- •«Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде
- •Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
- •3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
- •Шешімді қандай белгілер сипаттайды?
- •Басқарушылық шешімдердің ерекшеліктері қандай?
- •«Басқарушылық шешім» түсінігінің мәнін ашыңыз.
- •Басқарушылық шешімдердің ұйымдық мәнін сипаттаңыз.
- •Басқарущылық шешімдер қалай жіктеледі?
- •Тіркеу әдісі бойынша басқарушылық шешімдердің түрлерін атаңыз.
- •Шешімдерді қабылдау процесі қандай сипатқа ие болуы мүмкін?
- •Интуитивті шешім дегеніміз не?
- •3. Пайымдауға негізделген шешімнің мәні неде?
- •«Басқарушылық шешім» термині процесс ретінде және құбылыс ретінде
- •Басқарушылық шешімдердің экономикалық мәні неде?
- •3. Басқарушылық шешімдердің құқықтық мәні нені білдіреді?
- •3. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асырудың ұйымдық құрылымын сипаттаңыз.
- •Ынталық-мақсаттық технологияның мәнін ашыңыз.
- •2. Ынталық-мақсаттық технологияны қолдану шарттары қандай?
- •3. Бағдарламалық-мақсаттық технология мақсатқа жетуге кепілдік бере ме?
- •Бағдарламалық-мақсаттық технология неге негізделеді?
- •Регламенттік технологияның мәні неде?
- •Регламенттік технология қандай шарттарда қолданылады?
- •П роцессорлық технологияның жиынтығын атаңыз.
- •Нәтижелер бойынша басқару технологиясының мәні неде?
- •3. Нәтижелер бойынша басқару технологиясын іске асыру кезеңдерін атаңыз.
- •1. Қажеттіліктер мен қызығушылықтар негізінде басқару технологиясы неге негізделеді? Ол қайда тиімді іске асырылады?
- •2. Тұрақты түрдегі тексерулер мен нұсқаулар арқылы басқару технологиясы шеңберінде басшының әрекеттері қандай?
- •3. Ерекше жағдай дегеніміз не? Оған не жатады?
- •1. Ерекше жағдайларда басқару технологиясы шеңберінде жұмысшының әрекеттерін сипаттаңыз.
- •2. Жасанды зерде негізінде басқару технологиясының мәнін ашыңыз.
- •3. Қызметті белсендендіру қандай түсініктерді біріктіреді?
- •1. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен іске асыру қандай процедуралардан тұрады?
- •2. Сыртқы және ішкі келістіру дегеніміз не?
- •3. Басқарушылық шешімді қабылдау процедурасын сипаттап беріңіз.
- •1. Басқарушылық шешімді бекіту процедурасы кезіндегі әрекеттер қандай?
- •2.Басқарушылық шешімді орындауды ұйымдастыру процедурасының мәнін ашыңыз.
- •3.Басқарушылық шешімдерді дайындаудың негізгі формалары атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.
- •1. Басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудың негізгі формалары қандай?
- •2. Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру формаларын бірлесіп қолданудың механизмі қандай?
- •3. Жүзеге асыру формасы дегеніміз не?
- •Абырой дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
- •Қашықтық абыройы қай жағдайда тиімді?
- •3. Қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың қай түрін қолдану қажет?
- •Басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асыруға басшының қандай сипаттары ықпал етеді?
- •Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?
- •1. Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде «белгісіздік» пен «тәуекелдік» түсініктерінің мазмұндары қандай?
- •2. Тәуекел мен белгісіздіктің өзара байланысын айқындап беріңіз.
- •2. Белгісіздіктердің көбеюінен пайда болатын типтік қателердің тізімі
- •3. Басқару ісінің сипаты мен белгісіздіктің деңгейіне байланысты тиімді шешімдердің облыстары қандай?
- •1. Модель дегеніміз не?
- •2. Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі моделінің жіктелуін атаңыз
- •3. Индуктивті және дедуктивті модельдерге сипаттама беріңіз.
- •1. Модельдерді қолдану қай кезде орынды болып табылады?
- •2. Модельдердің негізгі элементтерін атаңыз.
- •3.Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде әдістер мен модельдердің әрекеттестігі қандай?
- •Проблеманы шешу үшін не қажет?
- •Экономикалық және материалдық жауапкершіліктердің айырмашылықтары неде?
- •Жауапкершіліктің гуманитарлық түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жауапкершіліктің мәні неде?
- •Жауапкершілікті қалай жіктеуге болады?
- •3. Жауапкершіліктің технологиялық түрлерін атаңыз.
1. Басқарушылық шешімді дайындау мен жүзеге асыру кезінде «белгісіздік» пен «тәуекелдік» түсініктерінің мазмұндары қандай?
2. Тәуекел мен белгісіздіктің өзара байланысын айқындап беріңіз.
3. Белгісіздіктер қандай топтарға бөлінеді?
1) Әртүрлі деңгейдің басшылары жеткіліксіз немесе сенімсіз ақпараттар, кадрлардың жоғары тұрақтамауы, жабдықтаушылардың немесе сатып алушылардың арамдығы, заңнаманың, нарық конъюнктурасының жиі өзгеруі және т.б. жағдайларда басқарушылық шешімдер жиі дайындайды. Нәтижесінде басқарушылық шешімдер мәтінінде байқаусыз қателер болуы мүмкін. Сондықтан басқарушылық шешімдердің нақты нәтижелері жоспарланған нәтижелермен әрқашан сәйкес келмейді. Олар тіпті қарама-қайшы болуы мүмкін. Сөйтіп, басқарушылық шешімдер үшін белгісіздік пен тәуекелдер тән. Белгісіздік қандай да объект немесе процесс туралы толық емес, айқын емес ақпарат ретінде анықталады. Тәуекелдік жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін. Белгісіздік қиын өлшенеді, әдетте оны сапалық – «көп немесе аз», «жоғары немесе төмен», «тиімді-тиімсіз» деп бағалайды. Ол пайызда сирек бағаланады, мысалы ақпараттың белгісіздігі 20 % құрайды, әзірленген шешімнің белгісіздігі 15 % құрайды.
2) Тәуекелдер мен белгісіздіктер бір түп тамырға ие және бір бірліктерде өлшенеді. Одан басқа, олар бір-біріне айнала алады. Белгісіздіктер мен тәуекелдіктер құбылыстар ретінде де, процесс ретінде де қарастырылады. Құбылыс ретінде белгісіздік объекттердің немесе процестердің анық емес немесе толық емес сипаттарының, бірін-бірі жоққа шығаратын немесе жеткіліксіз ақпараттар жиынтығы. Мұнда нақты қызметкердің еркінен және санасынан тыс кейде пайда болатын және оқиғаның барысын өзгертетін форс-мажорлық оқиғалар жатады. Процесс ретінде белгісіздік біліксіздіктен немесе тапсырманың күрделілігінен қате шешімдерді қабылдайтын қызметкердің қызметі.
3) Басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру тәжірибесінде белгісіздік бір тұтас ретінде қарастырылады, мұнда құбылыс процеспен жасалынады, ал процесс құбылысты қалыптастырылады.
Белгісіздіктер екі топқа бөлінеді: объективті және субъективті. Объективті белгісіздіктер басқарушылық шешімдерді әзірлейтін немесе жүзеге асыратын басшыдан немесе маманнан тәуелсіз болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйымнан тыс немесе оған басқарушылық шешімдер субъектісінің ықпалынан тыс болады. Субъективті белгісіздіктер кәсіби қателерден, қателіктерден, келісімге келмегендіктен, тапсырманың күрделігінен немесе уақыттың жетіспеушілігінен пайда болады. Мұнда белгісіздіктер көздері ұйым ішінде немесе егер басқарушылық шешімдер субъектісі оған әсер ете алса, одан тыс болуы мүмкін. Субъективті белгісіздіктер сомалық белгісіздіктердің негізгі бөлігін құрайды.
Емтихан билеті № 26
Тәуекелдік әдетте қалай бағаланады?
Тәуекелдік жоспарланған нәтижені алу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндік жағымды да, жағымсыз да нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Тәуекелдік басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудан алынған екі қарамы-қайшы нәтижелермен: жағымсыз (толық орындамау) және жағымды (жоспарлағанға жету) арақатынаспен анықталады. Әдетте тәуекелдік екі санның арақатынасы ретінде (мысалы, 1 : 9; 20 % : 80 %) немесе жағымсыз нәтиженің пайызы ретінде (мысалы, 0,01 %) бағаланады. Мысалы, 2,8 тәуекелдіктер он шешімнің ішінен екі жағдай ғана жүзеге асырылады дегенді білдіреді, 10 % тәуекелдіктер қабылданған шешімнің жағымды нәтижесі 10 % кепілдік берілмейді дегенді білдіреді; 50 % : 50 % тәуекелдік (фифти-фифти) процестің жағымсыз да, жағымды да нәтижелердің тең мүмкіндігін білдіреді. Белгісіздіктің төмен деңгейі кезінде тәуекелдер аз өседі және оны елемеуге болады. Белгісіздіктердің орташа және жоғары деңгейі жағымсыз нәтижені алудың тәуекелдігін жоғарлатады. Белгісіздіктің тым жоғары деңгейі жағымды нәтижелерге үміт қалдырмайды.
