Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Миология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.22 Кб
Скачать

6. Тірек-қимыл аппаратының биомеханикалық негізі:

Қозғалыс аппаратының жұмысын жалпы механика тұрғысынан зерттеуге тегіс, ал оларды тірек-қимыл аппаратының тігершік жүйесі түрінде бағалауға қолданады.

Тігершік дегеніміз эр түрлі қатты дене білік бойымен айналдыру қозғалысын жасап алатын, егер қатты дененің иініне екі қарама-қарсы күш эсер етсе.

Бір күш-ол қозғалтқыш күш «яғни бұлшықеттердің жиырылуы), екінші күш-ол қарсылас күш. Сол күштер тірегіштің тепе-теңдігі немесе қозғалысына тәуелді. Тірегіштің (рычагтың) тепе-теңдігін немесе қозғалысын түсіну үшін рычагтың иінін және айналдыру күш сәтін білу керек.

Рычагтың иіні деп-айналдыру ось нүктесінен күш салар нүктесіне дейінгі арақашықты атайды.

Схема:

О-айналдыру ось нүктесі

А және Б-күш салар нүктесі

ОА және ОБ-рычагтың иіні 1 және 2

Рычаг күшінің өз иініне көбейтінді күш сэті болып табылады.

Өз негізіндегі рычаг күш дегеніміз айналдыру нүктесінен вектор күшіне дейінгі перпендикуляр қысқаша ара қашықтығы. Күш сәттерінің қосындысы нольге тең болғанда рычаг тепе-теңдік жағдайға жетеді.

Бұлшықетпен сіңір арасындағы бұрыш үлкен болса, бүлшықетті көтеретін күші де үлкен болады. Көп жағдайда соған байланысты бүлшықет буынға жақын бекінеді жэне сүйекке өткір бұрышпен жақындайды. Осында иін күші қарсыласу күшінен аз. Мүндай бүлшықеттің бекінуі жүмысқа айналғанда үтылады, ал бүл жақсы емес. Сондықтан тірек-қимыл аппаратында бүлшықетке сіңірдің жақындау бүрышын үлкейтетін түзілістер болады. Бүл жағдайда иық күші үлкейеді.

Иін күші көп болған сайын күш сәті де көп болады. Ондай түзілістреге сесамовидті сүйектер, шығырлар, сүйек өсінділері мен төмпешіктері, эр түрлі шығыңқылар мен кедір-бүдырлар жатады.

  1. Рычаг түрлері:

Бұлшықеттердің жиырылу күштерінің орналасуы мен ослтің айналуымен салыстырғанда қарсыласу күшіне байланысты і-ші, П-ші жэне Ш-ші реттік рычагтарды ажыратамыз.

І-ші реттік рычаг екі иықты болып келеді. Екі күші бірдей бағытта болып, олардың арасында айналу ось орналасқан. І-ші реттік рычагты тепе-теңдік рычагы дап атайды.

Мысалы: шүйде-атланттық буын, жамбас-сан буыны.

П-ші реттік рычаг-бір иықты рычаг, себебі, күштің орналасуы қарама-қарсы.

Қозғалғыш күш рычагтың үзын иығына эсер етеді, ал қарсыласу күші қысқа.

Мысалы: сирақ-табан буынында бір күш жоғарыға эсер етсе, басқасы төменге. П-ші реттік рычаг көп бүлшықеттің күші керек жерде қолданылады, сондықтан оны күш рычагы деп те атайды.

Ш-ші реттік рычаг, сондай-ақ бір иықты болып табылады, бірақ И-ші реттегі рычагтын айырмашылығы-қозғағыш күш қысқа иыққа, ал қарсыласу күш үзынға қарсы әсер етеді. Ш-ші реттік рычаг-жылдамдықты болып табылады. Қысқа иыққы эсер ету кезінде жылдамдығы жэне ара қашықтығы жағынан бүлшыүет үтымды, күші жағынан-үтымсыз.

Мысалы: шынтақ буынындағы бүгілу.