Бүлшықеттер туралы түсінік.
Бұлшықеттердің құрылысы.
Бұлшықеттердің функционалдық анатомиясы.
Бұлшықеттердің жіктелуі.
Бұлшықеттердің қосалқы аппараты.
Бұлшықеттердің күші және олардың жүмысы.
Тірек-қимыл аппаратының биомеханикалық негізі.
1. Бұлшықеттер туралы түсінік.
Бұлшықет ұлпасының екі түрін ажыратады:
а. Тегіс.
б. Көлденең-жолақты, ол өзі қаңқалық жэне жүректік болып бөлінеді.
Тегіс бүлшықеттер қан жэне лимфа тамырлар қабырғасының құрылуына қатысады, асқазан, шек, несеп шығарғыш өзектің жэне өңеш қабырғаларының қүрамына кіреді.
Тегіс бұлшықеттер вегетативтік нерв жүйесімен жүйкеленеді, соған орай оның жиырылуы біздің санамызға, еркімізге бағынбайды: яғни жиырылу еріксіз жүреді. Мысалы асқазанның, шектің перистальтикасы жэне т.б.
Көлденең-жолақты бүлшықеттер 600-ге жуық, бүл адам салмагының 35-40 % , жаңа туған балада дене салмағының 20 % қүрайды, ал мосқал жэне кәрі адамдарда бүлшықет үлпасының салмағы 25-30 %-ке азаяды.
Қаңқалық жэне көлденең-жолақты бүлшықеттер торстың, бастың, мойынның, аяқ пен қолдың бүлшықеттерін қүрайды, сонымен қатар кейбір ішкі мүшелердің қүрамына кіреді: тіл, жүтқыншақ, өңештің жоғарғы бөлігі.
Бұлшықеттердің құрылысы.
Бүлшықеттер жеке талшықтардан қүралған. Талшықтар жүмыс істегенде өзінің көлемін өзгертеді. Талшықтардың диаметрі 10-100 мкм-ге дейін түрақсызданады., ал үзындығы бүлшықеттің өзінің үзындығына тең болуы мүмкін, яғни адамда 50 см-ге жетеді.
Әрбір бүлшықет талшығы көршілес талшықтарынан жеңіл бөлінеді жэне бірнеше компоненттерден түрады. Сыртында қабық орналасады-сарколемма, оның астында алшықтың ішіндегісі-саркоплазма.
Жиырылғыш элементтері болып миофибрилдер саналады, олардың қалыңдығы 1 мкм-ге дейін жетеді. Миофибрилдердің структурасы өте күрделі, олар жеке дискілерден қүралған.
Дискілер әр түрлі оптикалық қасиеттеріне ие болады. Клеткалардың үзындығында белок молекулаларының орналасуына байланысты қоңыр жэне ақшыл дискілерді ажыратады. Олар бүлшықетке көлденең-жолақты түр береді.
Әрбір бұлшықет көлденең-жолақты бүлшықетті талшықтарының шоғырларынан түрады. Шоғырларда дәнекер тканьді қабығы-эндомизий бар. Талшықтардың шоғырлары бір-бірінен перимизий деп аталған жүқа қабатты үлпамен бөлінген.
Жалпы бүлшықеттің қабығы-эпимизий. Ол сіңірге созылып перитендиниюм деп аталады.Бүлшықет шоғырлары бүлшықеттің қарыншасын немесе етті бөлікті қүрайды, кейін ол сіңірге жалғасады. Сіңірдің проксимальді бөлігі-басы , бір сүйекке бекиді, екінші дистальді бөлігі немесе қүйрығы басқа сүйекке бекиді.
Кейде бүлшықеттерде жалпақ және жазық сіңірлер болады-олар апоневроздар деп аталады. Кейбір бүлшықеттерде бүлшықет талшықтары қысқа аралық сіңірлермен үзіледі. Мысалы: іштің тік бүлшық етінде.
Бүлшықеттердің функциональдық анатомиясы.
Бүлшықеттер бірнеше маңызды қызмет атқарады. Олар қозу, жиырылу, өткізу қабілетіне ие.
I. Бүлшықеттердің қызметтері: көлденең-жолақты:
1. жиырылу
2. кеңістікте дененің қимылын реттейді.
3. дене бөліктерінің бір-біріне қимылын орындайды.
4. дене түрысын қолдау.
5. қан мен лимфаның қозғалысын (ағысын) реттейді.
6. жылуды өндіру.
7. дем алу және дем шығару актысына қатысу.
8. қозғалу белсенділігі.
9. су мен түздардың депосы, организм оларды керек жағдайда пайдаланады.
10. ішкі мүшелердің қорғаныш факторы болып табылады.
11. сөйлеу, ымдау.
II. Тегіс бүлшықеттер қуыс мүшелерінің қызметтерін қамтамасыз етеді.
1. Несеп қуықтан, асқазаннан, шектен, өт қапшығынан жэне жатырдан ішіндегісін қуып жіберуін қамтамасыз етеді.
2. Қуыс мүшелерінің мезгілсіз босатылуын болдырмай, сфинктер қызметін атқарады.
3. қан тамырлардың саңылауын өзгертіп, үлпаларына оттегі мен коректік заттардың кіруін реттейді.
4. тегіс бүлшықеттер жалғама аппаратының жағдайына ықпал жасайды.
