МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
НУО КАЗАХСТАНСКО- РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
|
ІШКІ АУРУЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ
|
|
ДЕПАРТАМЕНТ ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ
|
Учебно-методический отдел
________________________________________________________________________
Ауру тарихы пульмонология: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ)
І.Паспорттық бөлімі.
Науқастың аты-жөні: Шыбыкпаев Сеитқали Мукатаевич
Жынысы:ер адам
Жасы: 51 жаста
Кәсібі: жұмыссыз
Тұрақты мекен- жайы: Семей қаласы.
Науқастың ауырған күні: 10 жыл бойы ауырып журген
Алғашқы диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы
Клиникалық диагноз: Созылмалы обструктивті өкпе ауруы (ХОБЛ), аралас түрі, ауыр дәрежелі, өршіген.
1.Науқастың шағамы:
Негізгі: Тұншығу, жүрек соққысының жиілеуі, кеуде қуысының ауырсынуы, жөтел, ентігу. Отырып ұйықтауға мәжбүр.Аяқтарында ісінулер пайда болған.
Қосымша: жалпы әлсіздік, басының ауыруы, тәбетінің төмендеуі, жүдеп кеткен, өзін жайсыз сезінуі.
2.Anamnez morbi
Науқас өзін Өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен 10 жылдай ауырғанын айтты. Ақырғы жылдары оған жүрек демікпесі қосылған. Стационарда унемі емделеді. Ақырғы рет өткен айда ауруханада жатып шыққан.1982 жылы перикардэктомия жасаған. Түнімен үйықтай алмайды, отырған қалпында мызғыйды, қатты тұншығулар мазалаған сон ауруханаға жедел жәрдеммен түскен.
Басынан өткізген аурулары:
Балалық шақта дамуы қалыпты болған. 1982 жылы перикардэктомия жасаған.Өкпе туберкулезімен ауырған. Ақырғы 10 жыл Өкенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырғанына 10 жыл болған. Сонымен қатар ақырғы жылдары жүрек демікпесі мазалап жүр.Мүгедектік ІІІ топ. Венералогиялық аурулармен ауырмаған.
Аллергологиялық анамнез
Дәрілік препараттарға және тағамдық өнімдерге аллергиялық реакциялар жоқ.
Жанұялық анамнез және тұқымқуалаушылық
Үйленген, екі баласы бар. Қазіргі уақытта жұмыс істемейді. Қант диабеті, қан ауыруы, психикалық аурулары ата-анасында, туысқандарында жоқ.
Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae):
Шыбықпаев Сейткали Мукатаевич 1959 жылы сәуір айының 4 күні Семей қаласында дүниеге келген.
1966 жылы ең алғаш мектеп табалдырығын аттайды. № 30 мектепті бітірген. Мектепте орташа үлгеріммен білім алған. Мектеп бітірген соң Техникалық училищеде Темір жол мамандығы бойынша білім алған.
Бала кезінен әлеуметтік жағдайы орташа. Қазыр жұбайы және екі баласы бар. Тамақтануы үнемі біркелкі, құнарлы, тұрақты.
Жыныстық қатынасқа 18 жастан бастап түскен.
Зиянды әдеттермен көп әуестенген 18 жастан бастап шылым шеккен, күніне 1-2 қорап шылым шеккен. Алкагольдік ішімдіктерді мейрамдарда қабылдаған. Бірақ ауырғаннан бері бұл әдеттерін қойды.
Обьективті тексеру:
а) Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, төсектегі қалпы жартылай белсенді. Тері жабындылары таза, ақшыл-бозғылт түсті, бөртпелер жоқ, тері асты май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт. Тері асты май қабаты аздаған. Еріні мен қол саусақтары цианоз.Кеуде қуысы эмфизематозды.
Сүйектерде деформацияланулар мен қисаюлар жоқ. Қол, омыртқа жотасының буындар қозғалысы шектелмеген, еркін және деформациясыз. Дене бұлшық еттері әлсіз дамыған, күші тонусы әлсіз..Науқас астеникалық типті.
Лимфа бездері (жақ асты, мойын, бұғана үсті, кубитальді, кіндік маңайы, сан немесе шапбездері) ұлғаймаған, ауырсынусыз, қозғалмалы, ісінулер жоқ.
б) Сана-сезімінің жағдайы.
Психикасы, есі анық, дұрыс. Интелекті жақсы.Ұйқыс қалыпты. Есіне сақтау қабылеті бұзылмаған. Басының ауыруы, айналуы байқалмайды. Сөйлеу ,көру ,иіс сезу қабылеті қалыпты. Мүшелердің жансыздануы, салдануы қалшылдауы жоқ. Көз қарашықтарының жағдайы, олардың жарыққа сезімталдығы қалыпты. Рефлекстері (кірпіктің, қарашықтың, тізе, өкше және т.б.) сақталған. Бас ми жарақаттары болмаған. Ми қабының қабыну белгілері жоқ. Нерв жүйесінде паталогиялық өзгерістер жоқ.
Бойы: 173
Салмағы: 65 кг
