Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
То что есть .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
232.96 Кб
Скачать

3. Есеп Жауабы: төменгі жақ тәжді өсіндісінің сынығы.

9 Билет.

  1. Хирургиялық стоматологиялық науқасты тексерудің негізгі және қосымша әдістері.

Негізгі әдістерге: сұрау (шағымы, өмір анамнезі, ауру анамнезі), қарау: сыртқы қарау, ауыз қуысын қарау. Пальпация. Перкуссия. Қосымша әдістерге: рентгенодиагностика, КТ, МРТ, сиалография, гистологиялық зерттеу, цитологиялық зерттеу, микробиологиялық зерттеу.

  1. Самай асты-жақсүйек буындарының қабыну аурулары. Диагностика және емдеу қағидалары.

Артриттер

Этиологиясына байланысты жіктейді: инфекциялық және травматикалық артриттер, даму сипатына байланысты —жедел және созылмалы. Инфекциялық артриттердің өзі: спецификалық және спецификалық емес деп бөлінеді. Травматикалық артриттер механикалық зақымдану нәтижесінде дамиды.

Жедел артрит-самай-төменгі жақ буындарының травманың нәтижесінде механикалық әсер ету нәтижесінде дамитын жағдай: ұрылу, соғылу, ауыз қуысын шексіз ашу және т. б.

Науқастар зақым алған жердегі ауырсынуға,ауыз қуысын ашқанда ауырсынуға шағымданады,иек бұл кезде зақымдалған жаққа ығысады.Ісіну дамиды. Пальпациялағанда ауырсынады.Рентгенологиялық зерттеуде,байлам аппараты үзілсе,буынға қан құюлымен жүреді; бұл жағдайда рентгенде буын саңылауының кеңеюімен байқалады.

Жедел артриттің инфекциялық түрі жедел тонзиллит, суықтану, тұмау және т. б. нәтижесінде дамиды. Іріңді паротит,жақ тармақтарының остеомиелиті,мастоидит,отит кезінде инфекцияның таралуынемесе гематогенді жолмен таралуы нәтижесінде ревматикалық және ревматоидты артрит дамуы мүмкін.

Іріңді артриттің дамуы буын аймағында инфильтраттың түзілуімен,тері гиперестезиясымен,гиперемирленген. Сыртқы есту жолы тарылған: науқастар естудің нашарлауын,бас айналуын байқайды.Иекті басқанда ауырсыну күшееді. Дене температурасы 38°С дейін жоғарлаған, ЭТЖ↑, С-реактивті белок реакциясы оң. Рентгенограммада: экссудаттың жиналуына байланысы саңылау ұлғайған. Ревматикалық артрит кезінде екі буынның да зақымдануы тән.Науқастарды тексеру барысында жүрек ауруларын анықтайды: ақау, ревмокардит және т.б.

Ревматоидты артрит кезінде бір самай төменгі жақ буыны зақымдалады,бірақ науқастар ауырсынуды басқа буындардан көрсетеді:иық,жамбас сан немесе тізеде.Бұл кезде самай-төменгі жақ буыны бірінші болып өте сирек зақымданады, ревматоидты артрит кезінде оның зақымдануы авторлардың зерттеулері бойынша 50,7% [Каназирска Ц., Мажаров Д., 1978].

Травмалық артрит кезінде емді ауырсынуды басудан бастайды.Науқасқа анальгетиктерді тағайындайды (анальгин 0,25 г 3 рет күніне) және жергілікті гипотермия 2—3 күн аралығында, кейіннен—УКС-терапия 10—15 мин күніге, 6күн, электрофорез калий йод және новокаин (кезектен). Бір уақытта ронидазбен, парафин- немесе озокери-тотерапия, балшықпен компресс жасайды. Ауырсыну қоймаған жағдайда диадинамикалық ток Бернарды тағайындау (2—3 сеанс).

Созылмалы артрит-буынның сыздап ауырсынуымен,қимылдың шектелуімен,сықырмен,таңертеңгілік құрысулармен байқалады.Ауырсынулар тұрақты,төменгі жақтың функциясы жаңарғанда күшейеді. Науқас ауыз қуысын 2—2,5 см дейін ашуға қабілеті бар.Ауыз қуысын ашқанда орташа крепитациямен, ал кейде сықыр естіледі,бұл кезде иек зақымдалған жаққа ығысады.

Рентгенограммада буындық саңылаудың тарылуын анықтаймыз— результат реактивті нәтижелерін,ал кейіннен буын шұңқырының және төменгі жақ шеміршегінің басының деструктивті өзгерістермен байқалады.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық жағдайда,дене температурасы қалыпты.Қанда көзге көрінерлік өзгерістер жоқ, ЭТЖ ↑ 25— 35 мм/сағ.

Ревматикалық және ревматоидты артриті бар науқастарды емін ревматолог қадағалайды. Травмалық артриттің созылмалыға ауысқанда ультрадыбысты терапия, парафин- және озокерито- терапия, шайнау бұлшықеттерінің массажы, балараның уын электрофорез, медициналық өтті, йод препараттарын тағайындайды. Миогимнастика жақсы нәтиже береді:төменгі жақты қимылдатпай ауыз қуысын ашу.Науқасты орындыққа отырғызып,шүйде бөлігін қабырғаға тақап,ауыз қуысын ашқанда және жапқанда қолмен иегін басады.Мұндай жаттығуларды науқас өзбетінше күніге таңертеңгілік уақытта 2—3 рет куніне 3—5 мин, 4—6аптаға созылады.

Миогимнастика әдісін Б.К.Костур ұсынған (1981). Авторлар дозирленген қысымды иекке төменнен жоғарыға қарай және алдыдан артқа қарай ғана емес,сонымен қатар жанына,ауыз қуысын ашқан кезде қарама қарсы жаққа ығысқан жаққада жасау керек деген.Бұндай жаттығулар 5— 10 рет жасайды,күніне 3—4 сеанс.

Комплексті емде ауыз қуысын және мұрынжұтқыншақты санациялау маңызды болып табылады,көрсеткіш болған жағдайда тісті рациональды протезирлеу жүргізеді.

Артроз

Негізгі себебі болып дистрофиялық сипаттағы процесстер,ұзақ дамитын,созылмалы жүретін қабыну және созылмалы микротравмалар,дефектілер,тісжақтық деформациялар болып табылады. Нәтижесінде қабыну процессі және дегенерация бір уақытта дамиды, деструкция мен сүйек тінінің және шеміршектің пролиферациясымен,самай-төменгі жақ сүйектерінің анатомиялық құрылымының остеосклероз және остеопороз дамуымен журетін, нәтижесінде олардың деформациясы мен конгруэнттілігінің бұзылысына әкеледі. Айқындалу дәрежесіне байланысты склерозирленген және деформирленген артроз деп ажыратады.

Науқас өткір емес ауырсынуға,буынға функциональды жүктеме түскен кезде күшеюіне шағымданады. Айқын жағдайда екіншілік реактивті синовиттің дамуы мүмкін,тұрақты болады,әсіресе ылғалды ауа райында,жүктемеден кейін,кешкілік уақытта және тыныштық жағдайдағы қозғалыста байқалады. Сонымен қатар науқастар зақымдалған аймақ жақтағы құлақтың және көздің ауырсынуына,бас ауруына, глоссалгияға,ауыз қуысының шырышты қабатының парестезиясына ,естудің төмендеуіне шағымданады.

Нәтижесінде буын беткейінің конгруэнттілігі зақымдалады, бұлшықет спазмы буын капсуласының өзгеруі және в периартикулярлы тіндердің қимылының шектелуі дамиды. Науқас тез шаршағыштығын,құрысу сезімін,бірақ буын функциясының шектелуі орташа және ауырсыну симптомымен немесе сүйектердің өсіп кетуі тән. Фиброзды немесе сүйектік анкилоздар кездеспейді.

Төменгі жақтың басының қимылы кезінде дөрекі сықырдың пайда болуы склероз және әктің жиналуына байланысты.Қабынудың жергілікті көріністерінің болмайды,бірақ құлақ самай аймағының сезімталдығы төмендеген,яғни самай-құлақ нервісінің невриттінің дамуын көрсетеді.

Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық күйде. Қан анализінде патологиялық өзгерістер байқалмайды,бірақ ЭТЖ↑, ал С-реактивті белок оң.

Склерозирленген артроздың клиникалық көрінісі айқындылығы шамалы, деформирленгенге қарағанда.Рентгенограммада склерозирленген артрозда сүйектің анатомиялық дамыған жерінде губка тәрізді зат қабатында төменгі жақтың басның деформациясын және беткейлік склероз анықтаймыз. Деформирленген артроз кезінде экзостоз және остеофит түріндегі сүйектік өсулер байқалады,нәтижесінде буын түбіршегінің және төменгі жақ басының қайтымсыз құрылымының өзгерістеріне әкеледі. Буындық саңылау тарылған,ауру баяу дамиды.

Диагнозды клиникалық, рентгенографиялық және лабораторлы зерттеулерді негіздеу арқылы қояды.

Емі комплексті: медикаментозды, физиотерапевтикалық, ортопедиялық және көрсеткіш болса оперативті. Медикаментозды терапияны ревматологтар тағайындайды. (бруфен, вольтарен, В тобының витаминдері, стероидты қатардағы препараттар ).. Кортикостероидтарды қолдану деформирленген артрозда қарсы көрсеткіш болып табылады.

Медикаментозды еммен бірге физиотерапияны тағайындайды: өт, балара уының, лидаза, йод препараттарымен электрофорез.Сонымен қатар: парафино- және озокеритотерапия, балшықпен емдеу, инфрақызыл сәулелендеру және лазерлік сәулелену . бір уақытта шайнау бұлшықеттінің массажы және емдік гимнастика тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]