрут дайындығының қорытындысы бойынша жұмыстың актісі құрастырылады (7 қосымша).
- •2. Қар өлшеу маршруттары
- •2.1 Жер беті қар өлшеу маршруттарын ұйымдастыру
- •Акттер үшін
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Көшкіндерді тіркеу
- •Раздел 8
- •Қар жамылғысына көзбен шолып байқау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Қар жамылғысына көз мөлшерімен бақылау
- •Телеграмма үшін
- •Есеп бойынша қорытынды
- •Маршрутты қар өлшеу үшін код
- •1Ддll ппnnк ннннк ssssк
- •3. Қар өлшеу маршруты
- •Жұмыс күнделігі және ауа-райы
- •Актер үшін
- •Есеп бойынша қорытынды
- •4. Авиациялық қар өлшеу маршруттары
- •25 Желтоқсанда
- •26 Желтоқсанда
- •Мезгілдік қарлы шекараның биіктігі
- •Қашықтықтық төрткілдеш бойынша
- •Есеп бойынша қорытынды
- •5. Бақылау материалдарын өңдеу
- •6. «Таудағы қар жамылғысының және жауын-шашын бақылауларының материалдары» жылнамасын дайындау және шығару
- •7. Қар өлшеу маршруттарын тексеру
- •8. Қар өлшеу жұмыстарын жасаған кезде қолданылатын аспаптар мен құралдар
- •Таудағы қар өлшеу жұмыстары
- •Ат көлігін қолданған кезде
- •Қосымша Қосымша 1 казгидрометтің қар өлшеу бөлімдері үшін қорғаныш құралдарының, жабдықтардың және арнайы киімдердің
- •Қр қоршаған орта министрлігі «қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- •Мазмұны
8. Қар өлшеу жұмыстарын жасаған кезде қолданылатын аспаптар мен құралдар
ВС-43 қар өлшегіш таразы (сур.1,3) қар өлшеу жұмыстарын жасаған кезде қар жамылғысының сулылығы мен тығыздығын анықтау үшін арналған. Жинаққа цилиндр, таразы және күрек кіреді. Цилиндр биіктігі 60 см, сынамаларды ыңғайлы алу үшін цилиндрде сантиметрлік бөліктері түсірілген. Таразыларда максималді 300 мм болатын бөліктер түсірілген. Цилиндр мұқият қар қалыңдығына бұрап кіргізеді, одан кейін қар сынамасын өлшеу жұмыстары жасалынады. Одан кейін кесте немесе формула бойынша қар тығыздығы анықталады.
ВС-43 Әрекет қағидасы
Қар өлшегіштің негізгі бөлігі – қима ауданы 50 см2 болатын ара тәрізді шеті бар қуыс цилиндр, ол өлшеу жұмыстары кезінде тіп тік төселме қабатпен жанасқанға дейін қарға сұғады, одан кейін кесілген қар бағанын цилиндрмен бірге шығарады. Одан кейін алынған қар сынамасын қар өлшеу құрамына кіретін таразыға өлшейді. Қар жамылғысының сынамасының көлемі қар өлшегіштің құбырының көлденең қимасын кесілген қар бағанының биіктігіне көбейтумен анықталады. Сынама массасын оның көлеміне бөлсе ізделіп отырған қар тығыздығын алады.
ВС-43 қар өлшегішінің техникалық сипаттамалары
Қар өлшегіштің өлшеу диапазоны:
сынама массасы .........................................................5-1500 г
сынама бағанының ұзындығы..................................30-600 мм
Өлшеудің рұқсат етілген қателігі :
сынама массасы.........................................................±5 г
сынама бағанының ұзындығы.................................±10 мм
қар өлшеу трубаларының қабылдау ауданы .......50 см2
5000 өлшеу үшін тоқтаусыз жұмыстың ықтималдылығы..... 85%
Қар өлшегішт қызметінің орташа қызмет көрсету уақыты.....8 жыл
Пайдалану шарттары
Қоршаған ауаның температурасы.........................-60 тан 50оС дейін
Салыстырмалы ауа ылғалдылығы..............................98% дейін
Қар өлшегіштің габаритті көлемі ...........................710*150*150
Қар өлшегіштің салмағы.....................................................3,0 кг
ВС-43 қар өлшегіші Мемлекеттік тізілімге енгізілген
өлшеу құралдары 22529-02 нөмірінде және RU.C.28.004F №11777 куәлігі бар.
М-78 Косарев құрама қар өлшегіші қардың сулылығы мен тығыздығын анықтауға негізделген, сонымен қатар қар жамылғысы биік болған жағдайда шурфты қазбай ақ қардың құрылы анықталады. Құрама қар өлшегіш қар қалыңдығы бір қалыпты болған кезінде қолданылады. Егер қар жамылғысында мұз қабыршақтары, қатты «қар тақтайшасы» және қопсыту шеттері болса (әлсіз байланысқан борпылдақ қар), онда құрама қар өлшегіш қабылданбайды, себебі осындай жағдайларда өлшенген қар қоры (оған қоса тығыздық) көбінде азайтылған болып табылады.
Қар өлшегіш төрт дюралді цилиндрлі шығанақтан, иінтіректі таразыдан, салмаққа қарсы салмақтан, өлшеу үшін ұстағыштан, цилиндрді қарға бұрап қатайтатын тұтқадан тұрады. Қарсы салмақтардың саны шығанақтарсанына тәуелді болады. Кесік ұзындығын және қабырға қалыңдығы 3 мм болғанда 49мм-лі ішкі диаметрді есептемегенде әрбір цилиндрлі шығанақтардың ұзындығы 800 мм құрайды. Шығанақтар біріккен жерлерде сырты диаметрдің ұзындығы 60 мм дейін ұзартылады. Әрбір шығанақ мөлдір плексигластан жабылған көлемі 60-10 мм болатын 13 ұзына бойлы терезеден тұрады. Терезе құбырлардың екі жағында орналасқан (бір жағында 6 терезе, екінші жағында 7 терезе), сол себепті бір жақтың әрбір терезесі қарсы беттің терезелері арасындағы аралыққа қарсы орналасады. Терезелер алынған сынамадағы қар жамылғысының құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді. Шығанақтарды бұрғылағанда жайлап қолмен жасау керек. Бұрап шығарған кезде кілтті пайдалануға болады, шығанақтың беткі қалыңдатылған бөлігінің тереңдігіне қойылатын тіс. Шығанақтардың байланысу тәртібін қар жамылғысының биіктігін анықтау үшін шкалалар бойынша оңай анықтауға болады (сантиметрмен). Әрдайым барлық төрт шығанақты құрастыра берудің қажеті жоқ.
Олардың қажетті саны өлшенетін қардың биіктігіне тәуелді болады. бірінші шығанақпен қар биіктігі 80 см дейін болған кезінде қолдануға болады, екі шығанақпен – биіктігі 160 см дейін болған кезде, үш шығанақпен – 240 см дейін, төрт шығанақпен – 320 см дейін. Бірінші шығанақтың төменгі жағында қар жамылғысын кесуге арналған болатты конус формалы тісті ұш бұрап кигізілген. Ұштың ішкі диаметрі 46,1 мм. Қабылдау тесігінің ауданы 16,7 см2, яғни ВС-43 қар өлшегіш саңылауының ауданынан 3 есеге кіші.
Соңғы жинақталған шығанақтың үстіңгі бөлігіне тұтқасы бар қақпақ бұрап кіргізіледі. Осымен қар өлшегішті жинау жұмысы аяқталады. Сынама алмас бұрын қар өлшегіш өлшеніледі. Өлшеу үшін қарапайым қар өлшегіщтің ВС-43 иінтіректі таразы қолданылады. Таразыны қолға ұстауға болады, дегенмен жұмысты ыңғайлату үшін қар өлшеу төрткілдештеріне немесе шаңғы таяқтарына іліп қойса болады. Өлшеу үшін қар өлшегіш таразы ілгектеріне кигізілетін арнайы сымды асқыштарға көлденең қояды. Бос қар өлшегіштің салмағын жазып (таразы сызғышының бөліктеріне), оны таразыдан түсіру қажет және сынама алу үшін ұшы жерге тигенге дейін тігінен қарға тығу керек. Қар өлшегіш шәкілі бойынша қар жамылғысының биіктігін есептеу, одан кейін жер сынамасын алу үшін қар өлшегішті топыраққа шамалы итеру керек (2-3 см), ол алынған қар сынамасын кері себіліп қалудан ұстайды, одан кейін қардан аспапты суырып шығару керек. Суырылып алынған қар өлшегішті жабысып қалған қар мен опырақтан тазарту керек. Қар жамылғысының құрылысын қар өлшегіштің терезеден бақылайды. Жекелеген қатарлардың қалыңдығын анықтаған кезінде кесіліп алынған сынамадағы борпылдақ қардың кейбір сығуларының мүмкіндігіне көңіл аудару керек. Қар жамылғысының құрылысын сипатталғаннан кейін қар өлшегішті жер тығындарынан кетіру үшін қар өлшегішті көлденең орналастырылады (сонымен бірге оның қалыңдығы анықталады, егер бұл қар жамылғысының биіктігін санау үшін керек болса). Сынама толықтай кетірілгеннен кейін, қар өлшегіш таразыға қойылып өлшеніледі. Алынған салмақты жазғаннан кейін (таразы сызғышының бөліктері) бастапқы бос қар өлшегіштің салмағын азайту керек.
3-ке көбейтілген таразылар айырмашылығы су қабатының миллиметрмен көрсетілген қар жамылғысының сулылығын береді. Егер қары бар аспап салмағы қар өлшегіш үшін тым үлкен болса, онда сызғыштың ұшын йығының соңына кигізілетін қосымша гірді қолдану керек. Гір алдын ала тазартылған болу керек. Сонымен қатар қар өлшегішті бөліп таразылауға да болады. Сынаманы өлшегеннен кейін қар өлщегіш қардан жақсы тазартылады және келесі сынаманы алу алдында бос түрінде өлшеніледі.
Қар өлшегіштер
Тасымалды қар өлшегіш төрткілдештері М-104. Қар өлшеу пунктеріндегі қар биіктігін анықтауға арналған. Әдетте бөлігі 2 см болатын 180*4*2 см өлшемді ағаш (сурет 1) немесе дюральді (сурет 2) төрткілдештер қолданылады. Қары көп аудандарда ұзындығы әр түрлі болатын төрткілдештер қолданылады (6 метрге дейін), онымен қоса дюральді пішінді жинаомалы).
Қашықтықты қар өлшегіш төрткілдештері (Аэро көзбен өлшеу) (сурет 3). 6-10 см-лі металды бұрыштан немесе швеллерден жасалынады. Олардың биіктігі қар биіктігіне байланысты 2 метрден 4 метрге дейін өзгеруі мүмкін. Көлденең тақтайшалар өлшемі 100*300*4 мм болатын темір жапырақшаларынан жасалынады. Бір метрден кейін тақтайшалр орнатылады 100*600*4 мм. 3 метрлік төрткілдештер топыраққа 80 см кіргіщіледі, 4 метрлік төрткілдештер 1 метрге кіргізіледі.
Қар өлшегіш төрткілдештері
Жиынтық жауын-шашын өлшегіштерін мезгілдік жауын-шашынды анықтау үшін қолданылады (ай, мезгіл, жыл). Жауын-шашын өлшегіш келесідей негізгі бөліктерден тұрады:
Нифер желдік қорғаны
құбыр қабылдағышы
үстіңгі және астыңғы конус
тірек
Қазіргі таңда жиынтық жауын шашын өлшегіштің екі құрысы қолданылады – ОСК-2 (1 сурет) және М-70 (2 сурет). Жауын-шашын өлшегіштің құбыр қабылдағышының саңылауының ауданы 500 см2 құрайды, ал өлшенілетін жауын-шашынның мөлшері сәйкесінше 1200 және 1500 мм дейін. Жиналған жауын-шашындар аспапқа құйылатын минералды қабат майының булануынан жақсылап қорғанылады (200-500 мл ұршықты, вазелинді және т.б.). Жауын-шашын өлшегіштер ұзақ жыл жұмыс жасауға есептелінген (8 жыл).
Сурет 1. Жиынтық жауын-шашын өлшегіш ОСК-2
Сурет 2. Жиынтық жауын-шашын өлшегіш М-70
9. Тауда қар өлшеу бақылаулары мен жұмыстарын жасаған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша ережелер.
Жалпы талаптар
1. Қар өлшеу жұмыстарына қатысатын барлық қызметкерлерде биік таулы аудандарда жұмыс жасауға болатыны жайлы медициналық комиссиның рұқсатнамасы болуы қажет және міндетті түрде мемлекет атынан сақтандырылады.
2. Таудағы қар өлшеу жұмыстарына кіру рұқсаты 18 жасқа толмаған балаларға тыйым салынады.
3. Қар өлшеу жұмыстарына қатысатын барлық қызметкерлер техника қауіпсіздігін білуі және соны сақтауы қажет. Ережелерді оқу және тәжірибелік үйренулер ТҚ ережелерін сақтауға жауапты қызметкер басшысымен бірге іске асырылады. Білімді тексеру жыл сайын жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.
4. Барлық жұмысшылар сәйкес мезгілдің нақты жағдайларына тәуелді киіммен, аяқ киіммен, арнайы жабдықтармен, медициналық дәрі қобдишаларымен және жеке қорғану құралдарымен толықтай қамтамасыз етілуі және міндетті түрде оларды қолдануы қажет.
5. Қар өлшеу жұмыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жасалынуы қажет.
6. Жоспарларда пунктер мен паналар көрсетілген аудан сызбалары көрсетілген болуы қажет.
7. Барлық қызметкерлер жұмыс жоспарларымен және бақылау пунктерінің, паналардың орналасу аймағымен және оларға қауіпсіз бару жолдарымен танысуы қажет.
8. Түнеу орындарына қараңғы түспей жатып келу үшін маршруттағы жұмыс және қозғалулар есеппен жүргізілуі тиіс. Түнгі уақытта қозғалулап тек кей жағдайларда ғана рұқсат етіледі және аймақты тек жақсы білгенде ғана.
9. Егер төтенше және алдын ала ескерілмеген жағдайлар бойынша қар өлшеу маршруттарының қызметкерлері түнеуге дейін бару жолын жалғастыра алмаса, онда пана тауып, жылыту үшін барлық мүмкіншілікті қолдана және кезек кезек кезекшілік ұйымдастырып түнеуге болады. Пана үшін орынды анықтағанда ол жердің тас, көшкін және селдің жүруінен қауіпсіз болуы қажет.
10. Қатты жел, жауын-шашын, тұман және басқа да қауіпті құбылыстар кезінде қар өлшеу жұмыстарына шығуға рұқсат етілмейді. Көру мүмкіншілігі төмен болған кезінде ауа-райының тез өзгермелілігінде қозғалыстың барынша сақтығын сақтау керек (көшкін қаупі бар аудандардан, жарқабақтардан, күрт жарлардан алысырақ болу), жол бағытын, басқа аудандардың жағдайын көзден шығармай бақылап отыру қажет.
11. Өту үшін қар және мұз көпірлерін қолдану қажет болған жағдайда соңғылар мұқият тексерілуі қажет. Толық қауіпсіздікті қолдана өту қажет, бір бір адамнан, арқанды сақтандыру кезінде басқ аудандар кезінде.
12. Таулы өзендер арқылы өткенде аяқ өткелінің тереңдігін, ағыс жылдамдығын және түп сипаттамаларын ескеру қажет.
13. Қар өлшеу жұмыстарын жасаған кезде спирт ішімдіктерін пайдалануға болмайды, тек медициналық көмек үшін қолдануға болады.
14. Автокөліктерді қолданған кезде автокөліктердің ҚТ сақтау қажет (қарда жүргіш, мотоцикл, автокөлік, трактор). Авиакөліктерді қолданған кезде экипаж мүшелері барлық нұсқау ережелерін орындау қажет.
