Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Podgotovka_k_ekzamenu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.34 Кб
Скачать

11.2C бөлім – Мемлекеттердің саяси классификациясы және Қазақстан

Мемлекет. — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Мемлекеттердің басқару формалары:

Республика - мемлекеттік басқару нысаны. Жоғары мемлекеттік билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады.

Монархия - мемлекетте билік ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. Қазіргі кезде монархиялардың көпшілігі конституциялық монархиялар (Ұлыбритания,Жапония т.б). Абсолютты монархия - шексіз билік принципін білдіреді.

Мемлекеттердің әкімшілік құрылым формасы:

Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. (Франция, Қазақстан т.б.)

Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. (АҚШ,Ресей,Үндістан т.б)

Конфедерация дегеніміз — тәуеліз мемлекеттер одағы.

- конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;

- одаққа қосылған мемлекттер ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге асырады;

-конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады;

-конфедерация құрамындағы мемлекеттердің өз әскері, ұлттық валютасы болады. Конфедерация құрамындағы тәуелсіз мемлекеттер өздеріне ортақ мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт салаларындағы және т.с.с.ортақ мекемелері (мысалы Еуроодақ)

Билік формалары:

Авторитаризм - демократиялық ұстанымдарды жойып, жеке тұлғаның шексіз билігін орнататын саяси билік жүйесі, тоталитаризммен салыстырғанда бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды.

Тоталитаризм - қоғамдық өмірдің барлық саласына бақылау орнатқан мемлекеттік билік

Демократия - халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері іске асырылады.

11.3A бөлім – Қазақстанның қазіргі заманғы саясаты

Саясат дегеніміз – мемлекеттік билік пен мемлекеттік органдардың мемлекетті басқару жөніндегі қызметі.

Саясат мемлекеттің мүдделерінен туындайды. Мемлекеттердің мүдделері:

- егемендік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу және бекіту;

- қоғамдық үдерістерді реттеу;

- ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету;

- құқықтық, демократиялық және азаматтық қоғамның тұрақты негіздерін қамтамасыз ету;

- қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- конституциялық құрылымды және құқық қорғауды қамтамасыз ету;

- тиімді сыртқы халықаралық қатынастарды қамтамасыз ету;

- ішкі және сыртқы қауіптерден қорғану.

Мемлекетті басқарудың басты функциялары

Экономикалық функция – экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Саяси функция – мемлекеттік және қоғамдық тұрақтылықты, әлеуметтік және лтаралық келісімді қамтамасыз ету, ел егемендігін түрлі ішкі және сыртқы кауіптерден қорғау

Әлеуметтік функция – тұрғындардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғау, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін сақтап отырып жоғарлату, еңбектің, тұрмыстың, еңбекақының жағдайларын қамтамасыз ету

Идеологиялық функция – белгілі бір идеологияны қолдап ұстану (діндер, білім беру, мәдениет, ғылым салалары).

Экологиялық функция – қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиға ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Осыларды тиімді жүзеге асыру үшін, мемлекет келесі амалдарды атқарады:

1. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету.

2. Болашақ мемлекеттік құрылымды, басқару тәсілдерін болжау.

3. Жоспарлау – мемлекетті басқаруда болашақ бағыттарды, үлес-салмақтарды, арақатынастарды, даму қарқындарды, сандық және сапалық көрсеткіштерді, үдерістерді анықтау, белгілеу, мақсатқа айналдыру

4. Ұйымдастыру – мақсаттарға қол жеткізу үшін түрлі жағдайларды жасау (заң шығару, қажыландыру, жұмыс күшін тарту, ынталандыру, ақпараттық, көліктік, қаржылық инфрақұрылымды дамыту ж.т.б.).

5. Үкім шығару, бұйыру – мемлекеттік қызметкерлерге, органдарға, азаматтарға, ел аумағындағы бизнес, саясат өкілдеріне жоғары тараптан тапсырма беру

6. Басқару — мемлекетті басқару саласында органдар мен азаматтардың, ұйымдардың қатынастарын реттеу, ереже, норма, заң шығару, т.с.с.

7. Үйлестіру — түрлі тараптардың бір ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін басын қосу, ортақ жұмысқа баулы, жұмылдыру.

8. Бақылау — мақсатқа қол жеткізу барысын өлшеу, қателер мен кедергілерді анықтау, оларды жою жөніндегі амалдарды атқару.

Егер мемлеет осындай функцияларға ие болмаса және осындай функцияларды атқармаса, ол мемлекет бола ала ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]