Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы Басқару шешімдерін жасау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
416.98 Кб
Скачать
  1. Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?

Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге – иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге – ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.

Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады.

Емтихан билеті № 21

1.Әріпшілдік абыройдың мәнін ашыңыз.Абырой – бұл кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері. Әріпшілдік абыройы басшымен тапсырманы орындаудың барлық элементтерін толық алдын ала әзірлеу мен оларды бағыныштыларға беру есебінен құрылады. Тапсырманы орындауды қатаң регламенттеу белгіленген уақытта берілген сапасы бар нәтиже алу ықтималдығын арттырады. Басшының кәсіпқойлығы шешуші рөлді атқарады. Әріпшілдік абыройы компания қызметінің бастапқы сатысында, яғни кадрларды орналастыру әлі аяқталмағанда және орындаушылардың кәсіпқойлығы жеткілікті жоғары болмаған жағдайда жақсы іске асырылады. Бірақ орындаушы рөлі шығармашылық элементтері жоқ қарапайым жұмысқа аударылады. Регламенттеудің мұқтаждығын бағыныштылар әрқашан нашар қабылдайды – бұл кадрлардың тұрақтамауына және тапсырманы орындау сапасының төмендеуіне алып келеді.

2. Басу абыройының жағымсыз жағын атаңыз. Басу абыройы билік артықшылығының компанияның негізгі персоналының, клиенттердің немесе контрагенттердің басқа қажеттіліктері мен мұдделерінің артықшылығынан басым болған жағдайда пайда болады. Абыройдың мұндай түрі басшыға тігінен де, көлденең де шешімдерді тез жүзеге асыруға көмектеседі. Басу абыройының жағымсыз жағы қатаң тәртіке біртіндеп өту болып табылады.

3. Компанияның сыртқы ортасының қоршауларына сипаттама беріңіз.Компанияның сыртқы ортасының екі қоршауы бар: алыс және жақын. Жақын қоршауына қатынастары заңнама бойынша екіжақты келісімдермен, шарттармен немесе міндеттемелермен регламенттелетін элементтер: клиенттер, бақылаушы ұйымдар, бизнестегі әріптестер, қаржы-несие мекемелері, қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғалар, бәсекелестер, тиісті қызмет облысының заң базасы жатады. Компанияның алыс қоршауына оның тікелей әсер ету сферасынан тыс болатын элементтер жатады:- құндылықтар жүйесі мен олардың қоғамдағы басымдықтары;- халықтың әлеуметтік және саяси дамуы;- жергілікті және халықаралық іс айналымының дәстүрлері;- елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай;- салық жүйесі;- саладағы, елдегі және дүниежүзіндегі экономикалық жағдай;- әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік;- институционалдық құрылымдар;- табиғи катаклизмдер;- халық толқуы;- байланыстардың сыбайлас жемқорлығы.

Емтихан билеті № 22

1.Жақын және алыс қоршауларының элементтерін атаңыз.Жақын қоршауының сыртқы ортасының.Клиенттер – бұл компания қызметін қолданатын немесе одан қандай да өнімді сатып алатын тұлғалар. Бақылаушы ұйымдар – бұл салық, әкімшілік, санитарлық және басқа бақылау инспекциясы; зейнетақылық, медициналық, әлеуметтік және басқа қорлар, әртүрлі комиссиялар.Алыс қоршауының сыртқы ортасының элементтеріне тоқталып кетейік.Құндылықтар жүйесі мен олардың қоғамдағы басымдықтары.Құндылықтар жүйесіне материалдық, қоғамдық-саяси және рухани құндылықтар, соның ішінде жақсылық, әділдік, бостандық, сенімділік және т.б. туралы түсініктері жатады. Бұл жиынтық жағымды да, жағымсыз да құндылықтар жүйесін қалыптастыра алады.

2.Қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғаларға кімдер жатады? Қызығушы сыртқы жеке және заңды тұлғалар – бұл өзінің жеке немесе корпоративтік мүдделерінен шыға отырып компанияның өркендеуіне мүдделі тұлғалар. Жұртшылық (қоғамдық пікір) халықтың санасында компания мен оның өніміне қатынасын қалыптастырады.Тиісті қызмет облысының заң базасы.Бәсекелестер (бәсекелестік) – нарықтық экономикаының мәндетті элементі.Бизнестегі әріптестер – бұл жалға алу, серіктестік, мердігерлік, келісім, қаржылық және өтемдік келісімдер түрінде іске асырылатын компаниямен бірлескен қандай да қызметінің қатысушылары.Қаржы-несие мекемелері – бұл компанияның қаржы циклына тікелей қатысатын ұйымдар.

3.Елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай элементінің негізгі параметрлеріне не жатады?Елдегі және дүниежүзіндегі саяси жағдай Елдегі саяси жағдай: - қоғамның экономикалық құрылыммен және қоғамдық құрылыспен сипатталатын мемлекеттік басқару органдарының;- партиялық ұйымдардың, қоғамдық таптар мен топтарының қызметімен анықталады.Берілген элементтің негізгі параметрлері болып табылады:- халықтың мемлекеттік билік органдарына сену деңгейі;- мемлекеттік биліктің негізгі бағдарламаларын іске асырудағы халықтың тартылу дәрежесі;- белсенді партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың саны;- әлемдік қауымдастықпен елдің интеграция дәрежесі.

Емтихан билеті № 23

1.Абырой дегеніміз не? Оның түрлері қандай?Абырой – бұл кәсіпқойлыққа, тәжірибеге, ізгілікті жеке тұлғалық қасиеттер негізінде бағыныштыларға, әріптестерге немесе қоршаған адамдарға қызметтің түрлі салаларындағы ұйымның немесе тұлғаның танылған әсері.Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыруға мінез-құлық пен абырой мазмұны, соның ішінде: мейірімділік абыройы, орнын толтыру абыройы, әріпшілдік абыройы, басу абыройы, қашықтық абыройы, өсиетшілдік абыройы және тәкаппарлық абыройы әсер етеді. Әрбір түрі басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру кезінде тиімді қолдану облысына ие.

2. Қашықтық абыройы қай жағдайда тиімді? Қашықтық абыройы басшы мен оның шешімдерін орындаушылары арасындағы ақпаратта және байланыстарда кедергілерді жасанды жасау есебінен құрылады. Басшының немесе ақпараттың қол жетпестік әсері бағыныштыны ынталы шешімдерге жандандырады. Қашықтық абыройы сонымен қатар басшы өз шешімін қалай орындайтынын білмегенде және орындаушыларға үміттенген жағдайда тиімді.

3.Қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың қай түрін қолдану қажет? Орнын толтыру абыройы тапсырманы орындау үшін күшті түрткі болатын себептерді (өтемдерді) қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бағыныштыны орындалатын тапсырмаға емес, оны орындау үшін өтемдер мүмкіндігі қызығушылығы итермелейді. Өтем ақшалай түде, қосымша демалыс беруде, зейнеткерлікке шығу үшін қысқартылған өтілінде көрінуі мүмкін. Өте қызықсыз және ауыр жұмыстар үшін абыройдың бұл түрі жақсы нәтижелерге алып келуі мүмкін.

Емтихан билеті № 24

1. Алыс қоршауының элементі – әлеуметтік және экологиялық жауапкершілікке сипаттама беріңіз.

2. Компания үшін сыртқы орта элементтерін талдау кезінде қандай факторлар қарастырылады?

3. Сәтсіз басшыға қандай сипаттар тән?

1. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік

Сыртқы орта жүйесінде жаңа элемент. Жүзеге асырылған басқарушылық шешімдердің маңызды жағымсыз салдарлар үшін, яғни адамдарға немесе табиғатқа келтірілген зиян үшін компаниялар мен жеке тұлғалардың гуманитарлық жауапкершілігін сипаттайды. Әлеуметтік және экологиялық жауапкершіліктің параметрлері болып табылады: -жауапкершілік кеңдігі; -жауапкершіліктің уақыт интервалы. Ол мерзімсіз және берілген мерзімге болуы мүмкін. Мысалы, белгіленген тапсырманы орандау кезеңіне; -жауапкершілікке берілетін мән; үлестік жауапкершілікке персоналдың тартылуы.

2. Сыртқы орта шешім қабылдайтын басшы үшін бұл элементтердің параметрлерінің тиімді және (немесе) тиімсіз мәндерінің жиынтығын қалыптастырады. Басқарушылық стратегияға байланысты басшы:

- компания қызметінде бұл параметрлердің мәнін қабылдай және есепке ала алады. Мұнда сыртқы орта БШ дайындаудың, жүзеге асырудың және нәтиже алудың енжар шектеушісі немесе тездеткіші рөлін атқарады;

- өз бизнес үшін сыртқы орта параметрлерінің әрекетін күшейте немесе әлсірете алады;

- компания қызметіне жағымды әсеріне қол жеткізе отырып, сыртқы орта элементтерін алдын ала ескере алады.

3. Әрбір басшы бағынышталардың назарын өзінде сезінеді. Оның жеке тұлғалық сипаттары бағыныштылармен және әріптестермен қарым-қатынас процесіне, сонымен қатар басқару шешімдерін орындауға маңызды әсер етеді. Жеке тұлғалық сипаттар арасында өзгермейтін, әлсіз өзгеретін және едәуір өзгеретін сипаттар бар. Өзгермейтін жеке тұлғалық сипаттарға: темперамент, денсаулық, реакция, әлсіз өзгеретіндерге – иланушылық, сезімдік деңгейі, кәсіпқойлық, тәжірибе, назар түрі, тәуекелдік, ойлау ерекшеліктері, едәуір өзгеретіндерге – ерік, жауапкершілік, байланысқа бейімділік жатады.

Басқарушылық тәжірибеде адамдармен жұмыс жасауды жеңілдететін, басқару шешімдерін сәтті дайындау мен жүзеге асырудың мүмкіндіктерін арттыратын адам қасиеттерінің жиынтығы бар. Мұндай жиынтықтың бірі келесі қасиеттерден тұрады: өте жақсы денсаулық, жақсы үй иесі, кәсіпқор, қарым-қатынас үшін ашық, білімқұмар, басқалардың қателері мен пікірлеріне сабырлы, ұжым күшіне сенімді, табанды, мол тәжірибеге ие, жақсы әдеттерге ие, сенімділік тудыру, өз біліктілігін үнемі жоғарлату.

Сәтсіз басшыға тән сипаттар: асығыстық, артық жұмсақтық, жеткіліксіз тәжірибе, сөзшендік, ұқыпсыз сыртқы түрі. Оның қызметі ойда болмаған жағымсыз жағдайлардың көптігімен болады

Емтихан билеті № 25