Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дініміздегі ілімнің пайдасы .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.69 Кб
Скачать

Ең жақсы ғибадат

Әрқашан дұрыс иман иесі болуға, парыздарды орындап харамдардан тыйылуға, тәубе етіп қаза болған парыздарды өтеуге тырысу керек. Бұларды дұрыс орындай алу да тек қана ілім арқылы жүзеге асады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Түнде бір уақыт ілім үйрену, түні бойы ғибадат еткеннен де артық сауап» (Р. Насихин)

«Азаннан кешке дейін іліммен шұғылдану, жиһад етуден абзал болып табылады.» (Дәйләми)

«Ілімнен бір мәселе үйрену, жүз рәкат нәпіл намаз оқудан да құнды.» (Ибн Абдилбәр)

Ілімсіз жасалған амалдың құны жоқ. Қазіргі таңда ілімнің маңызы өте үлкен. Хадис шәрифте былай делінген: «Сендер факиһтері (фиқһ ғалымдары) көп, хатибтары аз, беретіндер көп, алатындар аз заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Сондай бір заман келеді фақиһтері аз, хатибтері көп, беретіндер аз, алатындар көп болады. Ал ол заманда ілім амалдан қайырлы болады» (Табарани)

Пайдалы және пайдасыз ілімдер

1) Иман, ғибадат және тіршілік үшін табыс ілімдерін үйрену парыз. (Хиндийа)

2) Фиқһ ілімдерін үйренбей хадис, тәфсир ілімдерімен шұғылдану қате болады. (Бәриқа)

3) Математика және геометрия, астрономия сияқты ілімдер, егер Аллаһу та’аланың көрсеткен жерлерінде яғни адамдарға қызмет ету үшін қолданылмаса, бұлармен шұғылдану, уақытты пайдасыз нәрселермен өткізген болады. Қыбла және намаз уақыттары үшін және дінге қызмет ету үшін бұл ілімдерді үйренудің зияны жоқ. (М. Раббани, Хиндийа)

4) Балгерлік ілімдерін үйрену харам. (Хиндийа)

5) Кәлам яғни иман ілімдерін қажеттілігінен артық үйрену жаиз емес. (Хадиқа)

Ілімді Аллаһ разылығы үшін және мұсылмандарға қызмет ету үшін үйрену керек. Мал-мүлікке (байлыққа), мансапқа (лауазымға, билікке) ие болу, тәкаппарлық және атақты болу үшін үйренбеу керек. Ілімді үйренгенде де тек қана әһли сүннет ғалымдарының жазған кітаптарынан үйрену керек.

Әр мұсылманның илмихал (сол халдегі парыз болған ілім) үйренуі парыз айн. Аллаһу та’ала «Білетіндерден сұрап үйреніңдер!» деген. Білмейтіндер ғалымдардан және олардың кітаптарынан үйренулері керек. Сондықтан хадис шәрифте «Ілім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз» делінген. Орындалуы және тыйылуы керекті болған ілімдерді дұрыс жазылған ілмихал кітаптарынан үйрену керек.

Ғалымдар әрбір мұсылман әһли сүннет ақидасын қысқаша және күнделікті істеріндегі және ғибадаттарындағы парыздар мен харамдарды жақсылап үйренулері парыз айн екенін ауызбірлігімен білдірген. Бұлардың көбісін және араб тілінің он екі құрал ілімін үйрену және тәфсир, хадис шәриф, жаратылыстану және медициналық ғылымдарды, есеп яғни математиканы үйрену парыз кифая болып табылады. Бұл парыз кифаяны бір қалада бір адам үйренсе, осы қалада тұратын басқа адамдардың үйренуі парыз болмайды, мүстаһаб болады.

Қалада фиқһ кітаптарының болуы, ислам ғалымдарының болуы сияқты. Мұндай қалада фиқһ мәселелерін артығымен үйрену және тәфсир, хадис үйрену ешкімге парыз болмайды, мүстаһаб болады.

Қажеттілігінше білмейтіндер білетіндерден сұрауы керек, білетіндер де білімін жасырмауы керек! Дүние істерін істер кезде ахиретті ұмыту өте жаман. Хадис шәрифте «Ақыр заманда адамдар мешіттерін сәндейді, көңілдерін (жүректерін) тоздырады. Діннен көп киімдерге мән береді. Дүниелері аман болса, ахиретті ойламайды.» делінген (Хаким)

Үнемі нәпіл намазын оқудың орнына, намазды дұрыс оқуды үйрену одан да құнды. Біліп жасалған аз амал, білмей жасалған көп амалдан қадірлі болып табылады. Бір нәрсені жақсылап істеу тек қана ілім арқылы болады. Барлық нәрседен бұрын ілім үйренуге тырысу керек. Хадис шәрифте «Аллаһтың құзырында ілімді талап ету, намаз, ораза, қажылық және жиһадтан да абзал.»делінген. (Дәйләми)