Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камила диплом теория.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

1.3 Бағдарламаны құруға негіздеме

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Республика жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жылдық жүргізілген операцияларды талдау және бағдарламалық қамтамасын құрастыру. Бұл бағдарлама қолданушының зейнетақы туралы мәлімет алуына мүнкіндік береді. Бұл бағдарлама зейнетақы қорының (ЕНПФ) қызметкерлерінің жұмысын неғұрлым жеңілдете түседі. Себебі, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес үш тілде құрастырылған. Бағдарламаның жеңілдіктері жоғарыда аталғандай үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасалған. Бұл бағдарламады барлық ЕНПФ туралы мәліметтер көрсетілген.

Сурет 1.1. Қазақстанның зейнетақы жүйесі

1.4 Бағдарламаны құрастыруға қажетті кірістік мәліметтер

Бағдарламаны құру үшін ең алдымен зейнетақы қоры (ЖЗҚ) орталығына бардым. Ол жерде: қор туралы, салымшыларға арналған ақпарат сақталады екен. Атап айтқанда:

  • Қор туралы;

  • Басқарма төрайымының блогы;

  • Салымшыларға арналған ақпарат;

  • Интернет үзінді көшірме;

  • ЗА бойынша инвеститциялық қоржын;

  • Баспасөз орталықтарының жаңалықтары;

  • Қордың негізгі көрсеткіштері;

  • Сұрақ-жауап;

  • Бейне роликтер;

  • Қордың байланыс көздері;

  • Мемлекеттік сатып алулар;

Зейнетақы қорының құжат айналымын Delphi программасы арқылы дамыту. Зейнетақы қорының құжат айналымын зерттей келе зейнетақы қорының жұмысын автоматтандыру үшін осы бағдарлама құрылды.

2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау

2.1 Зерттеу объектісіне талдау

Бұл бағдарлама Зейнетақы қоры «ЖЗҚ» қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін құрдым. Бағдарламаға қор, бейне роликтер, салымшыларға ақпарат, сұрақ-жауап жайлы барлық мәліметтерді енгіздім. Сондай-ақ бағдарламада есептеу жүйесі бар және мәліметті баспаға шығаруға болады. Артықшылығы бағдарлама үш тілде жұмыс істейді.

Кез келген бағдарламаны құрастырудың бірінші кезеңі жобалаудан тұрады. Мұнда ең басты мәселе программа текстін жазу емес, деректер қорының структурасын жобалау мен олардың қатынастарын анықтау.

2.2 Апараттық қамтама

Заманауи автоматтандырылған жүйелер мынадай аппаратты құралдарға ие болуы тиіс:

  • Есептегіш техника құралдары;

  • ЖЕЖ қондырғылары;

  • Перифериндік қондырғылар;

  • Телекомуникация және байланыс құралдары.

ЭЕМ ең алдымен мәліметтерді өңдеуге және есептеу тапсырмаларын шешу үшін қолданылады. Қазіргі заман жағдайында ЭЕМ машиналары ақпараттарды өңдеуде кеңінен қолданылады.

Қолданбалы өнім шығаруды қамтамасыз ету үшін жұмыс станциясының келесі мінездемелері ұсынылады:

  • 128 МВ кем емес оперативті есте сақтау;

  • 10Гб кем емес винчестер көлемі;

  • SVGA видеодисплейінің адаптері және одан жақсы;

  • 300МГц кем емес тактілік жиілік;

  • Ethernet желілік адаптері.

Телекомуникация жүйелерінің дамуы әсіресе жергілікті есептеуіш желі технологияларының дамуы, ақпараттарды өңдейтін барлық техникалық құралдарды біріккен ішкі фирмалық ақпараттық желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Ең әсерлі ақпаратты жүйе болып желілік технологияларды қолдануға негізделген жүйе саналады, ол шынайы уақыт тәртібінде мәліметтерді бірнеше тұтынушылардың бірдей қолдануын қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптің локальды жүйе ұйымдастыру үшін сай келетін желілік құрал – жабдықтарды таңдап, желінің архитектурасын жобалап, жұмысшы топтарын ұйымдастырып және желіні басқару құралдарын анықтау қажет.

Берілетін ақпараттың көлемі сарапталды, желіде жұмыс істейтін тұтынушылардың саны және желіні ұйымдастырудың Ethernet 100 Mbit/s техналогиясын қолдану туралы шешім қабылдады.

АЖ локальды есептеуші желілері жұлдыз тәрізді топология негізінде құрастырылған. Бұл топологияда берілетін ақпараттың сенімділігі жоғарылайды.

Жұмысшы станциялар Hubom мен (кондиционермен) (UTP түріндегі) кабелмен жалғасады, ол RJ – 45 түріндегі разьемдері бар қосуға арналған. Екі бөлік арасындағы кабельдің ұзындығы 100м аспауы керек.

Hubom олардың саны мен салынуы шектеусіз бола алады. Желіде ақпараттарды беру құралы ретінде экрандалмаған 100Мбит/с жылдамдығы мен жұмыс істеу стандарттарын қанағаттандыратын жұпталған кабельді пайдалануға болады.

Желіде жұмысшы станцияларының сұрауларына қызмет көрсететін бір сервердің жұмыс істеуі жоспарланған. Жобаланып отырған желідегі сервер келесі қызметтерді орындау керек:

  1. Резервті сервер

2. Бөлектелген рұқсат сервері

3. Файлдық сервер

4. Клиент - сервер

5. SQL – сервер

Перифериндік қондырғыларға мыналар жатады:

  • А3 форматындағы матрицалық принтер, құжаттарды жеделдетіп басу мүмкіндігімен (Epson – LQ 1170);

  • үзіліссіз азықтандыру блогы (UPS - 1000);

  • сканер (Acer - 100).

Ақпараттарды бос офиске жіберу үшін мәліметтерді қабылдау / жіберу – модем қондырғысы қажет. Мына хаттамалардан V.32,V.42bis, V90, Flex56 тұратын Curier – 33600 болғаны жақсы.

Процессор — көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

  • жүйелік блок;

  • дисплей немесе монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.

Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Бағдарлама мына операциялық жүйелерде жұмыс істейді: Windows XP, Windows Vista, Windows 7, Windows 8.

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылғанпрограмма. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің калған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.

Компьютерде орын алатын әр әрекет, артта өтетін қызмет болсын, бағдарлама болсын, үдіріс ретінде өтеді. Компьютер фон Нейман құрылымына негізделген жағдайда, процессор бір мезетте тек бір процесті өндей алады. MS-DOS секілді ескі жүйелерде бұл тосқауылды айналып өту үшін еш амал жоқ болғандығынан, бұларда бір мезгілде тек бір үдіріс қана өте алатын.

Ал осы заманғы Операциялық жүйелер болса, тіпті жалғыз процессорде де бір мезетте бірнеше үдіріс (бірнеше тапсырманы) орындауды мүмкін етеді.

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерді шығарамыз. Мұндай программалар "қосымшалар" (приложения) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатътн қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік продессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мөселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілірді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;

  • желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы;

  • ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;

  • ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;

  • ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.