Вариант8
Блок1
1.E 2.C 3.C 4.B 5.C 6.AC 7.C 8.ACF 10.ADH
8) Газдық, газдық емес ацидоз
Бүл ацидоз организмде көмір қышқылы газының (С02) артық жиналып қалғанында дамиды. Сондықтан оны газдық ацидоз дейді. Қанда комірқышқылы газының жиналып қалуы оның организмнен шығарылуы азаюдан немесе оның организмге сырттан дем алатын ауамен көп түсуінен болады. Бүл екі жағдайда тыныс алуға қатысты болғандықтан газдық ацидозды тыныстық ацидоз деп те атайды. Сонымен бүл ацидоз дамуына мына себепкер ыкпалдар әкеледі:
-тыныс алу орталығының тежелуі, өкпенің немесе тыныс жолдарының бүзылыстары, түншығу т. б. дерттер кездеріндегі өкпе желдетілуі азаюы;
-ауасы алмастырылмайтын жабық бөлмеде үзақ болудан немесе терең қүдықтарда, шахталарда жүмыс жасағанда дем алатын ауада С02 тым артық болуы.
Осылардың нәтижесінде қанда С02-ның мөлшері тым көбейеді. Мүны гиперкапния дейді. Егер гиперкапния дем алатын ауамен С02 көп түсуінен дамыса, онда тьшыс алу орталығының қозымдылығы күшейеді, ентік дамиды және С02-ның артығы азды-копті организмнен сыртқа шығарылады.
Ал енді ол тыныс алу жолдары мен өкпенің аурулары нәтижесінде дамыса онда тыныстық ацидозға организм мына жолдармен икемделіп, бейімделеді:
-қандағы артық С02 газы эритроциттерге өтеді. Содан эритроцит- терде карбоангидраза ферментінің қатысуымен көмір қышқылы (Н2С03) қүрылады.Оның ыдырауынан Н+ жөне НС03~ иондарының деңгейі көбейеді. Н+-иондарының артығы эритроциттердің тотықсызданған гемоглобинімен байланысады, ал НС03~ аниондары қан плазмасына шығарылады. Қан плазмасында ас түзы ыдырауы кезінде хлор мен натрий иондары босайды. Босаған натрий иондары қан плазмасында НС03_ анионымен қосылын натрийдің гидрокарбонатын қүрады. Қан плазмасында НС03-анионы көп болғанда натрий иондары басқа тіндерден де босап шығады. Мэселен, сүйектен натрий мен кальций иондары шыға- рылады, олардың орнына Н+ байланысады. Сүйектерде остеопороз дамиды;
-қан плазмасының нәруыздары артық Н+-иондарын байланысты- рып, натрий иондарын босатады;
-бүйрекге фосфатгық буфер екі негіздік натрий фосфатгы (NajHPO^ бір негіздікке (NaH2P04) айналдырып, натрийді босатады. Бүл кезде оның кері қанға сіңірілуі артып, онда гидрокарбонат натрийдің деңгейікотеріледі. Бос қышқылдар мен аммоний түздарымен байланысқан қышқылдар организмнен несеппен сыртқа шығарылады.
Сонымен, газдық ацидоздың теңгерілу жолдары артық көмірқышқыл газын байланыстыруға жөне гидрокарбонатгардың мөлшерін арттыруға багытталады. Осының нөтижесінде көмір қышқылы мен гидрокарбонатгың арақатынасы қалыіпы деңгейде (1:20) үсталып түрады. Осындай жағдайды теңгерілген аццдоз дейді. Ары қарай организмде С02 шамадан тыс артық жиналып қалуынан қанның буферлік қасиеті мен физиологиялық реттеу жолдары таусылады. Қанның реакциясы кышқылдық жаққа ығысады, pH төмендейді, теңгерілмеген ацидоз дамиды. Сонымен теңгерілген ацидоз кезінде рН-тің деңгейі қалышы мөлшерде сақталады, ал теңгерілмеген ацидоз кезінде ол қалыпты мөл- шерінен (7,35-тен) төмендейді
Газдық ацидоз үзақ мерзім сақталса, онда көмірқышқылы газының артықтығы организмде екіншілік бүліністерге өкелуі ықтимал. Бүларға мыналарды жатқызуға болады:
- шеткері тіндерде майда артериолалардың қатты жиырылып қалуы. Осьщан: артериялық қан қысымы көтеріледі, жүрек қызметі ауырлайды, бүйректе несеп сүзілуі азаяды;
- ми тамырлары, керісінше, кеңейеді. Содан бас сүйек ішінде қысым көтеріледі, қатгы бас ауыруы болады;
- кезбе жүйкенің қозымдыльпы жоғарылайды. Сол себепті жүрек соғуы сиреп, ол тоқтап қалу қауіпі туындайды;
- кеңірдекшелердің, әсіресе өзгерген кеңірдекшелердің (созылмалы бронхит, бронхиалық демікпе, өкпе эмфиземасы кездерінде) саңылаулары тарылады;
-кеңірдекшелердің эпителий жасушалары көп түтқыр қақырық шығарады. Оның жиналып қалуы майда кеңірдекшелердің тарылуын одан сайын үдетеді. Осылардың нөтижесінде тыныс алу қиындайды. Қанның оттегімен қанығуы төмендейді. Осыдан гиперкапния мен гипоксия одан сайын күшейеді.
Газдык ацидоз, өдетте, организмде оттегінің жеткіліксіздігімен қа- баттасады. Гипоксияның нәтижесінде зат алмасу үрдістерінің бү- зылыстары дамып, газдық ацидозға метаболизмдік ацидоз қосылады. Бүл ацидоздың теңгерілмеген түріне ауысуын тездетеді.
Газдық ацидозды емдеу ең алдымен өкпеде ауа алмасуын қалпына келтіруге және оның бүзылуын туындатқан себепкер ықпалдарды аластауга бағытгалуы қажет.
