- •Ілім үйренудің маңыздылығы
- •Ілім ғалымнан үйреніледі
- •Ілім үйренерде нелерге мән беру керек
- •Ілімді пайдалана алу үшін
- •Ілімнің басы
- •Ұят болады деп сұрамау
- •Кітап оқуды әдетке айналдыру
- •Ең жақсы ғибадат
- •Пайдалы және пайдасыз ілімдер
- •Амалсыз ілім
- •Дінді үйрену үшін
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Ілімнің басы
Пайғамбарымыз ілімнің ғажайыптарынан сұраған ауылдық адамға:
- Ілімнің басын үйрендің бе?- деді.
- Ілімнің басы не?
- Ілімнің басы Аллаһу та’аланы дұрыс тану. Ал бұл Оның ұқсасы, қарама-қайшылығы, теңі, серігі жоқ екендігін, уахид, әууәл, ахир, заһир және батин екендігін білу. (Шира)
Бұдан көргеніміздей ілімнің басы марифатуллаһ, яғни Аллаһу та’аланы тану.
Ілімнің немесе сәттіліктің басы сабыр деуге болады. Ғибадат үшін де осылай. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ғибадаттың басы сабыр.» (Хаким)
Сабырдың маңызы көптеген істерден үлкен. Осы тұрғыдан да «Әр істің басы сабыр» деуге болады.
Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Ілімнен бір нәрсе үйрену, дүние мен ішіндегі барлық нәрседен жақсырақ.» (Табарани)
«Үйрету үшін ілімнен бір мәселе үйренген адам 70 сыддық сауабын алады.» (Дәйләми)
«Ілім үйрену амалдан құндырақ.» (Хатиб)
Ілімнен зиян келмейді. Өлгенге дейін ілім үйренуге тырысу керек! Хадис шәрифте былай делінген:
«Ешкім сауатсыздығымен құрметті, ал ілімімен масқара болмайды.» (Аскери)
Ілімнің пайдалысын үйрену керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Аллаһу та’аладан пайдалы ілім сұраңдар және пайдасыз ілімнен Аллаһу та’алаға сыйыныңдар!» (Ибн Мажә)
Қазіргі таңда адамдардың көбі Әһли сүннет сенімін білмейді. Үйренуі фарзи айн болған ілімдерден хабарсыз. Дүние мен ахиретке жарамайтын сұрақтарды сұрау, жауап беруге тырысу және «Мен білемін» деу дұрыс емес. Құран кәрімде де былай делінген:
«Әр ілім иесінің үстінде одан жақсырақ білетіні бар.» (Юсуф 76)
Хадис шәрифте былай делінген:
«Ғалыммын деген адам жаһил (надан).» (Табарани)
«Көп сұрақ қоюдан сақ болыңдар! Сендерден бұрынғылар осы себепті құрыған.» (И. Мауәрди)
«Сендерге көп сұрақ қоюды тыйым саламын.» (Табарани)
«Аллаһ разылығынан басқа бір мақсатпен ілім үйренген немесе ілімін дүние пайдасына құрал қылған адам жаһаннамға түседі.» (Тирмизи)
«Ілімді ғалымдармен жарысу, жаһилдермен (сауатсыздармен) сөз таластырып өшіру және адамдар арасында абыройға қол жеткізу үшін үйренген адам жаһаннамға түседі.»(Тирмизи)
Осы себепті, қажетсіз сұрақ қою және басқа мақсаттармен сұрақ қою дұрыс емес. Сынау үшін, қарсы алдыңдағы адамды масқаралау үшін сұрақ қою да дұрыс емес. Хадис шәрифте, «Үйрену үшін сұрақ қойыңдар! Жаман мақсатпен сұрақ қоймаңдар!» делінген. (Дәйләми)
Сұрақты дұрыс қоя алу ол адамның ілімін көрсетеді. Хадис шәрифте, «Жақсы сұрақ – ілімнің жартысы» делінген. (Табарани)
«Кейбір қауымдар келеді, фақихтері нәзік және аралас мәселелерді қолға алады, халықты адастырады. Міне осылар, үмметімнің жауыздары.» (Табарани)
Ұят болады деп сұрамау
Қызбала ұятты сұрақтарын анасынан сұрайды. Ол да білмесе, анасына «Әкемнен сұрап бер» дейді. Әкесі де білмесе, әкесінің білетін бір адамнан сұрауы керек. Әкесі жоқ болса, көке сияқты махрем туысқандарынан үйренеді. Бұлар да үйрете алмаса, онда хатпен немесе телефонмен өз атынан емес, «Бір әйелдің әдет жағдайы осынша уақыт жалғасып тоқтаса, не істеу керек» деген сияқты түрде сұрау дұрыс болады. Әйелдің күйеуі осы ілімдерді үйреніп әйеліне түсіндірмесе, әйел ең дұрыс жолмен бұларды үйрене алады. Білетін адамдардан осындай сұрақтарды әдеп шеңберінде сұрауы айып болмайды.
Хазреті Әсманың пайғамбарымыздан(с.ғ.с.) қалай ғұсыл алу керектігін сұраған кезде ұялғанын көрген хазреті Айша анамыз, «Ансар әйелдері қандай жақсы, ұялулары діндерін үйренуге кедергі болып тұрған жоқ» деді. (Бұхари) Демек, ұят болады деп өзіне парыз болған ілімдерді үйренбеу қате. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) ұятты тақырыпта түсіндірген кезде, «Аллаһу та’ала хақтың түсіндірілуінен тартынбайды» деген. (Тирмизи) «Аллаһу та’ала шындықты айтудан тартынбайды.» (Ахзаб 53)
Қажет болған жағдайларда білмейтіндер білетіндерден сұрауы керек, білетіндер де ілімін жасырмау керек! Хадис шәрифте былай делінген:
«Ғалымның білгенін айтпауы, ал жаһилдің (сауатсыздың) білмегенін сұрамауы халал емес. Өйткені Аллаһу та’ала "Білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар" деген.» (Табарани)
Дінін үйрену үшін сұрақ сұрағандарға жауап бермеудің жауапкершілігі өте үлкен. Хадис шәрифте былай делінген:
«Ілімін (білгенін) жасырған адамға теңіздегі балықтан, аспандағы құсқа дейін барлық нәрсе лағынет айтады.» (Дарими)
