Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дініміздегі ілімнің пайдасы .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.69 Кб
Скачать

Кітап оқуды әдетке айналдыру

Ілімнің қайнар көзі – кітап. Ең жақсы, ең дұрыс және ең оңай ілім кітап оқу арқылы үйреніледі. Кітап – дыбыссыз мұғалім. Түсінбеген жерлерін бірнеше рет оқи аласыз. Түсінбегеніңіз үшін сізге ашуланбайды. Ұрспайды және масқараламайды.

Кітап оқыған кезде әрі жаңа мәліметтер үйреніледі, ой-өрісті арттырады, әрі күнделікті қиыншылықтарыңыздан аз болса да ұзақтаған боласыз. Көп кітап оқыған адамдардың сөйлеу мәнері дұрысталады. Әдемі және түсінікті сөйлемдер құрады. Пікірін орынды түрде жеткізе алады. Көп қателік жасамайды. Оқиғаларды тіл байлығымен қызықты етіп айтып береді. Оңай-шылықпен ашуланбайды, сабырды үйренеді. Түсінігі мол және шыдамды болады.

Әрине кітап дегенде, кез-келген кітап бұларды тудырады демейміз. Кітаптың да дұрысы, жақсысы, пайдалысы бар. Бұның терісі де болуы мүмкін. Кейбір кітаптарды оқығанда қаламасақ та болымсыз, жаман жағына қарай әсерлене алуымыз мүмкін.

Жылқы шөпті жеуден бұрын иіскейді. Егер улы болса, күмәнданса жемейді. Кітап та сондай. Кітап жайында алдымен мәлімет жинау, кітаптың жазушысы, авторы жайында пікір алу керек.

Бұзылған азық жеген кезімізде асқазанымыз қалай ауыратын болса, бұзық кітап оқыған кезімізде миымыз да осылайша әсерленеді. (Осы тұрғыдан мазһабсыздардың, діни реформашылардың кітаптарын оқымау керек.)

Адамның ең қатты өкінетін нәрсесі – үйренген қажетсіз және қате ілімдері.

Теледидар мен радио сияқты құралдардан алынған білім уақытша. Көп мәлімет берілсе де, бұларды ақылда сақтау қиын. Өйткені бұл мәліметтерге иемдену үшін ешқандай еңбек жұмсалмаған.

Бірақ кітап ондай емес. Белгілі еңбек жұмсалып алынған білімнің ұмыт болу ықтималы өте аз.

Ислам діні – ілімнің нағыз өзі. Құран кәрімде көптеген жерде ілім үйре-ну әмір етілген, ілімді адамдар мақталған. Мысалы, «Білетін адам мен біл-мейтін адам тең бола ма, білетін адам әрине қадірлі» (Зумәр 9) делінген.

Сүйікті пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) ілімді мақтаған және ілімге ынталандырған сөздерінің көптігі және машһүрлігі соншалық, мұсылман болмағандар да бұларды біледі. Жоғарыда бірнешеуін білдірдік.

Ислам дінінде әйел күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл қажылыққа бара алмайды. Сапарға шыға алмайды. Бірақ күйеуі үйретпесе және рұқсат бермесе, оның рұқсатынсыз өзіне қажетті ілімді үйренуге кете алады. Аллаһу та’ала жақсы көрген қажылыққа рұқсатсыз кетуі күнә болып, ілім үйренуге рұқсатсыз кетуі күнә болмайды. Хадис шәрифте, «Ілім қайда бар болса, ол жерде мұсылмандық бар. Қай жерде ілім жоқ болса, ол жерде кәпірлік бар» делінген. Бұл жерде де ілімді әмір етуде. (Баршаға қажетті иман)

Ілім діннен бөлек емес. Ислам ілімдері екіге бөлінеді:

1) Ақли (дүниелік) ілімдер,

2) Нақли (діни) ілімдер.

Физика, химия, математика, әдебиет сияқты тәжірибелік ілімдерге ақли (ақыл) ілімдер делінеді. Тәфсир, кәлам, хадис, фиқһ сияқты ілімдерге нақли (нақл жолымен келетін) ілімдер немесе дін ілімдері делінеді.

«Ислам діні ілімді, ғылымды әмір етеді» деп айту да қате түсінілуі мүмкін. Өйтені Ислам дінінің өзі ілім.

(Физика, математика сияқты) жаратылыстану ілімдері Ислам дінінің бір бөлімі. Дін (Ислам) делінген кезде, ішіне ілім де кіреді. Сол үшін, діни және іліми деп екеуін бөлу қате. Ғылым діннен бөлек емес.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ғылым мен өнер мүминнің жоғалтқан мүлкі. Қайдан тапса алсын!» (Ибн Асакир)

«Ілім Қытайда болса да алыңдар, үйреніңдер!» (Бәйһақи)

Қытай бұрыннан беріге дейін әлі мұсылман емес. Қытайдан алынатын ілім, әрине жаратылыстану (дүниелік) ілімі, әр түрлі технологиялар. Осы тұрғыдан ешкімнің Ислам дінінің ілімге, техникаға, даму, өркендеуге қарсы екендігін айтуы мүмкін емес.

Дінімізде парыз болған ілімдер екіге бөлінеді: Фарзи кифая, фарзи айн болған ілімдер.

Дүние істерін реттеу үшін қажет болған медицина, ауыл шаруашылығы, киім тігу, саясат сияқты ілімдер фарзи кифая.

Бұл ілімдерді білетін жеткілікті мөлшерде адам бар болса, басқа адамдардың бұл ілімдерді үйренуі парыз болмайды. Яғни бұл ілімдерді білмегені үшін басқа адамдар жауапкершілік тартпайды.

Фарзи айн болған ілімдерді әр мұсылманның білуі парыз. Мысалы намаз, ораза сияқты ғибадаттарды әрбір мұсылманның білуі парыз. Ең алдымен Әһли сүннет ақидасын (сенімін) үйрену әр мұсылманға фарзи айн. Зекет беретін байдың зекет ілімін білуі фарзи айн болғанымен, кедейдің білуі парыз емес. Үйленетін адамның үйленуге қатысты қажетті ілімдерді білуі парыз. Үйленбейтін адамның үйленуге қатысты ілімдерді білуі парыз емес. (Хадиқа)

Көп кітап оқу, көп ілім үйрену орнына пайдалы ілім үйрену керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ілімнің пайдалысы, ғибадаттарды дұрыс және жақсы орындау арқылы байқалады. Харамдардан сақтандырмайтын, тақуалықты арттырмайтын ілім, тек Аллаһу та’аланың ашуын арттырады.» (Дәйләми)

«Ілімі көбейгенімен мінез-құлқы түзелмеген адам Аллаһу та’аладан алыстайды.» (Дәйләми)

Хикмет

Діни ілімдер әһли сүннет ғалымдарынан алынады яғни солардың кітаптарынан үйреніледі. Ал жаратылыстану (дүниелік) ілімдері әр жерден алынады. Осы жөнінде хадис шәрифтерде былай делінген:

«Хикмет (ғылым және өнер) мүминнің жоғалтқан мүлкі. Қайдан тапса алуы керек.» (Ибн Асакир, Аскери)

«Хикметті ал, қай жерден алынғаны саған зиян бермейді.» (Кунуз-үл Хақаиқ)

«Ілімді Қытайда болса да алыңдар» (Бәйһақи)

Бұл хадис шәрифтер дүниенің ең алыс жерлерінде, тіпті кәпірлерден болса да ілім үйренуді әмір етуде, шығыс немесе батыс деп ілім алудан бастартпау керектігі білдірілуде. (Мәудуат-үл-улум)

Хикмет, ғылым деген мағынаны білдіргеніндей басқа мағыналарды да білдіреді. Мысалы фиқһ ілімі мағынасы да бар. Бір аяти кәримада «Аллаһ хикметті (фиқһ ілімін) кімге қаласа соған береді» делінген (Бәқара 269)

Хикмет заттың маңызын, қасиетін және ерекшелігін білу деген мағынаға да келеді. Аяти кәримада «Аллаһқа шүкір ет деп Лұқманға хикмет бердік. Шүкір еткен адам өзі үшін шүкір етеді.» делінген (Лұқман 12)

Ілім, талап еткен адамға үйретіледі, талап етпей ілім үйренілмейді. Бір нәрселерді жаттап алуы мүмкін, бірақ оның пайдасын көрмейді. Білім алудың ең бірінші шарты ілімді талап ету.

Үйренуі қажетті ілім де күнә істеу арқылы үйренілмейді.

Былай деп ниет етуге болады: «Мектепке, оқуым біткенде мұсылмандар-ға, адамдарға қызмет ету үшін, пайдалы болу үшін кетіп бара жатырмын және сабақтарға сол үшін дайындалып жатырмын. Йа Раббым маған пайдалы ілім нәсіп ете гөр.»

Дүниеде де, ахиретте де бақытты болу ілім арқылы жүзеге асады. Хадис шәрифте «Әр нәрсенің бір жолы бар. Жаннаттың жолы – ілім» делінген. (Дәйләми)

Ахиретте бақытты болу ілім арқылы болатынындай, дүниеде де рахат және тыныш өмір сүру ілім арқылы болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Сүлейман алейһиссаламға мал-мүлік, салтанат және ілім ұсыныл-ғанда ол ілімді таңдады, кейін мал-мүлікпен салтанат та берілді.» (Дәйләми)

Ең жоғары амалдың қандай екені сұралғанда пайғамбарымыз(с.ғ.с.) «Аллаһу та’аланы тану» деп жауап берді. Олар «Йа расулаллаһ біз амал тұралы сұрап жатырмыз, ал сіз ілім жөнінде айтып жатырсыз» деп айтады. «Жақсылап біліп алыңдар, іліммен жасалған аз амал құнды болады. Ал жаһилдікпен (білмей) жасалған көп амал пайдасыз болады» деді. (Ибн Абдилбәр)

Тасаууфты яғни тариқатты үйренуден алдын ілім үйрену керек.

Бадруддин Сәрхәнди хазреттері былай деген:

«Имам Раббани хазреттен "Бұхари", "Мишқат", "Хидая", "Шархи Мәуақиф" кітаптарын оқып ілім алдым. Ұстазымыз жастарды ілім үйренуге үгіттейдін еді: "Алдымен ілім, сосын барып зікір" дейтін еді. Менің ілім оқудан қашып, зікірге көбірек құштар екендігімді байқап: "Балам, кітап оқы, ілім үйрен, сауатсыз сопы шайтанның қолында масқара болады. “Рутбатул илми ъаләл рутаб”, яғни мәртебелердің ең биігі ілім мәртебесі" деген еді.» (Хадарат-ул-қудс)