Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дініміздегі ілімнің пайдасы .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.69 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Барлық мадақ, мақтау Әлемдердің Раббысы болған Аллаһқа болсын! Оның Салауаттары мен сәлемі ақырғы Пайғамбар Мұхаммад Мұстафаға (с.ғ.с.) болсын.

Тәуелсіздік алғанымызға міне жиырма жылдан асты. Дініміз бен діліміз қайта жаңғырып, халқымыз имандылыққа бет бұрып жатыр. Дегенмен жастар арасында дінді дұрыс түсінбеудің салдарынан дүрдараздық орын алып жатқаны да белгілі. Бұл келеңсіз жағдайларды асыл дініміз Исламды біліммен тану арқылы шеше аламыз.

Адамзатқа тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны ажыратушы етіп жіберген Құран Кәрімнің ең алғашқы түскен аятында «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратты! Оқы! Ол Раббың аса жомарт! Ол қаламмен жазуды үйретті!»(ғалақ сүресі) деген. Демек, алғашқы түскен Құран аятында Алла Тағала «Оқы!» деп әмір беріп тұр. Аяттағы «оқы» деген әмірі қай ілім саласын оқу нақты айтылмағандықтан жалпылама түрде барлық ілім саласын қамтиды. Яғни жаратылыстың тылсым сырларымен қоса, адамзат үшін пайдалы болған барлық ілім саласын оқып-үйрену осы бір аяттың аясына сыйдырылған. Әрбір жаратылыс Алла Тағаланың бірлігі мен барлығын дәлелдейтін кітап болса, ілім алу сол кітапты оқудың кілті болып саналады. Сондықтан да ілім алу, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла иман келтіргендер мен ілім бергендердің дәрежесін көтереді»(мужадала 11) деу арқылы білімге ұмтылудың қаншалықты маңыздылығын ашып көрсеткен. Мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады. Дұрыс діни біліміміз болмаса, ғибадатымызға нұқсан болып, тіпті теріс пиғылды тұлғалардың пайдасы үшін саяси құрбан-дыққа айналып кетуіміз ғажап емес. Ислам діні бізге ілім алуды, яғни, дұрыс білім алуды бұйырады. Өкінішке орай, қазіргі таңдағы мұсылмандар арасын-дағы білімсіздік мұсылман қауымын жік-жікке бөліп, бүкіл Ислам әлеміне қара күйе жақтыруда. Сол себепті ілімсіздіктің залалы шаш етектен екендігін ұмытпайық.

Ілім жолы – жаннат жолы. Ілім үйреніп, сол ілімімізден өзгеге пайда-мызды тигізер болсақ және діннен хабарсыз көптеген адамдардың иманға келуіне себеп бола білсек, зор сауапқа кенелетінімізді хадисте сүйіншілеген. Пайғамбарымыз: (с.ғ.с.) «Сенің себебіңмен Алла Тағала бір адамға һидаят берсе, сен үшін бұл дүние және ақырет дүниесінде болған барлық нәрседен хайырлы» деген. Тағы бір хадисте Алла елшісі(с.ғ.с.):«Кімде кім білім жолына түссе, Алла тағала оған жұмаққа барар жолды жеңілдетеді» деген. Білім алуға қызықтыру, ынталандыру Исламда соның өзі сауапты істердің қатарына жатады.

Белгілі сахаба Али ибн Абу Талибтің мына бір ғибратқа толы айтқан сөзі бар: «Білім мал-мүліктен де қайырлы. Білім сені қорғайды, ал малды сен қорғайсың. Білім амал жасаған сайын арта түседі, мал-мүлік болса, жұмсал-ған сайын азаяды. Ғалымды төбемізге көтеріп, құрметтеу бәріміздің міндеті-міз. Білім ғалымды өмір бойы сый-құрметке бөлейді, өзі өлсе де аты құрмет-пен еске алынады. Дүниемен біткен абырой дүние таусылғанда сонымен бірге жым-жылас жоғалады. Дәурені жүріп, дәулеті шалқыған талай бай-бағланды көріп жүрміз. Олар тірі жүрсе де өлік есебінде. Ал ғалымдар дүние тіршілігі таусылғанға дейін тірі болмақ. Өздері өлсе де хаты өлмейді, қай уақытта да адамзаттың алтын ескерткіші болып қала береді.» дегені аса зор ой толғанысқа жетелейді.

Білім алу - қараңғылықтан жарыққа шығу. Ілім мен даналық – мүминнің жоғалтқан асыл дүниесі, мүмин оны қайдан тапса алуы тиіс. Дүние мен ақы-рет бақытының кілті – ілім.

Ілімсіздік залалының басты зияны адамды «таассубқа» (біржақтылық, бір пікірден айнымау) итермелейді. Таассуб дегеніміз – бір пікір мен көзқа-расқа, яки бір адам мен жамағатқа көзсіз сену, жақтау. Діндегі таассуб болса, пікір мен пәтуаларда дұшпан болатындай дәрежеде ешкімді тыңдамастан адасушылыққа түсу. Сол себепті қазіргі кезде көптеген мұсылмандардың басты дерті кейбір мәселені жетік түсінбестен, яки ғалымдардан сұрамастан, олардың айтып кеткен пәтуаларына жүгінбестен нәпсіге беріліп, таассубқа бой алдырады. Қазіргі таңда кейбір жастарымыздың арасында ата- анасы намаз оқымаса, кәпір деп теріс айналып, өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп осы біржақтылыққа бой алдырып жүргені де байқалады. Ислам дінінде тіпті ата-анаң өзге дін өкілінен болса да оларға құрмет көрсетуді сондай жастары-мыздың бірі білсе, бірі біле бермейді. Оның бірден бір себебі ілім алуды, ақи-қатты іздеуді ысырып қойды.

Қай заманда болмасын адамның ақыл-ойымен бірге алған ілім-білімі де жоғары бағаланған. Қазақ халқы «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп, білім алудың артықшылығын мақалға қосқан. Өйткені, білім мен ғылым дамыған сайын адамның ой-өрісі де өсіп, қоршаған ортаны тани түседі, дүниетанымы өзгереді. Бүгінде еңбек нарығында оқымаған адамнан гөрі оқыған азаматқа сұраныс арта түсті. Адамзат баласы шығарған қарапайым еңбек құралы уақыт өте келе түрленіп, жетіле түскенін күнделікті өмірден көріп жүрміз. Бұл — алған білімнің арқасы.

Білім алуды асыл дініміз де құптайды. Алла тағала Құран кәрімде: «Сендерден иман келтіргендердің (зейінділердің) дәрежесін Алла әлдеқайда көтереді. Сендердің істеп жатқан істерің туралы Алла толық хабар біліп отырады» (мужадала 11) делінген. Олай болса, біздің ілім үйрену және оны басқаларға үйрету жолындағы ізгі амалдарымыздың барлығы да қайырлы істердің қатарынан саналмақ. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде:“Ілім іздеу - әр мұсылман ерге де, әйелге де парыз ” — деген. Сондықтан бұл өмірде алтын уақытты босқа өткізбей, білім алуға талпынғанымыз абзал.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ілім үйренудің маңыздылығы

Ілім үйренудің маңызы, құндылығы өте көп. Құран кәрімде, «Білмесең-дер, әһли зікірден (ілім иелерінен, ғалымдардан) сұраңдар» делінген. (Әнбия 7)

Аяти каримадағы зікір сөзі ілім дегенді білдіреді. Бұл аяти кәрима, білмейтіндердің ғалым тауып солардан сұрап, үйренуін әмір етуде.(Хадиқа)

Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ иман еткендерді көтереді. Ал ілім берілген мүминдерді (жаннатта) қат-қат дәрежелерге көтереді.» (Мужадәлә 11)

«Оларға айт, білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма? Білетін адам әлбетте қадірлі.» (Зумәр 93)

«Құлдары арасында Аллаһу та’аладан ең қатты қорқатын – ғалымдар.» (Фатр 28)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Ілім үйрену әйел-еркек барлық мұсылманға парыз.» (Бәйһақи)

«Бесіктен мазарға дейін ілім үйренуге тырысыңдар!» (Шира)

«Аллаһу та’ала Ибраһим алейһиссаламға: Мен ілім иесімін, ілім иелерін жақсы көремін деген.» (Ибн Абдилбәр)

«Ілім – Исламның өмірі, иманның тірегі.» (Әбушшәйһ)

«Ешкім сауатсыздығымен құрметті, ал ілімімен масқара болмайды.» (Аскери)

«Бос уақытын ілімге жұмсаған адам құтылады.» (И. Мауарди)

«Салих ғалымдардан болыңдар, егер салих ғалымдардан болмасаңдар, сондай ғалымдардың сұхбатына қатысыңдар, сендерді хидаятқа (тура жолға) қауыштыратын, адасушылықтан алыстататын ілімді тыңдаңдар!» (И. Мәуарди)

«Қай жерде ілім бар болса, сол жерде мұсылмандық бар.» (С. Әбәдийа)

«Ілім менің және басқа да пайғамбарлардың мирасы. Кім маған мирасшы болса, жаннатта менімен бірге болады.» (Дәйләми)

«Аллаһ масқара қылғысы келген құл ілім мен әдептен махрұм қалады.» (Ибн Нәжжар)

Хазреті Лұқман Хаким баласына былай деді:

«Ғалымдармен отыр, хикмет иелерінің сөздерін тыңда! Аллаһу та’ала көктем жаңбырымен топыраққа өмір бергеніндей, өлі жүректерді хикмет нұрларымен тірілтеді.»

Ілім – жаннатқа апаратын жол, жат елде дос, жалғыздықта сырлас. Ілім – екі жаһанда да құтылу, дұшпанға қарсы қалқан. Адам үшін ар, көздер үшін нұр.

Хазреті Әли былай деген:

«Ілім мал-мүліктен қайырлы, өйткені мал-мүлікті сен қорғайсың, ал ілім сені қорғайды. Мал-мүлік жұмсаумен азаяды, ал ілім жұмсау арқылы көбейеді.

Ілім үйрену және үйрету өте маңызды. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’ала ілім берген пайғамбарларынан мисак (уәде)алғанындай, ғалымдарынан да ілімдерін жасырмай адамдарға білдіруі үшін сөз алған және, «Раббыңның жолына хикметті, әдемі үгітпен шақыр!» деген.» (Әбу Нуайм)

«Ең жақсы сыйлық – хикметті сөзді жақсылап түсініп, дін бауырына түсіндіру.» (Табарани)

«Бір сағат ілім үйрену немесе үйрету, таңға дейін ғибадат етуден сауаптырақ.» (Дәйләми)

«Әуестенуге болатын екі адам бар: Бірі Аллаһу та’ала берген ілімімен амал етіп басқаларға үйреткен адам, екіншісі Аллаһу та’ала берген байлықты қайырымдылыққа, жақсылыққа жұмсаған адам.»(Бұхари)

«Ілім жолын ұстанған адамға Аллаһу та’ала жаннат жолын ашады.» (Тирмизи)

«Періштелер ілім жолындағы шәкірттен разы болғаны үшін қанаттарын оның үстіне жаяды.» (И. Абдилбәр)

«Ілімнен бір мәселе үйрену, әлемдегі барлық нәрседен қадірлі.»(Табарани)

«Не ғалым, не шәкірт, не тыңдаушы немесе бұларды жақсы көретін адам болыңдар. Әйтпесе құрисыңдар.» (Бәйһақи)

«Тәжірибелі қарттарға мойынсұныңдар. Ғалымдардан сұраңдар. Хикмет иелерімен бірге болыңдар.» (Табарани)

«Ғалым болмаған немесе ілім үйренуге тырыспаған адам бізден емес.» (Дәйләми)

«Бір ғалымның жанында отырып бір сағат ілім үйрену, бір абидтің 70 жыл ғибадатынан қайырлы болуы мүмкін.» (Дәйләми)

«Жасалған бір күнә ғалымға бір, жаһилге (сауатсызға) екі болып жазылады. Ғалым күнәсі үшін азап шегеді. Ал жаһил әрі күнәсі, әрі үйренбегені үшін азап шегеді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та’ала дүние істерінің ғалымы, ахирет істерінің жаһилі болған адамды жек көреді.» (Хаким)

«Ілім үйрену – намаз, ораза, қажылық және Аллаһ жолындағы жиһадтан да құндырақ.» (Дәйләми)

«Бір сағат ілім үйрену, түннен таңға дейін ғибадат етуден құндырақ. Бір күн ілім үйрену, үш ай ораза ұстаудан құндырақ.» (Әбу Нуайм)

«Бір адам ілім үйренсе, онымен амал етпесе де мың рәкат намаз оқудан артық сауап алады. Егер үйренген ілімімен амал етсе немесе басқаларға үйретсе, әрі осы сауапты алады, әрі қияметке дейін онымен амал еткендердің сауабын алады.» (Хатиб)

«Парыздарда немқұрайлылық еткен адам бір дертке ұшырайды.» (И.Ахмед)

«Діни ілімге ие болған адамның қиыншылықтары кетеді және күтпеген жерден ризық келеді.» (И.Нәжжар)

«Ілім үйренген, Аллаһ үшін дос тапқан, дін бауырының жүзіне мейіріммен қараған немесе «Бисмиллаһ» деп жұмысын бастаған адам кешірімге қауышады.» (И.Рафии)