Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис анр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.55 Кб
Скачать

1 Қап бидай  1 қойға

 1 балтаға

 1 құмыраға және т.б.

  • Үшiншi формасы – бұл құнның жалпылама формасы. Әр тауар өндiрушi өздерiнiң еңбектерiне қарай барлығына бiрдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергiлiктi нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретiн тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролiн, кей халықтарда мал (ертедегi гректе, римдiктерде, славяндарда, моңғолдарда және т.б.), аң терiсi (Скандинавияда, ертедегi Русьте), шай (Қытайда), тұз (Абиссинияда), пiл сүйегi (Оңтүстiк Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейiнгi Қазақстанның кейбiр алыс түпкiрлерiнде iшкi сауда-саттық жүргiзу үшiн жалпыға бiрдей балама ретiнде тоқты немесе саулық қой пайдаланылған. Бiрақ, аталған тауарлар мұндай ролде ұзақ уақыт жүрмеген, себебi олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерiнiң қасиеттерiне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейдi.

  • Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесiнде барлық тауарларға тiкелей айырбасталатын тауарлар әлемiнен ерекше бiр тауар - ақша тауары қалыптасты. Ол тауар ролiн бағалы металдар: алтын және күмiс атқарды.

Сонымен, ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтiн, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақшаның объективтi қажеттiгi тауар өндiрiсi және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның iзбасары. Тауар мен ақша бiр бiрiнен бөлiнбейдi, себебi ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкiн емес. Ақша тауардан бөлiнiп шыққанымен де ол, айрықша тауар ретiнде қала бередi. Ақшаның жалпыға бiрдей балама ролiн атқару алтынға жүктеледi. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуi, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетiне байланысты: бiрiншiден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлiнетiндiгi, әдемiлiгi және тозбайтындығы; екiншiден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректiгi мен өндiруге кететiн еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндiрiс және бөлу процесiндегi адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтiн, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретiндегi мәнi, оның мынадай үш қасиетiнiң бiртұтастығынан байқалады:

  • жалпыға тiкелей айырбасталу формасы;

  • айырбас құнының дербес формасы;

  • еңбек өлшемiнiң заттай (материалдану) формасы.

Жалпыға тiкелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екiншiсi тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиетi, тауар өндiруге жұмсалған еңбектiң ақша көмегiмен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Ақша экономикадағы рөлiн ізiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң формасы ретiнде ақшаның әлеуметтiк және экономикалық мазмұнының белгiлi бiр жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазiргi экономикадағы атқаратын қызметтерiне мыналар жатады:

1.) құн өлшемi және баға масштабы;

2.) айналыс (айырбас) құралы;

3.) төлем құралы;

4.) қорлану және қор жинау құралы;

5.) дүниежүзiлiк ақша.

Ақшаның құн өлшемi қызметi. Ақша жалпылға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын ілшейдi. Ақша құн өлшемi ретiнде: “мөлшерi жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетiн тауарлар құнын бейнелеу үшiн тауарлар дүниесiне материал беру” қызметiн атқарады. Бiрақ та тауарларды ізара ілшейтiн ақша емес, тауарлар індiрiсiне кеткен қоғамдық қажеттi еңбек олардың бiрiнiң бiрiне өлшенуiне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек інiмдерi, сондықтан олардың құнын ізiндiк құны бар нақты ақшалар (алтын және күмiс) ілшей алады.

Тауар құнының ақшамен бейнеленуi оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндiруге және сатуға қажеттi қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбiр елде ақшаның ілшемi ретiнде қабылданған және тауарлар бағасын ілшеуге қызмет ететiн металлдың (алтын) баға белгiлеу процесiндегi ақша бiрлiгiне бекiтiлетiн салмақты саны баға масштабы деп аталады.

Бағалардың негiзiнде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемi қызметi мен баға масштабы арасында ізара айырмашылық бар. Құн ілшемi - бұл мемлекетке тәуелсiз ақшаның экономикалық қызметiн сипаттайды. Құн өлшемi қызметi құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы - бұл мемлекетке тәуелдi, бiрақ тауардың құнын кірсету үшiн емес, тек оның бағасын бейнелеу үшiн қызмет етедi. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгiленедi. Сійтiп баға масштабы арқылы ойша белгiленетiн тауарлар бағасы, ұлттық ақша бiрлiгiндегi көрсетiлетiн нарықтық бағаға айналады.

Бүгiнгi таңда тауарлар алтынға тiкелей айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейдi. Ақшаның бұл қызметiн алтынның орнында жүретiн оның құндық өкiлдерi немесе қағаз және несиелiк ақша белгiлерi атқарады. Мұндай ақшалардың меншiктi құны болмайтындықтан да, оларды толық бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткенi, олар тауарлар құнын толық өлшемейдi, бiрақ өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметi. Айналыс құралы қызметiнде ақша тауар айналысы процесiнде делдалдық ріл атқарады. Тауар айналысы мынадай процесстердi қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процестi арнайы формулада келесiдей түрде беруге болады: Т (тауар)  А (ақша)  Т (тауар).

Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды бiртiндеп айналыстан шығара отырып, ізi айналыста үнемi қалып отырады. Ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнiң басты ерекшелiгi, бiрiншiден, бұл қызметтi толық бағалы емес құнның белгiлерi: қағаз және несиелiк ақшалар атқарады, екiншiден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

Сонымен ақша, айналыс құралы қызметiн атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажеттi сатылатын тауарлар массасы және бағасы негiзiнде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол бередi.

Ақшаның төлем құралы қызметi. Әр түрлi жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгiлi. Себебi әртүрлi тауарларды індiру кезеңi мен айналыс мерзiмiнiң ұзақтығының бiрдей еместiгi, сондай-ақ бiрқатар тауарлардың індiрiсi мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектiсiнде қосымша қаражаттардың жетiспеушiлiгiн туғызады. Соның нәтижесiнде тауарлардың тілемiн кешiктiрiп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттiгi туындайды. Ақша тілем құралы ретiнде мынадай ерекше бiр қозғалыс формасына ие: Т (тауар)  М (мiндеттеме), келiсiлген мерзiмнен кейiн: М (мiндеттеме)  Т (тауар).

Ақшаның төлем құралы қызметi мен айналыс құралы қызметтерi арасында ізара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретiнде делдалдық рілiнде жүретiн болса, тілем құралы қызметiнде ақша мен тауардың бiр-бiрiне қарама-қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық мiндеттеме арқылы ітеу, сату және сатып алу процесiнiң аяқталғандығын бiлдiредi. Тауарлар мен ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының тілемеу қауiпiн тудыруы мүмкiн.

Ақша төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына қызмет етiп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етедi.

Жалпы барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей түрде топтастыруға болады:

  • тауарлар және кірсетiлетiн қызметтер бойынша тілем мiндеттемелерi;

  • мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;

  • банктiк ссудалар, мемлекеттiк және тұтыну несиелерi бойынша қарыздық мiндеттемелер;

  • сақтандыру мiндеттемелерi;

  • әкiмшiлiк және сот алдындағы және ізге мiндеттемелер.

Ақшаның тілем құралы қызметiн толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелiк ақшалар атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде, оның иесiне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшiн ақша айналыстан алынады, сійтiп, тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзiледi.

Ақшаның қор жинау қызметiн толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бұл қызметтi атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның қорлану қызметiн толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар індiрiсi жағдайында қорлану екi формада жүзеге асырылады десе болады:

1.) Кәсiпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттiк) шоттардағы, сол сияқты банктегi басқа шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрiнде қоғамдық қорлану формасында;

2.) Банктердегi халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану формасында.

Дүниежүзiлiк ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серiктестерге қызмет кірсету барысы дүниежүзiлiк ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзiлiк ақшалар жалпыға ортақ тілем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық тілем құралы ретiнде дүниежүзiлiк ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретiнде дүниежүзiлiк ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен тіленетiн тауарлар және кірсетiлетiн қызметтер айырбасындағы тепе-теңдiк бұзылған жағдайда қызмет етедi. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретiнде дүниежүзiлiк ақшалар бiр елдiң екiншi бiр елге займ немесе субсидиялар беруi барысында қызмет етедi.

Егер де елiмiздiң iшiндегi ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша бiрлiгi формасында қызмет ететiн болса, ал елiмiзден тысқары жерде, К. Маркс із еңбегiнде: “ақша ізiнiң ұлттық киiмiн шешедi де, ізiнiң бастапқы формасы ретiндегi металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына ітедi”- деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзiлiк ақша ретiнде алтынның қызмет етуi сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтын және алтынға ауыстырылатын жекелеген елдердiң несиелiк ақшалары (банкноталар) кібiне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингi атқарған.

Қазiргi кезде дүниежүзiлiк ақша қызметiн: АҚШ - доллары, Еуропалық Одақтың қазiргi валютасы – еуро, сол сияқты Халықаралық валталық қордың СДР-i (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерiнде жаңа валютасы “Еуро” еңгiзiлдi. Еуропралық валюталық Одаққа бастапқыда он бiр ел қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 ж.ылдың 1 қаңтардан бастап, “Еуро” қолма-қолсыз тілемдер үшiн және мемлекеттiң жаңа қағаздарын орналастыру үшiн пайдаланылды. “Еуро” банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 қаңтарынан және 6 айдай уақыт iшiнде енгiзiлiп, валюталық одаққа мүше елдердiң ұлттық ақша бiрлiктерi 2002ж. 1 шiлдесiнен бастап із қызметтерiн тоқтатты.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі: [ 1. 7-14, 2 . 5-9 бет],

Қосымша: [ 1. , 2, 11]

Бақылау сұрақтары

  1. Ақшаның пайда болу себебi неде

  2. Ақша дегенiмiз не

  3. Толық бағалы ақша және толық бағалы емес ақшалар жайлы не бiлесiз

  4. Қағаз ақшалардың шығуына не себеп болды

  5. Несие ақшаның түрлерiн айтыңыз

  6. Ақшаның құн өлшемі қызметі

  7. Ақшаның айналыс және төлем құралы қызметі дегенiмiз не

  8. Ақшаның қорлану және жинақ құралы жайлы не бiлесiз

  9. Ақшаның дүниежүзілік құралы

2-дәрiс. Ақша айналысы және ақша жүйесi

Ақша айналысы – шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтiк негiзiне де тауар өндiрiсi жатады. Тауар өндiрiсi тұсында тауарлар әлемi: тауар және ақшаға білiне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiне және жалпы ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрi қарай дами түседi. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнiм айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының кімегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

Ақша айналысының құрылымына қолма-қол ақшалар айналысы мен қолма-қолсыз ақшалар айналысы кiредi.

Қолма-қол ақшалар айналысы – бұл нақты ақшалар қозғалысын бiлдiредi. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етедi. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуiр бөлiгiн орталық банктерден шығарылған банктiк билеттер құрайды. Ақша шығарудың кiшкене бөлiгi (10-ға жуығы) қазыналық билеттердi шығарушы қазынашылықтың үлесiне тиедi.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар кімегiмен пайдаланылатын клиенттердiң шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелдiлiк бар. Ол ақшаның үнемi бiр айналыс сферасынан екiншi бiрiне ітiп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегi депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын бiлдiрсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшiн ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Ақша айналысының негiзгi сандық кірсеткiштерi бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындарға және мемлекетке тиiстi және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және тілем құралдарының жиынтығы.

Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi кірсеткiштер пайдаланылады. Ондай кірсеткiштердi ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсiбi жағынан дамыған елдердiң қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында тімендегiдей ақша агрегаттары қолданылады:

М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегi ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдарынан (тірт жылға дейiнгi) тұрады;

М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелiк мекемелердегi жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қосылған iрi коммерциялық банктердегi депозиттiк сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та, ақша массасын анықтауда тірт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда - үш, Англия мен Францияда – екеу, Ресейде - үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстан Республикасында Ұлттық банктiң 12.01.1995 ж. Директорлар кеңесiмен N 2 хаттамасымен бекiтiлген “Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдiсi және iшкi және сыртқы активтердi анықтау барысында баланстық шоттарды жiктеу туралы ережесiне” сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледi.

Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) – бұл мiндеттемелерге жататын резервтiк және бастапқы ақшаларды бiлдiредi. Ол мынадай формулада есептеледi:

МВ  СIС  RR  DСВ,

мұнда,

СIС – айналыстағы нақты ақшалар;

RR – мiндеттi резервтер;

DСВ – екiншi деңгейдегi банктердiң ұлттық банктегi коршоттағы қаражаттары.

СIС  L (Н  С),

мұнда,

Н – айналысқа шығарылған банктiк билеттер;

С – айналысқа шығарылған монеталар.

Қазақстандағы негiзгi ақша агрегаттарына, қазiргi кезде ақша-несие статистикасын жасау және талауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгiленуi М3 – ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:

  • М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесiнен тыс ақша);

  • М1  М0  банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегi аудармалы депозиттерi;

  • М2  М1  теңгедегi басқа да депозиттер және банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттерi;

  • М3 (ақша массасы)  М2  банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттерi.

Мұндағы,

  • Аудармалы депозиттер – 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусiз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектiң, траттаның немесе жиро-кепiлдiктiң кімегiмен еркiн айналады; 3) төлемдер жүргiзуде кеңiнен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бiр білiгiн құрайды.

  • Басқа депозиттер – негiзiнен ол, белгiлi уақыт аралығынан кейiн ғана алынатындығы немесе әртүрлi шектеулерi жай коммерциялық операцияларда бiраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизмiне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетiн жинақ және мерзiмдi депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттердi қамтиды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуi ақша мультипликаторы (Ам) көмегiмен мынадай формула арқылы есептеледi:

М3 (ақша массасы)

Ам  

МВ (ақша базасы)

Егер, мысалға ақша мультипликаторы 2,0 -ге тең болса, онда ақша базасының әрбiр теңгесi 2 теңге жасауға қабiлеттiгiн көрсетедi. 2004 жылы ақша массасындағы депозиттердiң өсуi, ақша мультипликаторының мәнi, іткен жылмен салыстырғанда 3,29 –дан 3,67-ге дейiн өсiрiп отыр.

Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген, ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Ақша жүйесiнiң ізiне тән типтерi және элементерi болады. Ақша жүйесiнiң типi - бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты, ақша жүйесiнiң тімендегiдей типтерiн білiп қарайды:

  • металлл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тiкелей айналыста бола отырып, ақшаның барлық қызметтерiн атқарады, ал несиелiк ақшалар металлға ауыстырылады.;

  • несиелiк және қағаз ақшалар жүйесi, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелiк және қағаз ақшалар айналысқа түседi.

Металл ақша айналысы екiге білiнедi: