- •1. Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі бұзылуының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тоқ және аш ішек қызметінің бұзылуы. Балалардағы ерекшеліктері.
- •3. Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
- •Нәтижесi:
- •1/3 Жол қалтыр
- •1/3 Жол қалтыр
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Романовский-Гимза бойынша боялған жағындыны дайындау және анемиямен
1/3 Жол қалтыр
Қорытынды:
Тәжірибе № 2. Жануардағы дыбыстық тітіркендіргіштерге сезімталдыққа ОЖЖ- нің функциялық жағдайынын әсері.
Бірінші тәжірибедегі дыбыстық тітіркендіргішке жеңіл қозатын тышқандарға олардың тежелу үрдістерінің күшеюі үшін құрсақ ішіне 10% бромды натрий ертіндісі енгізіледі. ( 100 гр салмаққа 1мл ). Қоңырауға көрнекі қозғалыстық серпіліс бермеген тышқандарға қозғыштық үрдісінің күшеюі мүмкін, құрсақ ішіне 10% кофеин ертіндісі енгізіледі 100гр дене салмағына 100-125 мг, 10% ертіндіні ( 1мл- 1,25мл). Иньекциядан кейін 10- 20 минуттан соң жануарларды қайталап қоңырауы бар торға орналастырады. Фармакологиялық заттар еңгізгеннен тышқандарда ОЖЖ-ң бастапқы функциялық жағдайын өзгерте отырып, олардың реактивтілігін кездейсоқ аса күшті тітіркендіргіштер әсеріне бағытты түрде өзгеруге болатындығын бекітеді.
Нәтижесі:
1/3 Жол қалтыр
Қорытынды:
2. Тақырыбы: Қалтырау жағдайлары, олардың түрлері және механизмдері. Эпилепсия-ның даму факторлары және дамуының әртүрлі патогендік концепциялары. Менингиттің патогендік механизмдері.
Модуль: 2 “Қан түзуші жүйе”
Тақырып. Анемиялық синдромы кезінде физиологиялық қызметінің
бұзылыстары.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Анемиялар. Анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, даму тетіктері.
Анемиялардың жіктелу ұстанымдары.
2. Постгеморрагиялық анемиялардың этиологиясы мен патогенезі.
3. Гемолиздік анемиялар, этиологиясы, эритроциттердің тамырішілік және тамырдан тыс
гемолизінің патогенезі, шеткері қандағы өзгерістері.
4 Дизэритропоэздық анемиялар. Сүйек кемігінің қан түзілу бұзылуының себептері.
5. Темір, В12 витамині және фолий қышқылы тапшылығындағы анемиялардың патогенезі.
6. Дизэритропоэздық анемиялардағы шеткері қандағы өзгерістердің патогенезі.
7. Анемиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі.
Тәжірибелік жұмыс
Романовский-Гимза бойынша боялған жағындыны дайындау және анемиямен
ауыратын науқастың шеткi қан көрiнiсiн оқып бiлу.
Заттық шыныға жұқа қан жағындысын жағады, оны кепкеннен кейiн 3 минут iшiнде метил спиртiне немесе эфир және этил спиртiнiң қосындысына (1:1) бекiтедi. Бекiткеннен кейiн жағындыға жаңа дайындалған Романовский –Гимза бояуын 20-25 минутқа жағады (1 мл концентрацияланған бояуды 9 мл дистилденген суға). Содан кейiн бояуды ағынды сумен жуады, фильтрлi қағазбен кептiредi. Жағындыны иммерциялық жүйемен оқиды.
Студенттер дәптерлерiне темiржетiспеушiлiк (гипохромды), гемолитикалық және В12-жетiспеушiлiк анемиялардың жағындысының суретiн салу керек (кестеден).
Көк және қызыл түсті қарындаштар әкелу керек.
Оқытушының студенттермен бiрге жұмысы.
Қан жағындысын оқыған кезде кестеге сапалық дәрежелерiн белгiлеу керек; «+» берiлген белгi өте аз кездеседi, «++» белгi анық көрiнедi, «+++» белгi артық көрiнедi.
Нәтижелердi кестеге толтырыңыз:
Сапалық белгiлерi |
Темiржетiспеушiлiк анемия |
Гемолиздік анемия |
В-12 витаминi-жетiспеушiлiк анемия |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ:
Модуль: 2 “Қан түзуші жүйе”
Тақырып. Әр түрлі лейкоз түрлерінде қан түзетін және қанның шеткі қанның жасушалық құрамының патофизиологиялық ерекшеліктері. Гемостаздың бұзылыстары.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Лимфо- және миелопролиферацияның жалпы этиологиясы мен патогенезі.
- Гемобластоздар туралы түсінік
- Гемобластоздар кезіндегі қан түзілудің бұзылыстарының патогенезі.
- Гемостаздың бұзылу түрлері. Лимфо- және миелопролиферациялық синдромдар.
- Геморрагиялық, тромбоздық және ТШҚҰ – синдромдары туралы түсінік.
- Геморрагиялық синдромның патогенезі (вазопатиялар, тромбоцитопениялар,
тромбоцитопатиялар, коагулопатиялар), гемостаз көрсеткіштерінің өзгерістері,
олардың патогенезі.
