Тыныс алу жүйесі.
Кеуде клеткасы цилиндр пішінді, астеникалық типті, симметриялы. Тыныс алуы жеткіліксіздік байқалады, мұрын арқылы. Пальпация кезінде кеуде қуысы ауырсынады.. Дауыс дірілі күшейген.
Перкуссия: Кеуде куысы эмфитиматозды, перкуторлы қорап тәрізді дыбыс. Топографиялық перкуссия жүргізгенде,өкпе ұшының орналасуы:а)артқы жағынан сол жақта-VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен латеральді бұғанадан 2 см жоғары;оң жақта- VII мойын омыртқасының сүйір өсіндісінен2,5 см латеральді.б)алдынғы жағынан оң жақта- бұғана үсті шұңқырынан 2 см жоғары; оң жақта- бұғанадан 2,5 см шығып тұрады.
Кренинг алаңы- сол жақтан 4 см, оң жақтан 4 см.
Өкпенің топографиялық перкуссиясы:
Өкпенің төменгі шекарасы:
Сызығы |
Оң жақта |
Сол жақта |
Омыртқа маңы сызығы |
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі |
— |
Бұғана орта сызығы |
V-ші қабырғаның жоғарғы жиегі |
— |
Алдыңғы қолтық асты сызығы |
VII-ші қабырға |
VII-ші қабырға |
Ортаңғы қолтық асты сызығы |
VIII-ші қабырға |
VIII-ші қабырға |
Артқы қолтық асты сызығы |
IX-шы қабырға |
IX-шы қабырға |
Жауырын сызығы |
X-шы қабырға |
X-шы қабырға |
Омыртқа маңы сызығы |
XI-шы кеуде омыртқасының сүйір өсіндісі деңгейінде |
|
Өкпенің төменгі шетінің қозғалғыштығы |
||
Сызық |
Оң жақ өкпе |
Сол жақ өкпе |
Бұғана орта сызығы |
4 см |
|
Ортаңғы қолтық асты |
2,5см |
2,5см |
Жауырын сызығы |
3,5см |
3,5см |
Аускультация: Өкпеде қатаң тыныс, бүкіл өкпеге жайылған сырыл естіледі.
6.Жүрек және қан тамырлары жүйесі.
Қарап тексергенде мойын тамырлары көрінеді. Жүрек тұсында патологиялық өзгерістер аздап бар. Жүрек ұшы түрткісі, жүректік түрткі , эпигастрий пульсациясы аздап анықталады.
Пальпация.
Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығынан 0,5 см ішке қарай, сол жақта V-ші қабырға аралықта анықталады. Оның аумағы шамамен 1,5 см, орташа күшті, резистентті. “Мысық пырылы”, “ екі балғаша”, “алтыбақан” симптомдары жоқ. Пульсі 86 рет минутына.
Перкуссия.
Жүректің шекаралары қалыпты кеңейген.
Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы төстің оң жақ шекарасынан 1 см сыртқа қарай орналасқан. Сол жақ салыстырмалы тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай орналасқан.
Жүректің жоғарғы шекарасы бұғана орта сызығы бойынша 3-ші қабырға денесіне сәйкес. Салыстырмалы тұйықтық көлденен- 12 см.
Жүректің оң жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы төстің сол жақ шетінен 1 см ішке қарай.
Сол жақ абсолютті тұйықтығының шекарасы бұғана орта сызығынан 1 см ішке қарай.
Жоғарғы абсолютті тұйықтығының шекарасы сол жақ 3-ші қабырғаның төменгі шеті.
Қан тамыр шоғырының ені 5 см.
Аускультация:
Жүрек тондары естілмейді.. Жүректің жиырылу жиілігі 86 рет минутына. “Бөдене ырғағы”, “шоқырқақ ырғағы” жоқ. Артериалды қан қысымы сол жақта да, оң жақта да 110/80 мм.сын. бағ.
