Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дініміздегі ілімнің пайдасы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.69 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келе, асыл дінімізге үрей, қорқыныш, қайғы, үмітсіздік көзімен емес, жақсылық, қуаныш, береке, білім бастауы деп қарағанымыз жөн болар. Өйткені, ғасырлар бойы исламмен ғұмыр кешкен халқымыз: «Жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады», - деп білімдінің берері көп екенін айтқан. Сол үшін бүгінгідей мұсылман жұртының арасында тартыстың құралына айналған бос білімнен сақтанып, жаратқан Алладан тек екі дүниемізге пайда берер ілім сұрайық.

Біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әрбір білім саласына өз үлесімізді қосып, әлемнің ашылмаған жаңалықтарын зерттеп-зерделеп ашып, діни салада болсын дүниеуи салада болсын еңбек етіп, егеменді еліміз Қазақстанды жоғары мәртебелерге паш еткізуіміз керек.

Әрбір саналы адамды мазалайтын және жауабын табуға итермелейтін, өмір тіршілігіне бағыт – бағдар беретін бірнеше негізгі сұрақтар болады. Діни білім осындай сұрақтарға жауап береді. Дүниеуи және діни білімді мейлінше меңгеріп, екеуін де қатар алып жүрген адамның жеке отбасына ғана емес еліне де берері көп болады. Ондай адам бұл дүниеде де толыққанды, өнегелі өмір сүруге мүмкіндік алып, ақыретте де қайғырмайтын болады. Бұл оның дүниеде де, ақыретте де жақсылықта болып, екі дүниенің бақытына кенелтеді.  

Ислам елдері дамыған елдермен салыстырғанда, бірнеше ғасырға артта қалғандығы шындық. Ал, осы кемшіліктің орнын толтыру үшін мұсылмандар ислам дініне шынайы бет бұрып, исламды толық меңгерсе, діннің талаптарын толық ұстанса, оның ішінде, білім іздеу талабы да бар, ислам әлемі ең дамыған елдердің қатарынан орын алары сөзсіз. Өйткені, мұсылман елдерінде әлемдік қазба байлықтың басым қоры орналасқан. Құранда, халықтың өзгеруіне қатысты: «Шынында, Алла ешбір қоғамды олар өз-өздерін өзгертпейінше, өзгертпейді» деп бұйырылады (Рағд сүресі, 13/11). Олай болса, алдымен білім, екіншіден еңбек жеке адам үшін де, мемлекет үшін де дамудың даңғыл жолы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Халифа Алтай, Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі

  2. Хадис шарифтер

  3. Ислам ахлақы

  4. muslim.kz сайтынан

  5. islamdini.kz сайтынан

  6. muftyat.kz сайтынан

  7. maturidi.kz сайтынан

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6

Ілім үйренудің маңыздылығы 6

Ілім ғалымнан үйреніледі 9

Ілім үйренерде нелерге мән беру керек 10

Ілімді пайдалана алу үшін 11

Ілімнің басы 12

Ұят болады деп сұрамау 14

Кітап оқуды әдетке айналдыру 14

Хикмет 17

Ең жақсы ғибадат 19

Пайдалы және пайдасыз ілімдер 20

Амалсыз ілім 21

Дінді үйрену үшін 22

Ілімсіздіктің ақыры 26

ҚОРЫТЫНДЫ 30

Пайдаланылған әдебиеттер 31