Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис анр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95.55 Кб
Скачать

5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

1-дәрiс. Ақшаның мәнi және қажеттiгi

Ақша, өзiнiң дамуы барысында екi түрге білiнедi: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.

Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетiн ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның iшiнде: мыстан, күмiстен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлi формада болған. Монета түрiндегi формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы - реверс және жаны – гурт деп аталады.

Монета сізiнiң шығуын Римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуiден берiлген ақшалай қаражаттың кімегiмен Римдердiң эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңiске жеткендiгi туралы аңыз бар. “Монета” сөзi латынша “moneo” – “кеңес беремiн, көңiлiңнен шығамын” дегендi бiлдiредi.

Алғашқы монеталар VII ғ. б.э.б Ертедегi Қытайда және Ертедегi Лидия мемлекетiнде пайда болды. Киев Русiнде алғашқы монеталардың пайда болуы IХ – Хғғ. жатады. Бастапқы кездерi айналыста алтын монеталарымен қатар, күмiс монеталар да қоса жүредi.

Алтын айналысына бiрқатар елдер де ХIХ ғ. екiншi жартысында іттi. Бұл елдердiң iшiнде алтын індiру жағынан бiрiншi орынды, ізiнiң отарларымен бiрге ағылшын елi алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:

  • алтын індiрiсi тауар індiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық ітей алмады.

  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет кірсете алмады.

  • алтын стандарты, жалпы алғанда індiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн болды және соғысушы елдер іздерiнiң шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгiлерiн шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесiнде, бiртiндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың індiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетiн ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгiлерi – арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгiлерi. Құнның қағаздай белгiлерi екiге білiндi: қағаз ақшалар және несиелiк ақшаларға.

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың ікiлдерi. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күмiс монеталардың орынбасарлары ретiнде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруiнiң объективтi мүмкiндiгi, олардың айналыс құралы қызметiн атқару ерекшелiктерiне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептерi мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  • металл ақшалардың мемлекеттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын тімендетуi барысында бүлiнуi;

  • бағалы металдарды індiрудiң қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуi;

  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;

  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХII ғ. Қытайда, 1690ж.. Ұлыбритан отары болған Солтүстiк Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүние жүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде шығарылды. Қазiргi кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрiнде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т.б.) ғана сақталған. Кешегi КСРО -да 1961ж. болған ақша реформасы негiзiнде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдiк қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейiннен Ресейдегi 1991-92 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесiнде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген ізiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және тілем құралы қызметiн атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетпiспеушiлiгiне байланысты шығаруымен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар ізiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенiмнiң тімендеуiн және тілем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелiк ақшалар - тауар індiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп тілеуге (несиеге) берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар.

Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау.

Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота, және чек.

“Вексель” сізi ағылшынша bill note – мiндеттеме шоты дегендi бiлдiредi.

Вексель - белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде тілейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы.

Вексельдiң түрлерiне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:

  • Жай вексель (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде кірсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты тілеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.

  • Аудармалы вексель (тратта) – вексельде кірсетiлген соманы бiлгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстаушыға (ремитентке) тілеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша тілеуге келiсiмiн бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесi бетiндегi индоссамент (басқа бiреуге аударуып жазу) кімегiмен айналыста жүре бередi. Аудару туралы қолдардың кібеюiне байланысты вексель айналысы ұлғая түседi және мұндағы әр индоссант вексель бойынша мiндеттемеге бiрлесiп жауап бередi.

Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдiң түрлерi ретiнде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельдi мынадай түрлерге біледi: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктiк) вексель – белгiлi бiр ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық мiндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның мiндеттемесi. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель кейiннен банкте оларды есепке алу мақсатында бiрi бiрiне берiледi.

Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етiлмеген қарыздық мiндеттеменi бiлдiредi.

Вексельдiң келесiдей ізiне тән қасиеттерi бар:

  • дерексiздiк, яғни вексельде мәмiленiң нақты түрiнiң кірсетiлмеуi;

  • даусыздық, яғни протест туралы актiнi нотариуспен жасағаннан кейiн тиiстi шара қолданылға дейiнгi қарыздың мiндеттi түрде тіленуге тиiстiгi;

  • айналымдылық, яғни басқа бiр тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) тілем құралы ретiнде вексельдiң берiлуi.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейiн және онан кейiн де вексель айналысы дамып келедi.

Вексель айналысын бiрiншi болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжiрибесiн атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкiметiнiң астық жинау бағдарламасына сәйкес ізiнiң 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы “астық” вексельдерiн айналымға шығарып, оларды несие құралы ретiнде клиентерiне бердi. Сол клиенттерiнiң iшiнде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлiк компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельдi тендер бойынша жеңiп алып, оны ізiнiң жабдықтаушылары арасында тілем құралы ретiнде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретiнде “Қазақстан темiр жолы” ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерiн ітедi.

Мұндағы, “домицилиант” – вексельде кірсетiлген тілемдi жүзеге асыратын, вексельде делдал ретiнде қатысатын банк.

Банкнота (ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номинальдағы ақша бiрлiктерi.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан ізара ажыратылады. Банкнотаның вексельден тімендегiдей айырмашылығы бар:

мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдi қарыздық мiндеттеме болса (3-6 айлық), ал, банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;

кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ал, банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екi түрге біледi: классикалық және жай.

Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан ізiндiк айырмашылығы бар:

  • жаратылысына қарай - қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнен туындаса, ал банкнота – ақшаның тілем құралы қызметiнен пайда болған;

  • эмиссиялау әдiсi бойынша - қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал, банкнотаны – Орталық банк шығарады;

  • қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзiмiнiң аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала бередi;

  • ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күмiске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етiлуi қысқарып, оның вексельдiк қамтамасыз етiлуi де күрт нашарлай түстi, себебi орталық банктiң вексельдiк портфелi, кібiрек қазыналық вексельдер мен мiндеттемелерге толықты.

Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiргi айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазiргi кезде ҚР ұлттық банкiсiнiң жай банкноталардың эмиссиялануының тімендегiдей үш жолын білiп кірсетуге болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;

  • Мемлекеттi (үкiметтi) несиелеу, яғни мемлекеттiк қарыздық мiндеттемелердiң орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, елiмiз тәуелсiздiк алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесiнде 1993-1998 жж. мұндай кірiнiстiң куәсi болдық. Айталық, 1995-96 жылдары бюджет тапшылығы ЖI´-нiң 5,5 -на дейiн жеттi, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80-ға жуығы ұлттық банктiң Үкiметке берген несиелерi есебiнен жабылғаны белгiлi. Әрине, бұл жолдың терiс жақтары да болды, оның бiрi елiмiзде гиперинфлияцияның орын алуы.

  • ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және елiмiздiң сыртқы қарыздарды ітеу үшiн мемлекеттiң валюталық резервтерiн арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек, вексель мен банкнотаға қарағанда, коммерциялық банктердiң құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелiк және айналыс құралы ретiнде бiршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1683ж. Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы тілеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы ізiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы.

Чектiң мынадай түрлерi бар:

ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған тілем құралы.

атаулы чек - аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;

ордерлi чек - бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индоссамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;

мәлiмдеушi чек - чектi мәлiмдеушiге ондағы кірсетiлген сомасы тіленедi;

есеп айырысу чегi - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегi – туристiк сапарларға арналған тілем құралы;

кеплiдендiрiлген чек – банктiң чекте кірсетiлген соманы тілеуге кепiлдендiруiн сипаттайын тілем құралы.

Чектiң экономикалық жаратылысы мынадай:

  • бiрiншiден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етедi;

  • екiншiден, ол айналыс және тілем құралы қызметiн атқарады;

  • үшiншiден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар - компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде іңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелерi арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттерi, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тілемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар - пластикалық карточка формасында болады. Олар екi түрлi болып келедi:

Дебеттiк (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келiсiм-шартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшiн тілеуге арналған тілем құралы.

Кредиттiк карточка - оның элиментi мен карточка иесi арасындағы келiсiм шартқа сәйкес, несиелiк кілемiнде тауарлар мен қызметтер үшiн тілемдi жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер дебеттiк және кредиттiк карточкалардың отандық және халықаралық түрлерiн кеңiнен қолданылуда. Оларға “Eurocard”, “Master Card”, “Visa”, “ALTYN”, “Maestro” және т.б. жатады.

Қазiргi кезде жалақы алуға арналған дебеттiк карточкалар да кеңiнен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары кібiне теңгеде ашылады.

Несиелiк карточкалар білшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазiргi уақытта несиелiк карточкалардың мынадай түрлерi қолданылады: банктiк, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Бiршама кеңiнен таралған түрiне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

Ақшаның өндiргiш күштер мен тауар қатынастарының бiршама жоғары дамуы нәтижесiнде пайда болғандығы ертеректен бiзге белгiлi. Ақшаның жаратылысын зерттегендегi басты анық болғаны, ол, оның тауарлы шығу тегiне байланыстылығын кірсетедi. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек інiмi. Осы еңбек інiмiнiң тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтiк алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракты еңбектiң, жеке және қоғамдық еңбектiң білiнiсi, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлi формаларын туғызды. Айырбас – бұл бiр тауар індiрушiден, екiншi бiреуiне жүретiн тауардың қозғалысын бiлдiредi. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал  бидай  балта), яғни, тауардың түрiне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты ілшенуiн талап етедi. Сонымен қатар, әр түрлi тауарлардың бiр бiрiне ілшенуiне ортақ негiз болуы қажет.

Мұндай негiзге тауарлардың құны, демек тауар өндiрiсi процесiнде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегi емес) тауарларды өлшенетiн жасайды. Нарықта бiр тауарды екiншi бiр тауарға айырбастаудың өзi бұл тауарларға еңбектiң шығындалғандығын, яғни екi тауардың да құнының барлығын көрсетедi. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндiруге жұмсалған еңбек әр түрлi болып, нәтижесiнде олардың құндары да бiрдей болмайды. Сөйтiп, қоғамдық еңбектi немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттiгi туындап, айырбас құнының (1 мал  1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны – бұл бiр тауардың басқа да бiр тауарға белгiлi сәйкестiкте айырбасталу қабiлетiн бiлдiредi.

Натуралды шаруашылық тұсында өнiм тек өндiрушiнiң және оның жан-ұясының қажетiн қанағаттандырғандықтан да, ол тұтыну құны қасиетiне ие болды. Тауар өндiрiсi тұсында өндiрушiнi өз өнiмiн айырбастау үшiн, бiрiншi кезекте құны, содан кейiн оның тұтыну құны қызықтырды. Егер, тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкiм қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкiн емес.

Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндiрушi үшiн тұтыну құны болса жеткiлiктi. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндiрушi үшiн айырбас құны мен сатып алушы үшiн тұтыну құны болуға тиiс.

Сөйтiп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегiнде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

  • Алғашқы формасы - өндiргiш күштердiң төменгi даму сатысына тән құнның жай және кездейсоқ формасы. Айырбастың бұл формасында бiр еңбек өнiмi екiншi бiр еңбек өнiмiне тiкелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бiр мал бiр қап бидайға айырбасталды.

  • Екiншi формасы - бұл құнның толық немесе жалпы формасымен сипатталады. Еңбек бөлiнiсiнiң дамуы және өндiрiстiң өсуi нәтижесiнде нарықтағы тауарлар саны мен түрлерi арта түседi. Мұнда, көбiне, бiр тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға: