Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ауру тарихы.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
124.93 Кб
Скачать

6.Жүрек және қан тамырлары жүйесі.

Қарап тексергенде мойын тамырлары қалыпты. Жүрек тұсында патологиялық өзгерістер жоқ. Жүрек ұшы түрткісі, жүректік түрткі  анықталады.

Пальпация.

Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай, сол жақта V-ші қабырға аралықта анықталады. Оның аумағы шамамен 1,5 см, орташа күшті, резистентті. Пульсі 73 рет минутына.

Перкуссия.

Жүректің шекаралары қалыпты .

 Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтығының  шекарасы төстің оң жақ шекарасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ салыстырмалы тұйықтығының  шекарасы  бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан.

Жүректің жоғарғы шекарасы бұғана орта сызығы бойынша 3-ші қабырға денесіне сәйкес. Салыстырмалы тұйықтық көлденен- 12 см.

Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтығының  шекарасы төстің сол жақ шетінен 1 см ішке қарай.

Сол жақ абсолютті тұйықтығының  шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.

Жоғарғы  абсолютті тұйықтығының  шекарасы сол жақ 3-ші қабырғаның төменгі шеті.

Қан тамыр шоғырының ені 5 см.

Аускультация:

Жүрек тондарыжақсы  естіледі. Жүректің жиырылу жиілігі 75 рет минутына. “Бөдене ырғағы”, “шоқырқақ ырғағы” жоқ. Артериалды қан қысымы сол жақта да, оң жақта да 110/80 мм.сын. бағ.

  1. Ас қорыту жүйесі.

Тілі құрғақ, түбіне қарай ақ жабынмен жабылған. Еріннің, ұрттың, таңдайдың, араңнын шырышты қабықтары қалыпты түсті.Еріндерінде цианоз байқалады. Бадамшалар өзгермеген.  Іш пішіні қалыпты.  Іш симметриялы, үлкеймеген.  Ішектің көрінетін перистальтикасы және антиперистальтикасы жоқ. Жарықты томпаюлар жоқ. Тыныс алғанда кеуденің екі бөлігі бірдей қатынасады. Венозды коллатеральдар жоқ.

Пальпация:

Беткей пальпация кезінде іші жұмсақ,пальпацияда ауырсынусыз .

Перкуссия:

Құрсақ үстінен тимпаникалық перкураторлы дыбыс естіледі, ол ішектің үстінде айқын, асқазан үстінде онша айқын емес.

Оң жақ мықын аймағына перкуссия жасағанда тимпанит естіледі.

Газдар шығады. Перистальтика естіледі.

Бауыр, көкбауыр. Бауыр оң жақ бұғана ортаңғы сызығы бойынша қабырға доғасының астынан 3см төмен пальпацияланады. Шеті үшкір, беті тегіс, ауырсынусыз. . Өт қабы пальпацияланбайды. Көкбауыр пальпацияланбайды. Перкуторлы: ұзындығы-7см, ені-5см.

  1. Жыныс-зәр шығару жүйесі.

Қарап тексергенде бел аймағында ісіну анықталмайды, ауырсынбайды. Бел бұлшық еттерінің қатаюы анықталмайды. Пастернацкий симпомы екі жақта да теріс. Бүйректер, қуық пальпацияланбайды. Дизуриялық бұзылыстар жоқ. Біріншілік және екіншілік жыныстық белгілері жасына және жынысына сай. Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз. Күндізгі диурез 5 рет, түде 1 рет. Жыныстық дамуы қыз типтес. Жыныс мүшелері қарап тексергенде ерекшеліксіз, пальпацияда өзгермеген.

9) Нерв жүйесі :

Нерв-психикасы жүйесінде өзгеріс жоқ. Есі анық, тұманданған емес. Ұйқысы бұзылған. Интеллект орташа дамыған. Тәртібі дұрыс, шапшаң емес. Есте сақтау қабілеті төмен. Бас аурулары, бас айналуы шаршағанда, қалжырағанда байқалады.сөйлеу қабілеті бұзылмаған. Есту әрекеті қалыпты, көруі нашарлаған.

Мүшелердің жансыздануы, сал (параличь), қалшылдау құбылыстары жоқ. Рефлекстері ( кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше) дұрыс дамыған, патология жоқ. Қарашық рефлекстері жарыққа сезімтал. Бас сүйек, ми жарақаттары жоқ.

10) Эндокриналық жүйе  :

Қалқанша  безі пальпациялағанда ұлғаймаған, қалыпты.

  1. Болжам диагноз:

Науқас түскен кездегі шағымдарына:

Негізгі: дене қызуының 39,5ºC дейін көтерілуі,жөтел,кеуде тұсының ауырсынуы,жалпы әлсіздік.

Обьективті тексерулерге байланысты: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта,     төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.

 Пальпация:Кеуде қуысы ауырсынады, резистенттілігі орташа, дауыс дірілі күшейген.

Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі 

Перкуссия: Кеуде куысының төменгі оң жақ бөлігінде тұйықталған дыбыс.  

Осы мәліметтер бойынша  болжам диагноз қойдым: Оң жақ өкпенің пневмониясы .

12.Науқасты тексеру жоспары:

  1. Жалпы қан анализі

  2. Жалпы зәр анализі

  3. 3. Қақырық анализі

13.Қосалқы клиникалық әдістерді қолдану және олардың анықтамаларына түсініктеме беру.

1.Жалпы қан анализі:

09.09.10ж

Гемоглобин- 135 г/л

Эритроциттер 3,9-1012

Лейкоциттер   7,8-109

ЭТЖ – 50 мин/сағ

Гемотокрит – 39%

2.Жалпы зәр анализі:

09.09.10ж

Түсі –сары, мөлдір

Салыстырмалы тығыздығы 1,021