Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kaz_var_2.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.45 Mб
Скачать

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ

Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша нұсқау алматы 2012

УДК 551.578.48

ЕНГІЗІЛДІ: «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы

БЕКІТІЛДІ: «Қазгидромет» РМК Бас директорының бұйрығымен

ҚОСЫЛДЫ: Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша нұсқау орнына. РД 52.25.261-90.

Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша нұсқау «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы дайындады және бұл Қазгидромет жүйесінде қар өлшеу маршруттары үшін арналған, дегенмен басқа да кәсіпорындар қолдана алады. Осы нұсқау таудағы қар өлшеу жұмыстарының тәртібін, бақылау түрін және жүргізілетін жұмыстың әдістемесін анықтайды, бақылау материалдарын өңдейді және Жылнама түрінде таралымын көбейтеді.

Осы «жылнама» «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының рұқсатынсыз толықтай немесе жарым-жартылай жаңғыртылуға, таралымын көбейтуге және оны таратуға болмайды.

АЛҒЫ СӨЗ

Бұл Нұсқама қазіргі 1991 ж. РД 52.25.261-90 орнына шығарылады.

Нұсқама «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының Қар көшкінін бақылау және болжау бөлімінің қызметкерлерімен құрастырылды: бөлім бастығы Ю.Боев және жетекші инженерлермен, ғ.к. В.Ждановпен. Бұл Нұсқама Таудағы қар өлшеу жұмыстары бойынша Нұсқама, Гидрометиздат 1958 және Қазгидрометтің Қазақстанның әр түрлі таулы аудандарындағы 1980 жылдан 2010 жылға дейінгі қар өлшеу жұмыстарының тәжірибесін ескере РД 52.25.261-90 негізінде құрастырылған.

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ҚӨП

қар өлшеу пункті

АҚӨП

аэро қар өлшеу пункті

ДҚӨП

десанттық қар өлшеу пункті

ЖЖӨ

жиынтық жауын-шашын өлшегіш

ҚТ

қашықтықтық төрткілдеш

ВС – 43

таразы қар өлшегіш

М-78

құрама қар өлшегіш

ж.ө.с.б.

жаңбыр өлшегіш стақан бөліктері

т.д.

теңіз деңгейімен

қ/ө/м

қар өлшеу маршруты

ж/ө/м

жауын-шашын өлшеу маршруты

о

оңтүстік

с

солтүстік

ш

шығыс

б

батыс

көл.

көлденең

су қ.

су қойма

ө.

өзен

к.

көл

бас.

бассейн

үс.

үстірт

Кіріспе

Таулы аудандарда қар жамылғысы мен жауын-шашынға бақылаулар жүргізу гидрометеорологиялық бақылаулардың негізгі бақылау түрлерінің бірі болып табылады. Атмосфералық жауын-шашынның, ең алдымен қыста тауда түскен және жиналған қарлардың мөлшері өзен сулылығының аз болуына немесе көп болуларына әсер етеді. Сондықтан жауын-шашынға және қар жамылғысына бақылау алдымен ауыл шаруашылығына, су энергетикасына, сумен жабдықтау және тау өзендерін қолданатын басқа да салалар үшін маңызды рөл алатын гидрологиялық болжам және есептер құрастыру үшін қажет. Бұл бақылаулар сонымен қатар тағы таулы аудандардың климатын зерттеу үшін өте маңызды.

Таудағы қар жамылғысын және жауын-шашынды зерттеудің негізгі әдістері: жер үстіндегі және авиациялық маршрутты қар өлшеу түсірмелері, жауын-шашындарды есептеу жиынтық жауын-шашын өлшегіші арқылы жүргізіледі. Қосымша әдістер: мезгілдік қарлы шекаралардың биіктігін, таудағы қар жамылғысының жағдайы мен таралуын көз мөлшерімен бақылау. Қар өлшеу жұмыстарына сонымен қатар қар көшкіндерін тіркеу мен сипаттау кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]