МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
НУО КАЗАХСТАНСКО- РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
|
ІШКІ АУРУЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ
|
|
ДЕПАРТАМЕНТ ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ
|
Учебно-методический отдел
________________________________________________________________________
Ауру тарихы: ЖРВИ, ошақты пневмония
І.Паспорттық бөлімі.
Науқастың аты-жөні: Серикбаева Маржан Манарбековна
Жынысы:әйел адам
Жасы: 19 жаста
Кәсібі: КазГЮУ 2 курс студенті
Тұрақты мекен- жайы: Семей қаласы,Сеитова көшесі-86
Науқастың ауырған күні: 9.09.2010
Шыққан күні:
Алғашқы диагноз: Оң жақ өкпенің пневмониясы
Клиникалық диагноз: ЖРВИ орташа дәрежелі,ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы,өткір түрі,бактериалды этиологиялы.
1.Науқастың шағамы:
Негізгі:дене қызуының 39,5ºC дейін көтерілуі,жөтел,кеуде тұсының ауырсынуы,жалпы әлсіздік.
2.Anamnez morbi
Ауырғанына 3 күн болған,жоғарыдағы шағымдар үдей түскен соң жедел жәрдем шақыртқан.
Басынан өткізген аурулары:
ЖРҚИ, ЖРА,туберкулез,венералогиялық аурулармен ауырмаған.
Аллергологиялық анамнез
Дәрілік препараттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар жоқ.
Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық
Жанұяда 3 баланың ортаңғысы, казіргі кезде КазГЮУ 2 курс студенті. Қант диабеті, қан ауыруы, психикалық аурулары ата-анасында, туысқандарында жоқ.
Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae): Серикбаева Маржан Манарбековна 1991 жылы май айының 8 күні Көкпекті ауданында,Шуғылбай ауылында дүниеге келген.
1998 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды. № 2 мектепті бітірген. Мектепте орташа үлгеріммен білім алған. Мектеп бітірген соң Семей қаласындағыКазГЮУ грантқа түскен. Бала кезінен әлеуметтік жағдайы орташа. Жыныстық қатынасқа түспеген. Алкагольдік ішімдіктерді және темекіні шекпеген.
Обьективті тексеру:
а) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ. Қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы шектелмеген, еркін және деформациясыз. Дене бұлшық еттері жақсы дамыған, күші тонусы қалыпты.Науқас нормостеникалық типті.
Лимфа бездері (жақ асты, мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе шапбездері) ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінулер жоқ.
б) Сана-сезімінің жағдайы.
Психикасы, есі анық, дұрыс. Интелекті жақсы.Ұйқыс қалыпты. Есіне сақтау қабылеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы байқалмайды. Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті қалыпты. Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Көз қарашықтарының жағдайы, олардың жарыққа сезімталдығы қалыпты. Рефлекстері (кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған. Ми қабының қабыну белгілері жоқ. Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер жоқ.
Бойы: 164 см
Салмағы: 52 кг
Тыныс алу жүйесі.
Кеуде клеткасы нормостеникалық типті, симметриялы. Тыныс алуы мұрын арқылы. Пальпация кезінде кеуде қуысы ауырсынады.. Дауыс дірілі күшейген.
Перкуссия: Кеуде куысының төменгі оң жақ бөлігінде тұйықталған дыбыс. Топографиялық перкуссия жүргізгенде,өкпе ұшының орналасуы:а)артқы жағынан сол жақта-VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен латеральді бұғанадан 2 см жоғары;оң жақта- VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен2,5 см латеральді.б)алдынғы жағынан оң жақта- бұғана үсті шұңқырынан 2 см жоғары; оң жақта- бұғанадан 2,5 см шығып тұрады.
Кренинг алаңы- сол жақтан 4 см, оң жақтан 4 см.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Өкпенің төменгі шекарасы:
Сызығы |
Оң жақта |
Сол жақта |
Омыртқа маңы сызығы |
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі |
— |
Бұғана орта сызығы |
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі |
— |
Алдыңғы қолтық асты сызығы |
VII-ші қабырға |
VII-ші қабырға |
Ортаңғы қолтық асты сызығы |
VIII-ші қабырға |
VIII-ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы |
IX-шы қабырға |
IX-шы қабырға |
Жауырын сызығы |
X-шы қабырға |
X-шы қабырға |
Омыртқа маңы сызығы |
XI-шы кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі деңгейінде |
|
Өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығы |
||
Сызық |
Оң жақ өкпе |
Сол жақ өкпе |
Бұғана орта сызығы |
4 см |
|
Ортаңғы қолтық асты |
2,5см |
2,5см |
Жауырын сызығы |
3,5см |
3,5см |
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі
