Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис анр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.55 Кб
Скачать
  1. Биметаллизм – жалпыға балама рілi екi бағалы металға (алтын мен күмiске) негiзделген ақша жүйесi.

Биметаллизмнiң үш түрi болған:

  • қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмiстiң арасындағы шектi қатынас, металлдардың нарықтық құндарына байланысты белгiленген;

  • қатар жүретiн валюталар жүйесi, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгiленген;

  • ақсақ валюта жүйесi, яғни мұнда алтын және күмiс монеталары заңды төлем құралы қызметiн атқарады, бiрақ бiрдей негiзде емес, себебi күмiс монеталарын жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарын жасауға ерiк берiлдi.

Биметаллизм XVI - XVII ғғ. кеңiнен тарап, ал Еуропа елдерiнде XIX ғ. дами бастады. Бiрақ та биметаллдық ақша жүйесi капиталистiк шаруашылықтың даму қажеттiлiгiне сәйкес келмедi, себебi екi металлды құн өлшемi ретiнде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметiнде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесiнде, жалпы құн ілшемi ретiнде қызмет ететiн бiр ғана металдың болуы талап етiлдi. Сійтiп, биметаллизм ақша жүйесiнiң орнына монометаллизм ақша жүйесi келдi.

  1. Монометаллизм – бұл барлығына бiрдей балама және ақша айналысының негiзi ретiнде бiр ғана металл (алтын немесе күмiс) қызмет ететiн ақша жүйесi.

Күмiс монометаллизмi Ресейде 1843-1852 ж.ж., Индияда 1852-1893 жж., Голандияда 1847-1875жж. қызмет еттi. Алтын монометаллизмi (стандарт) алғаш рет ақша жүйесiнiң типi ретiнде XVII ғ. ұлыбританияда қалыптасып, 1816 ж.. заңды түрде бекiтiлдi. Кіптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгiзiлдi, айталық: Германияда – 1871-1873 жж.., Швецияда, Норвегияда және Данияда – 1873 ж., Францияда 1876-1878 жж.., Австрияда – 1892 ж.., Ресейде және Жапонияда – 1897 ж.., АҚШ-та – 1900 ж..

Алтынға ауыстырылатын құн белгiлерiнiң сипатына байланысты алтын монометаллизмi мынадай түрлерге бөлiнедi: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздiк (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркiн бәсекенiң тұсындағы капитализмнiң талаптарына бiршама сәйкес келе отырып, інiдiрiстiң, несие жүйесiнiң, дүниежүзiлiк сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай ізiне тән негiзгi белгiлерiмен сипатталады:

  • алтын елдiң iшкi ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерiн бiрдей атқарды;

  • алтын монеталарды құюға рұқсат етiлдi (әдетте елдiң монета сарайында);

  • толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркiн және шектеусiз мілшерде алтын монетаға ауыстырылды;

  • алтынды және шетел валюталарын еркiн түрде сыртқа шығаруға және iшке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркiн түрде жасауға тиым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары кірсетiлген жағдайлар да ғана айырбасталды. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг, Францияда 12,7 кг салмақтағы алтын құйма бағасы – 215 мың франке тең болды.

Австрия, Германия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз (алтын валюта) стандарты бекiтiлiп, мұнда да айналыста алтын монета және алтын монетаны еркiн түрде жасау болмайды. Мұнда банкноталарды алтынға ауыстырылған шетел валюталарына ауыстыру жүргiзiлдi. Осындай жолмен алтын девиз стандартын қолданатын елдердiң ақша бiрлiктерiн алтынға ауыстыру арасында жанама байланыс сақталды.

Сонымен, 1929-1933 жж. дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс нәтижесiнде алтын монета стандарты барлық елдерде бiрдей айналыстан алынып тасталынып, (мысалға, ұлыбританияда – 1931 ж., АҚШ-та 1933 ж., Францияда –1936 ж.) оның орнына алтынға ауыстырылмайтын банкнот жүйесi бекiтiлдi.

Қазiргi ақша жүйесi мынадай элементерден тұрады: ақша бiрлiгiн, ақша түрлерi және эмиссиялық жүйе.

Ақша бiрлiгi – барлық тауарлардың бағаларын бейнелеуге қызмет ететiн, заңды түрде бекiтiлген ақша белгiсi.

Ақша бiрлiгi ұсақ білшектерге білiнедi. Кіптеген елдерде 1:10:100, яғни ондық білу жүйесi бекiтiлген. Мысалға, АҚШ-тың 1 доллары тең 100 центке, ағылшынның 1 функ стерлинг – 100 пенсаға, Ресейдiң 1 рублi –100 копеекке, Қазақстаннның 1 теңгесi – 100 тиынға және т.с.с.

Ақша түрлерiне – бұл заңды тілем құралы болып табылатын: несиелiк және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1 долларлық банк билеттерi; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтiк күмiс-мыс, және мыс-никелдiк монеталар жүредi. ұлыбританияда айналыста: 50, 20, 10, 5 және 1 фунт стерлинг банкноттар, 1 фунт стерлинг, 50, 10, 5, 2 пенсалық монеталар, 1 және 1/2 пенилер, сондай-ақ жаңа 10 және 5 пенсалардың құныны тең келетiн 2 және 1 шиллингтер де бар. Ал, Қазақстанның бүгiнгi ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелiк банктiк биллеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелiк металл монеталлармен бiрге 500 теңгелiк алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда кілемi 64х100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейiннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды. Бiрақ, бүгiнгi күнi 1 теңгеге дейiнгi тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейiнгi номиналдағы банкноталар (қағаз түрiндегi) айналыста жүрмейдi, олардың орнында металлдан жасалған монеталар қолданылыста жүр. Қазыналық билеттер айналымда жоқ.

Эмиссиондық жүйе – бұл әр елдiң орталық банктерiнiң айналысқа ақша шығаруын бiлдiредi. Мысалға, АҚШ-та банкноттарды айналысқа шығарумен Федералды резевтi жүйе, Ресейде – РФ Орталық банкi, ал Қазақстанда - ҚР ұлттық банкi айналысады. Ұлттық банктiң қарамағында елiмiздiң банкнота жасайтын – Банкнота фабрикасы (Алматыда) мен монета жасайтын – Монета сарайы (Өскеменде) бар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 1. 17-24, 2 . 15-19, 5. 10-15 бет],

Қосымша: [ 8 , 13]

Бақылау сұрақтары

  1. Ақша айналысы дегенiмiз не

  2. Ақша айналысы құрылымына не жатады

  3. Ақша айналысы заңы ненi баяндайды

  4. Ақша массаының құрылымы неден тұрады

3-дәрiс. Мемлекеттің ақша-несие (монетарлық) саясаты.

Мемлекеттік орталық банктің ақша-несие саясаты макроэкономиканы реттеудің өзіндік тәсілі ретінде қарастырылады.Қазіргі кезеңде еліміздің қаржы секторы өз дамуының жаңа деңгейінде тұр және оның болашақта нәтижелі жұмыс атқаруына бағытталған реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстандық экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан да бұл қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатыны анық.Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсатының, соның негізінде қалыптасатын мемлекеттік бюджет саясатының, салық саясатының,қаржы саясатының механизмінің іске асуының тиімділігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-несие саясатына тікелей байланысты, сондай-ақ дұрыс жолға қойылған ақша-несие саясаты қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болып табылады. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдына ақша-несие саясатының негізгі құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату мақсаты қойылды. Бұл бағыттағы маңызды аспект экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын және еркін бәсеке жағдайларында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралары қабылданған ақша-несие саясатының 2009-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарымен тығыз байланысты.Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро- экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болып табылады. Орталық банктің экономикалық белсенділікке ықпал ететін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне ақша базасы, ресми ставкалар, ашық нарықтағы операциялар, атап айтқанда, бағалы қағаздар шығару, резервтік талаптардың нормативі, банктерден тартылатын депозиттер және банктерге берілетін несиелер көлемі, валюталық интервенция жататыны белгілі. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банк және Үкімет көзделетін іс-әрекеттер және жалпы мемлекеттік мәні бар қол жеткен нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар етуге және үнемі кеңес жүргізуге міндетті.

Ұлттық Банк өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер ол оның негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға көмектеседі.Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктелген:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

4-5 дәрiс. Инфляция

Инфляция (латын. inflatio, аудармасы - “қабыну”, “iсiну”) - бұл бағаның өсуiнен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуiнен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi.

Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгiсiне тән объективтi құбылыс. Инфляцияның себептерi айналыс және өндiрiс саласында орын алады.

Қазiргi инфляция мынадай факторларға байланысты::

1.) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексiз көп ақшаның эмиссиялануы есебiнен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуi; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.

2.) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндiрiстегi теңсiздiкке, шарушылықтың шығындық механизмiне, мемлекеттiң экономикалық саясаты, оның iшiнде салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екi типi болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы төмендегiдей факторлардың әсерiнен туындайды:

  • әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде ақша баламасы айналыс үшiн артық болып қалады;

  • мемлекеттiк бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың өсуi, яғни мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiң iшкi қарызы артады;

  • несиелiк экспанциялау, яғни елдiң орталық банкiнiң коммерциялық банктер мен үкiметке несие беретiн несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;

  • импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттiлiктiң үстiне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

  • ауыр өнеркәсiп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгiлеу процесiне әсер ететiн мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

  • еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн азайту және өндiрiстiң құлдырауы;

  • көрсетiлетiн қызметтiң маңызының артуы;

  • бiр өнiм бiрлiгiне жұмсалатын шығынның өсуiнiң жеделдетiлуi, әсiресе жалақының өсуi;

  • энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

  • алтынға;

  • тауар;

  • шетел валютасына.

Бiрiншi жағдайда қағаз ақшамен берiлетiн алтынның нарықтық құны артады. Екiншi жағдайда тауарлардың бағасы өседi. ¶шiншi жағдайда шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамы төмендейдi.

Инфляцияны төмендегiдей белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:

  1. Инфляциялық процесстiң сипатына қарай:

  • ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергi болмайды, оның еркiн өсуi байқалады;

  • жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бақылау жасап отырады;

  • инфляциялық шок, яғни бiр мезетте бiрден баға өсiп кетедi.

  1. Таралу орнына қарай:

  • локальдық инфляция, яғни баға бiр ғана елдiң шекарасында өседi;

  • дүниежүзiлiк инфляция, яғни кейбiр елдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлiк қамтиды.

3.) Бағаның өсу қарқынына қарай:

- баяу инфляция – баға баяу қарқынмен бiртiндеп жылына 10  -ға өседi;

  • орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20–дан 200 -ға дейiн өседi, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтiк зардаптарға шалдықтырады;

  • ұшқыр инфляция – баға жылына 500 –ден 1000  -ға дейiн және одан жоғары қарқынмен өседi. µшқыр инфляция ақша жүйесiнiң құлдырауына әкелiп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзiнiң атқаратын қызметтерiн жоғалта бастайды.

Өнеркәсiбi дамыған елдер үшiн бiрiншi түрi тән болса, ал дамушы елдер үшiн екiншi және үшiншi түрлерi тән.

Қазақстан Республикасында бағаның өсуiне қарай қазiргi кезде бiрiншi түрi көрiнiс табады. Мысалы, 2002 жылдың соңында статистикалық мәлiметтерi бойынша инфляция мөлшерi – 5.9 %-ды (2001 жылы – 8,4 %) құрады. Бұл көрсеткiш Қазақстан Республикасының µлттық банкiнiң 2002-2004 жж арналған ақша-несие саясатының негiзгi бағыттарында бекiтiлген болжамға сай болып келедi.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткiш – тұтыну бағаларының индексi көмегiмен анықталады.

Тұтыну бағаларының индексi тауарлар мен қызметтердiң түрлерiн қамтитын тұтыну қоржыны негiзiнде анықталады.

Тұтыну бағаларының индексiн (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:

Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржынының бағасы

ТБИ   х 100

Базалық жылдағы тұтыну қоржынының бағасы

Тұтыну бағаларының индексiнiң үш сандық мәнi болуы мүмкiн:

  • баға индексi 100-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

  • баға индексi 100-дан жоғары, мысалға 140-ға тең. Демек, ағымдағы жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;

  • баға индексi 100-дан төмен, айталық 80-ға тең, яғни ағымдағы жылдағы бағаны базалыққа қарағанда 20-ға төмендеген. Бұл дегенiмiз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейiнiң төмендеуiн бiлдiредi.

Инфляцияның тигiзетiн әлеуметтiк-экономикалық салдарларын мынадан көруге болады:

  • халық топтары, өндiрiс сферасы, аймақтар, шаруашылық құрылымдары, мемлекет, фирмалар арасында, дебиторлар мен кредиторлар арасында табыстардың қайта бөлiнуi;

  • халықтың, шаруашылық субъектiлерiнiң ақшалай жинақтарының және мемлекеттiк бюджет қаражаттарының құнсыздануы;

  • бағаның әркелкi өсуi нәтижесiнде өнеркәсiп салаларындағы пайда нормасының теңсiздiгiнiң артуы және ұдайы өндiрiс процесiндегi теңсiздiктiң орын алуы;

  • жұмыссыздықтың өсуi;

  • халық шаруашылығына деген инвестицияның қысқаруы;

  • амортизациялық қорлардың құнсыздануы;

  • бағадағы, валютадағы және пайыздағы алып-сатарлық ойындардың ұлғаюы;

  • көлеңкелi экономиканың белсендi түрде дамуы;

  • ұлттық валютаның сатып алу қабiлетiнiң төмендеуi;

  • қоғамның әлеуметтiк топтарға бөлiнуi.

Жоғарыда аталған инфляцияға ықпал ететiн факторлар мен оның әлеуметтiк және экономикалық салдарлары оған қарсы саясаттың болуын талап етедi.

Инфляциялық процестiң жағдайларына байланысты ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы мен антиинфляциялық саясат жатады.

Ақша реформасы - ұлттық ақша бiрлiгiн тұрақтандыруға, елдiң ақша жүйесiн қалыпқа келтiруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында меллекет тарапынан жүзеге асатын түрлендiрулер.

Ақша реформалары төмендегiдей әдiстер көмегiмен жүзеге асырылады:

  • жаңалау, яғни құнсызданған ақша бiрлiгiн жою туралы және жаңа валюта енгiзу туралы хабарлау;

  • қалыпқа келтiру, яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық паритетiн қалпына келтiру;

  • деноминация, яғни “нолдердi қысқарту” әдiсiмен ақшаның номиналдық құнын iрiлендiру.

Сонымен қатар, инфлияцияға әсер ететiн факторларға жауап ретiнде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдiстерi жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеудi, салық механизмiн қолдану арқылы мемлекеттiк шығыстарды азайту, несие үшiн пайыз мөлшерiн реттеу және ақша массасын шектеу әдiстерiнiң жиынтығы.

Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Бiздiң елiмiзде бағаға бақылау ҚР монополияға қарсы саясат комитеттi рақылы жүргiзiледi.

Әлеуметтiк мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрi өте сирек қолданылады.

Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесiнде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдiсiн бiлдiредi.

Бұл әдiс, 1999 жылы 5 сәуiрде ҚР Үкiметiнiң шешiмiмен “еркiн өзгермелi валюта бағамына” өту барасында, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрт төмендеуiн туындаған (мысалы, 1 АҚШ долларының бағамы 87,5 теңгеден 132,4 теңгеге және одан жоғары көрсеткiшке жеттi) халықтың екiншi деңгейлi банктердегi теңгедегi салымдары бойынша зиянды мемлекеттiң қаражаты есебiнен қалпына келтiру мақсатында пайдаланылды.

Сонымен қатар осы әдiстiң көмегiмен, бұрынғы КСРО-ның Жинақ банкiнде сақталған және 90-шы жылдардың басындағы орын алған қарқынды инфляцияның салдарынан құнсызданған халықтың жинақтары, қазiргi Халық Жинақ банкiсi арқылы қайта қалпына келтiрiлiп, кезеңiмен қайтарылу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 1. 28-36, 2 . 25-29, 5. 18-25 бет],

Бақылау сұрақтары

  1. Инфляцияны дегенiмiз не

  2. Инфляцияның пайда болу себептерi қандай

  3. Бағаның ісуiне байланысты инфляцияның неше түрi бар

  4. Инфляциямен күресу жолдарын ата

Қазақстандағы ақша реформалары турал не бiлесiз

6-дәріс. ҚР ұлттық банкінің нормативтік заңнамалық базасы ақшалай-несиелік реттеу құралы ретінде

Ақша несиелік реттеу ҚРҰБ заң ж/е нормативтік актілер негізінде реттеліп отырады.Олар: 1993 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы,1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы ж/е 1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, т.б. Осыларға нақтырақ тоқталсақ, 1993 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол банк жүйесінің ұлттық нормативті және құқықтық базасын реттеуді қалыптастыру процесін бастауға және меншікті валюта енгізуге дайындалуға мүмкіндік берді. Құжат мақсаты – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын Ұлттық Банктің тәуелсіздігін бекітті, сондай-ақ экономиканы несиелеу функциясы екінші деңгейдегі банктерге көшті. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.Ұлттық Банктің құқықтық мәртебесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңында бекітілген, бұл Заңға сәйкес Қазақстанның Орталық банкі өз қызметінде оған экономикалық актілермен берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Өкілдік және атқарушы билік органдарының Ұлттық Банктің, оның филиалдарының, өкілдіктері мен ұйымдарының оның заңмен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқығы жоқ. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банк және Үкімет көзделетін іс-әрекеттер және жалпы мемлекеттік мәні бар қол жеткен нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар етуге және үнемі кеңес жүргізуге міндетті.1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел валютасын пайдалануға байланысты операцияларға әкімшілік бақылаудың басқа да шаралары қолдануда. 1993 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол банк жүйесінің ұлттық нормативті және құқықтық базасын реттеуді қалыптастыру процесін бастауға және меншікті валюта енгізуге дайындалуға мүмкіндік берді. Құжат мақсаты – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын Ұлттық Банктің тәуелсіздігін бекітті, сондай-ақ экономиканы несиелеу функциясы екінші деңгейдегі банктерге көшті. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.Ұлттық Банктің құқықтық мәртебесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңында бекітілген, бұл Заңға сәйкес Қазақстанның Орталық банкі өз қызметінде оған экономикалық актілермен берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Өкілдік және атқарушы билік органдарының Ұлттық Банктің, оның филиалдарының, өкілдіктері мен ұйымдарының оның заңмен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқығы жоқ. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банк және Үкімет көзделетін іс-әрекеттер және жалпы мемлекеттік мәні бар қол жеткен нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар етуге және үнемі кеңес жүргізуге міндетті.1993 жылы қабылданған "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында валюталық реттеу және бақылау саласындағы заңдар бекіткен, шетел валютасын пайдалануға байланысты операцияларға әкімшілік бақылаудың басқа да шаралары қолдануда.

7- дәріс.. Халықаралық есеп айырысу. ҚР қолма қолсыз ақша айналымы

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

  • өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;

  • ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;

  • банк несиелерін алу және қайтаруда;

  • бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;

  • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;

  • басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.

Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар, әсіресе мыналарға қатаң қарайды:

  • төлеу орыны – банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;

  • төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тиым салынды;

  • төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;

  • төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;

  • қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.

Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:

Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.

Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі - бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.

Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.

Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандағын айта кету керек.

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың келесі қағидасы- нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.

Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.

2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сай төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады себебі, барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:

1.) төлемнің мерзімділігі;

2.) төлемнің қамтамасыз етілуі.

Төлемнің мерзімділік қағидасы - шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.

Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.

Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.

Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;

  • сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;

  • сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.

Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.

Мерзімінен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.

Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.

Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.

Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. ´тімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.

Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражатарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.

Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде). Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.

Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.

8- дәріс.. Банктік аударма

9 - дәріс. Қолма қолсыз есеп айырысу мен төлем тапсырмалары

Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Осы ережеге сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

  • төлем тапсырмасы;

  • төлем талабы-тапсырмасы;

  • инкассалық үкім;

  • чек;

  • вексель.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

Аударушы (төлеуші)

Бенефициар

1

Аударушының банкі

4 2

Бенфициардың банкі

3

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

1 - тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 - төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру; 3 - бенфициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.

10- дәріс.. Есеп айырысудың аккредитивті формасы.

Аккредитивтік есептесу нысаны — тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтер үшін аккредитив арқылы қолма-қол ақшасыз қала аралық және халықаралық есеп айырысу нысаны. Нақты алушының атына аккредитив ұсыну операцияларына негізделеді. Құжаттамалық аккредитивтердің бірегейлендірілген ережелері мен ғұрыптарында, үкімет пен орталық банкінің ережелерінде немесе ерекше жеткізілім шарттарында көзделген жағдайларда қолданылады, яғни жеткізуші мен сатып алушы арасындағы келісім бойынша; сатып алушы тауарларды жеткізуші тұратын жерде қабылдаса; жеткізуші мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас тұрақты сипатта болмағанда, т. б. реттерде қолданылады.

Аккредитивтеу - бұл банктің ақшалай міндеті, клиенттерінің тапсырысы бойынша оның тапсырысшыларының пайдасына келісім шарт бойынша беріледі. Осы келісім шартқа сәйкес аккредитив (банк-эмитент) ашқан банк жеткізушіге төлемдерді көрсетуі мүмкін немесе басқа банкке төлемдерді жасауға рұқсат етеді, егер ол аккредитивте көрсетілген жүктеуші және басқа құжаттарды көрсетіп отырса.

Аккредитив кәсіпорынның қаражатынан немесе банк ссудасынан ашылады.

Әр аккредитив бір жеткізушімен ғана есептеу жүргізуге арналған және адрестелмеуі тиіс. Аккредитивтің әрекет ету мерзімі ашылған күннен беатап жеткізуші банкте 15 күн. Аккредитивті қойған төлеуші оларды 1060 шотында белгілеу керек.

Аккредитивті ашқан кезде банктің жазылған көшірмесі негізінде өтініш бойынша хатшылық тексеріс құрастырылады: Дебет 1060 Кредит 1030 немесе 3010.

Жеткізушілерге қарыздарын өтеуіне аккредитивтен ақша қаражатын жою Дебет 3310 Кредит 1060.

Мерзім өтіп кеткен кезде аккредитивтің қолданылмаған сомасы жабылады: Дебет 1030 Кредит 1060

Банк клиентпен аккредит ашқанда өтініште ұсынылған соманы сақтайды және жеткізушіге қызмет көрсететін банктің бөлімін осы туралы ескертеді. Жеткізуші тауарды алған соң алынған тауардың есебін өз банкінің бөліміне көрсетеді, осы есептің негізінде банк оған аударатын ақша құралын аккредиттан аударады.

Есептеудің аккредитивтік түрінің сызбасы 1 суретте көрсетіледі.

Сурет 1 – Аккредитивтермен есеп айырысу

.11- дәріс.. Есеп айырысудың чектік формасы.

Чек - бұл, арнайы бланкте құрылған банк шотынан сатып алушы шотына ақша сомасын аудару туралы клиенттің банкке жазбаша тапсырысы.

Чек алынған тауар - материалды құндылықтар,көрсетілген қызметтерді есептеу үшін қолданылады.

Чектік кітапты алу үшін кәсіпорын орналасқан үлгілі бір экземплярда өтініш көрсетеді. Чектік кітапты беру туралы өтінішпен бірге кәсіпорынға ашылатын есептік шотта қаражатты сақтау үшін төлемдік тапсырыс көрсетеді.

Чектің қызмет ету мерзімі тотырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген (4-сурет).

Аударушы

Бенефициар

3

4

5 1 2

БАНК

4- сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы.

1- төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – бенефициар тауарын жөнелтеді немесе қызмет көрсетеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5- бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып алушының шотынан чектегі соманы шегеріп оны бенефициар шотына түсіреді.

12- дәріс.. Инкассо бойынша есеп айырысу.

Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек және т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот,жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болас, онда мұндай инкассо құжатта инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.

Таза және құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы түзетілген «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.

Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сәйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.

Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:

  • сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;

  • ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;

  • инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;

  • хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;

  • сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сәйкес хабар берілетін тұлға.

Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:

  • бірін бірі білетін серіктестер арасында;

  • сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;

  • сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер жоқ болғанда.

Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады. Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды. Дегенмен бұл да сатушыға тауарының төленетіндігіне ешқандай кепіл бермегенімен өзге есеп айрысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте арзан және жалдам болып келеді.

Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 7-суретте берілген.

Сатып алушы

(импортер)

Сатушы

(экспортер)

1

2

3 8 5 6

Импортер БАНКІ

Эскпортер БАНКІ

4

7

7-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы

1 – Келісім-шарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау және құжаттарды рәсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4 – инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.

13- дәріс.. Ашық шот бойынша есеп айырысу.

14- дәріс.. Вексельдік айналымды реттеу

Вексель Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша вексель берушінің қатаң белгілі мерзімде вексель ұстаушыға белгілі соманы төлеудегі сөзсіз ақшалай борыштық міндеттемесі.   Шын мәнінде вексель - төлем мерзімін кейінге қалдыруда көрініс беретін, сауда серіктестері бір-біріне тапсыратын коммерциялық (тауарлы) несие.  Жеткізуші тауарды жеткізеді. Вексельді өтеу мерзімі келген кезде сатып алушы вексельді өтейді, жеткізуші ақшаны алады. Несиелік қызметімен қатар вексель төлемдік қызмет те атқарады, яғни жеткізуші өзінің контрагенттерімен вексель арқылы да есептесе алады. Вексель бланкісі бет жағынан, сыртқы бетінен және аллонжадан тұрады. Вексельдің бет жағында вексельдің деректемелері көрсетіледі, ал сыртқы бетінде – вексельді бір тұлғадан екіншісіне беруге мүмкіндік беретін индоссаменттер (тапсыратын жазбалар). Алланжо – бұл, егер вексельдің сыртқы бетінде жаңа индоссаментті ресімдеуге орын қалмаған кезде пайдаланылатын қосымша бет. Шығу тегі жағынан қарапайым және аударым векселі болып жіктеледі.

Қарапайым вексель (соло) – вексель берушінің (сатып алушының) вексель ұстаушыға (жеткізушіге) талап бойынша немесе болашақта белгілі бір мерзімде вексельде белгіленген ақша сомасын төлеуге алдын ала келісілмеген міндеттемесін көрсететін вексель.

Аударым векселі (тратта) – үшінші тұлғаның (әдетте сатып алушының борышкері) бірінші вексель ұстаушыға (жеткізушіге) оның болашақта белгілі бір мерзімде немесе вексельде белгіленген ақша сомасын көрсетуі арқылы төлеуге вексель берушінің (жеткізушінің) алдын ала келісілмеген бұйрығы көрсетілген вексель.

Кірістілігіне қарай вексель дисконтты және пайызды болып бөлінеді. Өтеу мерзімі келген кезде дисконтты вексель номинал бойынша төленеді, пайызды вексель сомасына пайыз есептеледі.  Төлем мерзіміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Ұсыну бойынша төленетін вексельдер;

  • Ұсынғаннан кейінгі белгілі уақытта төленетін вексельдер;

  • Құрастырылғаннан кейінгі белгілі уақытта төленетін вексельдер;

Белгілі бір күнде төленетін вексельдер (жедел вексельдер).

15- дәріс.. Вексельдік несиелеуді реттеу

Ашық шотпен дайындалған вексельдер мен сатылған тауарларды бөлшектеп төлеуге негізделген коммерциалық несиелер. Вексельдік несиелер. Вексель есебі. Дисконт. Есептік ставкаларды жіктеу критериялары. Вексельдерге ұсынылған талаптар. Экономикалық және заңдылық сенімділіктерді тексеру. Вексель реестрі. Төлемдерді өзуақытында алуды бақылау. Міндетті адамға хабарландыру тәсілі. Вексель түрінде төлемдерді алу. Вексель наразылығы. Вексель кепілдігіндегі несиелер.

Вексельдік несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады жəне олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.

Вексельді несие ұсынушы және вексель берушінікі болып бөлінеді. Ұсынушылық вексельдік несие екі түрде болады: кепілдемелік және есептік.

Есептік несие – дисконтты алып тастаумен вексель бойынша төлем мерзімі жеткенге дейін банктің вексельді сатып алуы. Есептік несие қарыз алушымен есептік несие туралы келісім жасау негізінде беріледі. Есептік несие сомасы мен мерзімі екі жақтың келісімі бойынша векселмен анықталады. Векселдерді есепке алу бойынша несие векселді сатып алу күнінде жазу жолыменен беріледі (төлем уақыты кедген күнде вексель құнынан дисконтты алып тастау). Несиені өтеу төлем жасауға міндетті тұлғамен векселге төлем жасау жолымен төлем мерзімі жеткен кезде жүргізіледі. Егер де төлемші төлем қабілетті болмаса, онда векселді ұсынушы немесе вексель бойынша басқа да міндетті тұлғалар несиені өтеулері қажет. Вексельді сатып алу кезінде есептік ставканы белгілеу кезінде банк келесілерге сүйенеді:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми анықталған есептік ставка деңгейіне;

  • ақша нарығындағы және капиталдар нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейіне;

  • вексельдің сапасына;

  • ұсынылатын вексельдер көлеміне;

  • банк үшін клиенттің маңыздылығы.

Банк есептік несие бойынша қарыз алушымен келісім – шарт құрудан бұрын оның несие қабілеттілігін тексереді. Банк ұсынушыға вексельді қайтаруға және несиені өтеуді талап етуге құқығы болады, егер де.

  • төлемші туралы алынған мағлүматтар теріс болса;

  • вексель бойынша төлемші акцептері, яғни трассатпен вексельде белгіленген мерзім жеткен кезде вексельді төлеу міндеттеме траттаты бойынша ұсынылған қарсылық қабылданса;

  • төлемшінің қаржылық жағдайы нашарласа.

Соныменен қатар, банк сондай-ақ векселді беру негіздемесін тексереді.

Вексел беруші несиесімен жай ақшалай несиені банктен алу қамбаттылығынан мүмкіндік болмағанда және есеп айырысу үшін айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі кезінде сатып алушы рөлінде шығатын кәсіпорындар қолданады. Мұндай жағдайда банк клиентпен несиелік келісім-шарт құрады, осыған сәйкес қарыз алушы, несие ретінде келісімде белгіленген жалпы сомаға несие беруші банктен вексель пакетін алады. Бұл несиеге пайыздық ставка жай банктік несиеге қарағанда төмен белгіленеді, ақшамен салыстырғанда вексельдердің төмен өтемділікке ие болуына байланысты. Несиенің бұл түрінің қайтарымдылғын қамтамасыз ету бірінші класты банк кепілдемесі немесе кепілдік фоормасында вексельдік несчие туралы келісіммен қарастырылады. Банктер өз клиенттеріне жеке ссудалық шот ашумен вексельді қамтамасыз етумен несиелерді береді. Вексельдермен несиелендіру екі түрде жүзеге асырылады:

* қысқамерзімді вексельдермен несиелендіру;

* мерзімсіз вексельдермен несиелендіру. Вексельді ұстаушының сыйақысы вексель номиналына векселдің барлық айналым кезеңіне аударылатын пайыздар болып табылады. Ал мерзімді вексельдерде векселді ұстаушының табысы векселді сатып алу бағасы мен векселді өтеу бағасы арасындағы айырмашылық-дисконт болып табылады.