- •11.1A бөлімі Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихы.
- •11.1B бөлім – Қазақстан өркениеттер мен мәдениеттер жүйесінде
- •11.1C бөлім – Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен идеологиясы
- •2010 Жылы Ел бірлігі доктринасы қабылданды.
- •11.2A бөлім – Қазақстанның түрлі мәдениеттері
- •11.2B бөлім– Қазақстанның әлеуметі: құрылымы және ахуалы
- •11.2C бөлім – Мемлекеттердің саяси классификациясы және Қазақстан
- •11.3A бөлім – Қазақстанның қазіргі заманғы саясаты
- •Мемлекетті басқарудың басты функциялары
- •11.3B бөлім – Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалар
- •1990-Ші жылдардағы саяси реформалар:
- •1995 Жылы 30 тамыз – Конституцияның қабылдануы
- •1995 Жылы 28 қыркүйек – Сайлау туралы Конституциялық Заңның қабылдануы
- •11.3C бөлім – Қазақстан экономикасы
- •Қазақстанның қазіргі замандағы экономикасы
- •11.4 Aбөлім – Қазақстанның экономикалық стратегиялары
- •«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
11.1A бөлімі Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихы.
1980-90 ші жылдары КСРО саяси-экономикалық дағдырысқа ұшырады.
Дағдарыс себептері:
-ұлттық мәселенің шешілмеуі ("ұлттық фактор" ескерілмеді, ұлттардың мәдениетін, тілін дамытуға кедергілер жасалды, ұлттық мүдделері ескерілмей "кеңес ұлтын" құруға әрекет жасалды)
-мемлекет қаржысының үлкен бөлігін әскери-өнеркәсіп кешеніне жұмсау экономиканың басқа салаларын тұралатты,
-әкімшілік-партиялық бюрократияның ролі артып билік пен халықтың арасы алшақтай түсу.
1986 жыл 16-18 желтоқсан - Желтоқсан оқиғасы. Алматы қаласындағы қазақ жастарының жаппай толқулары. Оқиғаларға сылтау болған, республиканы көп жылдары басқарып келген Д.Қонаевтың орнына жергілікті ерекшеліктермен таныс емес Г.Колбинді халықпен санаспай орталық биліктің қою болды.
1989 жыл 22 қырқұйек - Қазақ КСР "Тілдер туралы" Заңы қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды.
1990 жылы 25 қазан - Қазақ КСР "Мемлекеттік Егемендік туралы Декларациясы" қабылданды.
1991 жылы 29 тамыз - Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық.
1991 жыл 10 желтоқсан Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы болып өзгеруі.
1991 жыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздіктің жариялануы
Қазақстанның тәуелсіздігін ең бірінші болып мойындаған Түркия.
1992 жылы 2 наурыз - Қазақстан БҰҰ-на қабылданды
1992 жылы 28 қаңтар - Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды
1995 жылы 30 тамыз - қазіргі Конституция қабылданды.
1993 жылы 15 қараша - ұлттық валюта айналымға енгізілді.
1995 жылы 1 наурыз - Қазақстан Халқы Ассамблеясы құрылды.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi).
2007 жылы ҚХА конституционалды статусқа ие болды.( Парламентке 9 депутат сайлау құқығына ие болды)
1997 жылы - "Қазақстан 2030" стратегиясы қабылданды.
"Қазақстан 2030" стратегиясының негізгі басымдықтары:
- Ұлттық қауіпсіздік,
- Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы,
- Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу
- Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі,
- Энергетикалық қорлар,
- Инфрақұрылым (көлік және байланыс),
- Кәсіпқой мемлекет
1997 жылға қарай Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылық және экономикалық өсім үрдісі байқалды.
