Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_osymsha_emtikhan_2014_11_synyp.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.84 Кб
Скачать

2. Бақша ағаштары.

Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір бақташы баласымен барып, жеміс ағаштарын көріп жүрді. Баласы әкесінен

- Әке, мынау ағаш неге түп-түзу, ал анау ағаш неге қисық? – деп сұрапты.

- Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, суарған, қисық бұтақтарын кескен. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен. Ал мынау ағашты күтуші болмаған. Оған ешкім қарамай, өз бетімен өскен, сондықтан ол қисық болып өскен.

- Олай болса бағу, тәрбиелеуде де көп мән-мағына бар екен ғой, әке? – депті баласы.

- Бағу, тәрбиелеуде көп мән-мағына бар, мұннан көп ғибрат алу керек. Сен де осы ағаш сияқтысың. Сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтып отырсам, ақылды, жақсы бала болып өсесің. Ал тыңдамай, өз бетіңмен кетсен, ана ағаш сияқты қисық, жаман болып өсесің, - депті әкесі.

Билет № 10

2. Шілде

Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзын, түн қысқа болады. Күннің ыстығы соншалықты – тас пен құм қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды. Мінілмеген, жұмысқа салынбаған мал семіріп, желедегі құлындар ғана жүдеу болады. Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез. Ел жайлауға бірін-бірі қонақ қылып, қазақ салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, жұрт жиналып, той болып, ат шаптырып өткізеді. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді. Бұрын жердің еркін шағында жүз елу, екі жүз шақырымдай жерге көшіп қонып жүреді екен. Үлкендер сол күндерін қазір қатты сағынып сөз қылысады. Шөп шабатын мезгілі де жетті. Боз балалар жайлаудың қызығын қиып кете алмай жүр. Қазақ шөпті орақпен шабады. Машина жаңа тарап келеді. Оқудағы балалар да жаздан қымыз ішіп тынығып, енді сабаққа баратын күндерін санап жүр.

Билет № 11

2. Семей

Семей Қазақстанның ірі, мәдениетті қалаларының бірі және облыс орталығы. Семейдің өзіне тән ұзақ даму тарихы бар. Ежелгі аты – Доржынкит. Ол патша үкіметінің ресми құжаттарында «Тас мешіт» деген атпен XVІ ғасырдың басынан белгілі. І Петр тапсырмасымен бұл жерге арнайы келген әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменские палаты », «Семь палат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. 1718 жылы Семей қамалын жаңадан тұрғызуға жіберілген Чередов пен Бухгольц жеті шатр сарвиларының биіктігі мен әшекейлеріне таң қалады. Бұл екеуінің айтуынша Жеті шатырдың құрылыстары Бухар мазарларының стилімен салынған. Онда ғажайып суреттер кітаптар, қолжазбалар болған. Сарайдағы жазулардың бір тобын 1718 жылы Бухгольц І Петрге сыйға тартқан. І Петр ол жазулардың мазмұнын айыру үшін Париж акдемиясына жіберді. Бұл жазулар қазір сонда сақталуда. Жеті шатр сарайларының ең бағалы қазыналарының бірі – суреттер. Р сарайдың ішкі қабырғалары ғажайып суреттерімен көркемделген.

Билет № 12

2. Балаға ат қою.

Халықта балаға ат қоюдың алуан түрлі дәстүрлері бар. Ата-ана сәбиге ат қоймас бұрын көп ойланып, сан толғанады. Мұның сыры балаға ат қоюдың аса жауапты аса қиын екенін көрсетеді. Әрине ата-ана балам жаман болсын демейді. Оның болашағынан үміт күтеді. Халқының аяулы азаматы болса екен деп тілейді. Сондықтан да ат қоюда жас жұбайлар, көбінесе көпті көрген және сый құрметке бөленген қарт кісілерге алдымен жол берген. Бұл-жас жұбайлардың үлкеннен қорыққандығы емес, қайта оны сыйлағандығы, құрмет көрсеткендігі. Ат қоюға ата-ананың достары, жолдастары, ағайын-туыстар, жекжаттары қатыстырылады. Қазақ есімдерінің көбі бізге түсінікті болғанымен, қайсыбіреулерінің мағыналары құпия екені де рас. Көп адам аттары біздің халқымыздың ежелден-ақ дүниенің төрт бұрышындағы халықтармен аралас-құралас, мәдени байланыста болғанымызды аңғартады. Мысалы, парсы тілінен Бақтияр («бақытты», «жолы болғыш»), Әкім, Хакім «бастық», арап тілінен Хасан – «сұм», Дина – «ақын», Сәлім, Сәлима- «момын», Шәріп, Шәрипа- «әйгілі», Әли- «мәртебелі», Мұхтар- «уәкіл, елші», Мұзафар- «жеңімпаз» т.б., есімдері ауысқан.

Билет № 13