Билет № 1
2. Жыл мезгілдері
Жылдың төрт мезгілі бар: қыс, көктем, жаз, күз. Қыста қатты аяз, жазда ыстық, күзде қоңыр салқын күндер жиі болады.Көктемде күн жылына бастайды.Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Көктемде күн жылына бастайды. Жазда желсіз, аспан көбінесе бұлтсыз ашық болады. Жаңбыр онша жаумайды. Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып, бақтарда әр-түрлі құстар ән салады. Жаз айының ауасы де ерекше, адамдар да ерте тұрып, кеш жатады, өйткені бұл айда жұмыс көп болады. Жаздан кейін күз келеді. Енді күн қысқа , түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі. Аспанда бұлт қаптап, жауын жиі жауады. Күз айлары – жылдың ең молшылық айы: қысқа көкіністерді тұздап, консервлеп, погребта сақтайды. Осындай кезде қыс та келіп қалады. Бұл кезде дала, орман, үйлер ақ қар жамылады. Өзендер мен көлдердің бетін көгілдір мұз жабады. Қыс - жыл мезгілдердің ең суық айлары. Бірақ бұл айдың да адамдарға ұнайтын кездері болады. Қыстан кейін көптен күткен көктем келеді. Күн жылына бастайды. Түн қысқарып, күн ұзарады. Күннің көзі жарқырайды. Кейде жылы жаңбыр жауып, оңтүстіктен жылы жел еседі. Енді көктем жазға өз орнын береді.
Билет № 2
2.Ахмет Байтұрсынов
Ірі ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, әдебиет зерттеушісі, дарынды ақын-аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Ахмет Байтұрсынов талантты педагог. Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Торғай уезінде туған. Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Қарқаралыда оқытушы болып жүрген кезінде, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығады. Сол үшін оны түрмеге жабады. 12 жыл айдауда жүреді. Бірақ, ол айтқан бетінен қайтпайды. Барлық жастық, саналы өмірін халқын отарлықтан құтқаруды сарп етеді. Бас көтеруге, бостандық үшін күресуге шақырады.Үгіт жүргізеді. Ахмет Байтұрсынов араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Ол қазақтың тұңғыш әліппесін, оқулықтарын жазды. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 жылдан 1928 жылға дейін пайдаланды.
Билет № 3
2.Әбілхан Қастеев
Әбілхан аңыз-ертегіні ұнататын. Анасының қызықты әңгіме айтып беруін сұрайтын.Шешесі Сүйінбай ақынның өлеңдерін тақпақтап айтып беруші еді. Жасынан зерек Әбілхан анасының бір-екі қайталағанын қағып алатын. Ол «Ер-Тарғын» жырындағы Ақжүністің, «Қыз Жібектегі» он екі сұлу қыздың бейнесін жатқа айтатын. Анасы Қатипаның сызғын ою-өрнегіне қызыға қарап тұрып, Әбілхан басқа дүниені ұмытушы еді. Өз анасының қолынан шыққан көркем сырмақ пен ою-өрнегі мол текеметке тесіле қарағанда, барлық табиғат, өзі өскен Көккезең тауы алуан түрлі бояумен көз алдына келіп тұра қалғандай әсер алатын. Түрксіб темір жолын салуға қатыса жүріп, сурет салемен шұғылданады. Ол Алматы, одан соң Мәскеудегі көркем сурет студияларын оқып бітірді. « Амангелді сарбаздары», «Түрксіб», «Қапшағай ГЭС-і» сияқты үлкен туындыларын жазған. Алматыдағы Мемлекеттік Өнер мұражайы қазақтың тұңғыш халық суретшісі Ә. Қастеев атында.
Билет № 4
2.Мүшел жас
Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейпінде. Бойы өскен. Қол аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. Бет бейнесі баладан гөрі ірілеңкіреп, бала боз – балалық қалпына бейімделген. Бірақ, әлі сол мүсінде үлкендік жоқ. Толық балғын емес. Сидиіп, арықтап, құр созылған сияқты. Күн көрмей өскен, реңі солғың, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы бар еді. Қазір де қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір бозғылданған. Сиректеу қоңыр шашының арасында бас құйқасы да қыланданып көрінеді. Ол да ауырғандық пен күн көзіне болғандық белгісі. Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті. Ол атқа мініп жүруге жарағанымен үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.. Онысы, әсірісе, әжесі. Одан қала берсе шешесі.
Абай неше жасқа толған еді?
Қол-аяғы мұрны қандай?
Бет бейнесінде қандай өзгеріс бар?
Абайдын бойын неге теңеуге болады?
Шашы, басы қалай көрінеді?
Абайдың мінезінде қандай өзгеріс бар?
Абай өзге балалардан гөрі қандай ермек тапты?
Билет № 5
