Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1995.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
962.56 Кб
Скачать

Үшөлшемді графиктерді тұрғызу

MatLab-тың кеңістіктегі графиктік мүмкіндіктері үлкен. Онда үш өлшемді графиктер сызу үшін негізінен plot3, mesh және surfфункциялары қолданылады. Олардың ішінде ең қарапайымы plot3 функциясы. Айталық z=f(x,y) функциясының графигін сызу керек болсын. Ол plot3(x,y,z) функциясы арқылы орындалады. Әрине бұл функцияны қолданудан алдын x,y және z-тің мәндері анықталған болуы тиіс.

Мысалы:

>> x=-1:0.1:1;

>> y=-2:0.2:2;

>> z=exp(-x.^2-y.^2);

>> plot3(x,y, z)

>> grid on

командаларын орындау нәтижесінде z=e-x2-y2 функциясының графигі сызылады. Суреттен көрініп тұрғандай, мұнда график кеңістіктегі бір сызық түрінде сызылады (8-сурет). Ал кеңістіктегі фигура түріндегі графикті сызу үшін mesh және surfфункциялары қолданылады

  8-сурет. z=e-x2-y2 функциясының графигін plot3 функциясын қолданып сызу.

 

Мысалы, z=sin(x) функцияның графигін -4≤х≤4, -3≤y≤3 аралығында сызу үшін төмендегі командаларды береміз. (9-сурет)

>> u=-4:0.1:4;

>> v=-3:0.1:3;

>> [x,y]=meshgrid(u,v);

>> z=sin(x);

>> mesh(x,y,z)

 9-сурет.  z=sin(x) функциясының графигін mesh функциясын қолданып сызу.

Ал толық боялған график сызу үшін mesh(x,y,z) орнына surf(x,y,z) функциясын қолдану керек. Сонда келесі графикті аламыз. 10-сурет.

  10-сурет. z=sin(x) функциясының графигін surf функциясын қолданып сызу.

 

Үш өлшемді графиктер тұрғызудағы қолданылатын функциялар

Функция аты

Қызметі

plot3

Сызықтарды және нүктелерді үш өлшемді кеңістікте құру

contour

Үш өлшемді бетке арналған деңгей сызықтарының бейнеленуі

contourc

Деңгей сызықтарының суреттелуі бойынша массивтерді форматтау

contour3

Үш өлшемді деңгей сызықтарының бейнеленуі

meshgrid

X және Y екі өлшемді массивтерін форматтау

mesh

Үш өлшемді торлы бет

meshc

Тұрақты деңгей сызықтарының проекциясымен үш өлшемді торлы бет құру

meshz

Санап шығару жазықтығымен нольдік деңгейде үш өлшемді торлы бет құру

surf

Көлеңкеленген торлы бет

surfc

Тұрақты деңгей сызықтарының проекциясымен көлеңкеленген торлы бет құру

surfl

Көмескі жарықпен көлеңкеленген торлы бет құру

 

bar3

Үш өлшемді бағаналық диаграмма

bar3h

Горизонтальды орналасуы бар үш өлшемді бағаналық диаграмма

comet3

Үш өлшемді кеңістікте нүктенің траектория бойымен қозғалысы

contourf

Боялған облыстардағы деңгей сызықтарының графигі

fill3

Үш өлшемді график кеңістігінде көпбұрыштардың боялуы

pie3

Секторлы диаграмма

quiver3

Үш өлшемді кеңістікте берілген өріс бағыттарының графигі

slice

Үштік өзгергіштердің функция қималары

stem3

Үш өлшемді кеңістікте дискреттік мағыналардың графигі

trimesh

Үшбұрышты ұяшықтары бар үш өлшемді бет

trisurf

Үшбұрышты ұяшықтары бар үш өлшемді торлы  бет

waterfall

Тор қабырғалары болмайтын үш өлшемді бет

 

Графикке жазуларды түсіру, форматтау.

Графикке жазуларды А әрпімен аспаптар панелінің түймесі арқылы қосымшаларды алып келуге болады. Жазу орны тышқан шертуімен бекітіледі. 11-суретте мәтіндік одақпен форматталған график көрсетілген. Бұл жерде тышқанның оң жағындағы контексті мәзір көрсетілген, онда жазу символдарының мөлшері таңдалынады. Бұл мәзірде барлық команда болады.

11-суретФорматталған графикке жазу түсіру

Мұндай жолмен алынған жазуды ерекшелеуге және тышқанмен кез келген жерге алып баруға болады. 12-суретте тағы да екі жазу құру процесі көрсетілген, олардың мәтіндік одақтарын керек орынға тасымалдауға болады. Жазулар әр түрлі символдар мөлшерімен және әр түрлі стильмен берілген. Әсіресе жазуларға дәреже тұрғызу үшін ^ белгісімен берілетін жазулар экранда табиғи математикалық түрде суреттеледі (дәреже жоғарғы көрсеткіш түрінде). 

12-сурет. Үш функцияның ақырғы форматталған графигі

12-суретте, сонымен қатар аспаптар панелінің лайықты түймесі арқылы бағыттағыш сызығын беруге болады. Бұл бағыттағыш сызықтарын редакциялау тәртібінде графикке тышқанмен басқаша орналастыруға және айналдыруға, сондай-ақ оның ұзындығын алмастыруға болады, қарапайым сызықтарды қоюға болады.

 

 

 

 II-ТАРАУ. MATLAB МАТЕМАТИКАЛЫҚ ПАКЕТІН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДА ПАЙДАЛАНУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]