Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Камила диплом теория.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.53 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………………………...

6

1 Есептің қойылымы…………………………………………………...............

8

1.1 Қазіргі кездегі зейнетақы қоры…………………………………...…....….

8

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру…………………………………………………………………….......

11

1.3 Бағдарламаны құруға негіздеме…………………………………….…..…

18

1.4 Бағдарламаны құрастыруға қажетті кірістік мәліметтер………………...

19

2 Бағдарламалық қамтаманы жобалау…………..............................………….

20

2.1 Зерттеу объектісіне талдау…………………………...……………………

20

2.2 Апараттық қамтама……………………………………...…………………

20

2.3 Бағдарламалау тілінің таңдалымы………………………………...………

23

2.3.1 Delphi - де мәліметтер базасымен байланысты ұйымдастыру………...

34

3 Бағдарламалық қамтаманы жүзеге асыру…................................…………..

36

3.1 Бағдарламаның алгоритімі…………………………...……………………

36

3.2 Деректер құрылымы мен модульдер жұмысының сипаты,

блоктар мен модульдер арасындағы байланыс………………………………

37

3.2.1 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы…...………

46

3.2.2 Интерфейстер класының сипаты………………………………………..

47

3.2.3 Бағдарлама мен ақпараттық модульдерді тексеру……………………..

59

3.2.4 Бағдарламаның интерфейсін құрастыру………………………………

59

3.2.5 Экрандық интрефейс идеологиясын таңдау…………………………..

59

3.3 Бағдарламалық қамтаманы тестілеу………………………………………

59

3.4 Құжаттау…………………………………………………………………….

63

3.4.1 Қолданушыға нұсқаулық………………………………………………

63

3.4.2 Бағдарламашыға нұсқаулық…………………………………………...

64

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………..….......

65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………….....……..

66

ҚОСЫМША А. Бағдарламаны қабылдау актісі...............................................

67

ҚОСЫМША Б. Бағдарлама листингісі.............................................................

68

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялар қарқынды жылдамдықпен дамуда. Сол дамудан артта қалып қалмау үшін жаңартылып жатқан технологияларды меңгере отырып жүйелерді жаңартып отыру қажет.

Қазіргі технологиялар ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда.

Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе.

Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты - бағдарлама қолданушының зейнетақы туралы мәлімет алуына мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама зейнетақы қорының қызметкерлерінің жұмысын неғұрлым жеңілдете түседі. Себебі, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес үш тілде құрастырылған. Бағдарламаның жеңілдіктері жоғарыда аталғандай үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жасалған. Бұл бағдарламады барлық ЕНПФ туралы мәліметтер көрсетілген.

Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады және 27 суреттен тұрады.

Негізгі бөлімінде жинақтаушы зейнетақы қорының мүмкіндіктерін талдау мен болжау және өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттық база және барлық есептер кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық, программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.

Диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер тізімі, құжаттардан және программадан тұратын қосымшалар бар.