Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дініміздегі ілімнің пайдасы .docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.69 Кб
Скачать

Ілім ғалымнан үйреніледі

Шәкірттің ілім үйрене алуы және дұрыс жолды таба алуы үшін үйретушіге қажеттілігі бар. Өйткені хадис шәрифте, «Ілім ұстаздан үйреніледі» делінген. (Табарани)

Ал Құран кәрімде: «Егер білмесеңдер, білетіндерден сұраңдар!» делінген. (Нахл 43)

Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін себептерге жабысу, бір ғалымның көрсеткен жолымен жүру керек. Құран кәрімде: «Ей иман келтіргендер, Аллаһтан қорқыңдар және Оның разылығына қауышу үшін себеп іздеңдер!» делінген. (Маида 35)

Бұл аяти каримадан да бір үйретушіге қажеттілік бар екендігі аңғарылуда. Адамның жол көрсетушісі болмаса, оған шайтан жол көрсетуші болады. Жол көрсетуші шайтан болған жағдайда, өзіне ергендерді жардан жарға тастайды.

Әһли сүннет сенімі мен илмихалын үйренбеген және бала-шағасына да үйретпегендер Мұсылмандықтан айрылу, күпір пәлекетіне түсу қаупінде. Хадис шәрифте: «Ілім бар жерде мұсылмандық бар. Ілім жоқ жерде мұсылмандық қалмайды» делінген.

Өліп қалмау үшін ішіп-жеу керек болғанындай, кәпірлерге алданбау, діннен шықпау үшін де дінін, иманын үйрену керек. Ата-бабаларымыз әрдайым жиналып, Илмихал кітаптарын оқып, діндерін үйренетін еді. Тек осылай ғана мұсылман болып қалды. Ислам дінінің ләззатын алды. Бұл бақыт нұрын біздерге дұрыс қылып жеткізе алды.

Ілім үйренерде нелерге мән беру керек

Имам Ғазали хазреттері былай деген: Шәкірттің кейбір қасиеттері мыналар:

а) Көңілін бүкіл жаман халдерден тазалау. Хадис шәрифте: «Дін тазалық үстіне құрылған» делінді. Бұл жердегі тазалық тек сыртқы тазалық емес, сонымен қатар ішкі тазалық. Басқа бір хадис шәрифте: делінген. Жүректі (көңілді) бір үйге ұқсатайық. Бұл үйге періштелер«Ит бар үйге рахмет періштелері кірмейді» деп келеді. Ашу, кек, көре алмаушылық, тәкаппарлық сияқты жаман мінездерді үріп жатқан ит деп қабылдайық! Осындай азғын иттерге толған үйге рахмет періштелері кірмейді. Аллаһу та’ала ілім нұрын жүрекке періштелері арқылы құяды. Рахмет періштелері кірмейтін жүрек ілімнен махрұм қалады.

ә) Бүкіл күш-жігерін ілімге байлау керек! Басқа нәрселерден байланысты үзу керек! Ойдың, зейіннің бытыраңқы болуы, жинақы болмауы суы бөлінген арыққа ұқсайды. Оңды-солды аққаны үшін бақшаны суара алмайды.

б) Іліммен тәкаппарланбау керек! Ешбір Ислам ғалымын кіші көрмеу керек! Жаһил және әлсіз науқастың маман дәрігерді қабылдағанындай Ислам ғалымдарын қабылдау керек. Шәкірт жеке пікірін басқа жаққа тастауы керек, Ислам ғалымдарының үгіт-насихаттарына құлақ салуы керек! Ислам ғалымдарының қате сияқты болып көрінген ісін дұрыстыққа болжауы керек!

в) Пайдалы ілімдерді үйренуге тырысу керек! Ілімнен мақсат – жүректі (көңілді) жаман мінездерден тазалап, құндылықтармен безендіру.

г) Қиындықтарға қарсы сабырмен төтеп беру керек. Ілім және басқа да ниғметтер ащы дәрілермен қапталған. Ақылды адам бұлардың ішіне орналастырылған тәттілерді көреді. Үстіндегі ащы қаптауларды да тәттідей қабылдайды. Бұл ащылар жағымды келеді. Ал ауру адам оның дәмін сезе алмайды. Ауру – Аллаһу та’аладан басқаға көңіл байлау деген сөз.

Ілімді пайдалана алу үшін

1) Алдымен ниетті түзулеу керек, жаһилдіктен (сауатсыздықтан) құтылуды ойлау керек! Аллаһу та’ала, «Білген мен білмеген бірдей бола ма?» деген.

2) Адамдарға пайдалы болуды ойлау керек! Хадис шәрифте, «Адамдар-дың қайырлысы – адамдарға пайдалы болғаны» делінген.

3) Үйренгенімен амал етуге тырысуы керек. Өйткені «Амалсыз ілім обал, ілімсіз амал адасушылық» делінген.

4) Ілім үйренуден мақсат – Хақ та’аланың разылығына қауышу болу керек. Аллаһу та’ала ықыласты, салих амалды мақтаған.

5) Өзіне қажет болмаған нәрсеге араласпау керек. Хазреті Лұқманға «Бұл дәрежеге қалай қауыштыңыз?» деп сұралғанда, «Дұрыстық (адалдық), аманатқа қиянат етпеу және маған қажет болмағандарды тәрк ету арқылы» деп жауап берген.

6) Біреумен сөз тартысқан жағдайда, оның алдында ынсапты болу керек, жылы, жұмсақ сөйлеу керек, өзі мен жаһил арасындағы айырмашылық белгілі болсын. Хадис шәрифте, «Аллаһ рафиқ, жұмсақтықты жақсы көреді. Қатаңдық еткендерге бермеген нәрселерді және басқа ешкімге бермеген нәрселерді жылы, жұмсақ мәміле еткен адамға ихсан етеді» делінген.

7) Сабырлы болу керек. Ибн Аббас хазреттерінен, «Бұл ілімге қалай қол жеткіздің?» деп сұралғанда жауап ретінде, «Таршылықта да, кеңшілікте де сабыр ету арқылы, сұрақ сұрау арқылы және жігерлі, ынталы еңбек арқылы.» Бір әулие кісі де осындай сұраққа: «Ерте тұру, өте кішіпейілді, қарапайым болу және қуатты күш-жігер сарп ету және сабыр ету арқылы» деп жауап берген.

8) Шәкірт барлық адамдармен жақсы мәміледе болуы керек! «Адамдардың қайырлысы олармен жақсы мәміледе болғаны, адамдардың жаманы олармен жанжалдасатыны» делінген.

9) Өте әдепті болуы керек.

10) Бір ұлы ғұламадан ілімді қалай үйренгендігі сұралғанда: «Ұстазымның әрбір сөзін мұқият тыңдау арқылы» деді. Ғалымдар айтады:

«Шәкірт ілімге және ілім үйрететін ұстазына құрмет етпейінше үйренген ілімінің пайдасын көре алмайды.» (Сол себепті мазһаб және ақидадағы имамымызға және әһли сүннет ғалымдарын құрметтеуде құсыр етпеуміз керек.)