Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Podgotovka_k_ekzamenu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56.34 Кб
Скачать

2010 Жылы Ел бірлігі доктринасы қабылданды.

 Доктрина келесі міндетті көздейді: ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.

Доктрина келесі қағидаттарды ұсынды:

-Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат - әр азаматтың өзінің ортақ тағдыры мен Отанының - Қазақстан Республикасының - ортақ екенін ұғыну.

 -этникалық, болмаса басқа да шыққан тегіне, діни ұстанымына және әлеуметтік жағдайына қарамай барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру

-біріктіруші және бекітуші бастау  ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту.

Ұлт Рухын нығайтуда интеллектуалды серпіліске үлкен көңіл бөліген. Доктринада келесі ұстаным жарияланған:

Бізге ұлт әлеуетін оятатын интеллектуалдық серпіліс қажет. Білімге, ғылымға және инновацияларға көзқарасты өзгертудің өмірлік маңызы зор. ХХІ ғасырда тек интеллектуалды ұлт қана жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігіне ие бола алады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 бабында келесі ұстанымдар белгіленген.

1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.

2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

11.2A бөлім – Қазақстанның түрлі мәдениеттері

Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады.

Қазақстанның этникалық құрылымы: (саны 100 мыңнан асатын этностар)

Қазақтар

Орыстар

Өзбектер

Украиндер

Ұйғырлар

Татарлар

Немістер

Кәрістер

Ұйғырлар Алматы облысы аймағында мекендейді

Немістер Солтүстік Қазақстан мен Орталық Қазақстанда мекендейді

Кәрістер Қызылорда және Алматы облыстарында мекендейді

Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 321 этномәдени орталықтар жұмыс атқарады. Кәріс, ұйғыр, неміс , украин тілдерінде газеттер шығарылады.

Солтүстік Қазақстан облысында "Полония" поляк телеарнасының, Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек телеарнасының бағдарламаларын көруге мүмкіндік бар. Қазақстанның орталық телеарналарынан неміс, ұйғыр тілдерінде бағдарламалар мен радиохабарлар таратылады.

11.2B бөлім– Қазақстанның әлеуметі: құрылымы және ахуалы

Әлеуметтік құрылым - қоғамның немесе әлеуметтік топтың ішкі қүрылымы, әлеуметтік топ, институттар мен олардың арасындағы өзара қатынастардың реттелген жиынтығы

Платон: "Бүкіл азаматтар үш тапқа кіреді –1) басқарушылар 2) жауынгерлер 3) жұмысшылар (шаруалар, қолөнершілер, дәрігерлер, актерлер т.б.)" Платон басқарушылардың жеке меншігі болмау керек деп есептеді.

Аристотель: Бүкіл мемлекеттерде қоғам үш элементтен тұрады :бірінші тап – өте бай адамдар; екінші тап – өте кедей адамдар; үшінші тап – орташа адамдар. Үшінші тап өкілдері заңдарды, ережелерді сақтайды, ал байлардан көбінесе қылмыскерлер, кедейлерден алаяқтар шығады.Егер мемлекетте орта тап өкілдерінің саны көп болса, ол мемлекетті басқару оңай себебі қоғамдық теңдік қамтамасыз етіледі

Карл Маркс стратификациясы әлеуметті таптарға бөледі .  Ол әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды

Макс Вебердің теориясы

1.капитал иелерінің табы;

2.Интеллектуалдар мен 

менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;

3.дәстүрлі ұсақ буржуазия табы

4.жұмысшы табы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]