Иммун жүйесі мүшелерінің функциональдық анатомиясы:
Қызыл сүйек миында бағаналық клеткалардан:
Эритроциттер,
Гранулоциттер,
Тромбоциттер,
В-лимфоциттер,
Т-лимфоциттердің бастамалары түзіледі.
Тимуста Т лимфоциттердің бастамалары- Т лимфоциттерге алмасады.
Перифериялық мүшелерінде орталық мүшелерден келген Т және В лимфоциттердің көбеюі жүріп, антигеннің әсерінен дифференцировкасы эффекторлық клеткағаа өтіп, иммунологиялық қорғау қызметін атқарады.
Қызыл сүйек миы-жалпақ сүйектердің кеуекті затында және түтікше сүйектердің эпифизінде кездесіп, адам салмағының 4-5% құрайды, түсі-қызыл, және жартылай сұйық зат.
Қалыпты жағдайда сүйек миы синусының қабырғасы арқылы қанның жетілген формалық элементтері өтеді. Ал миелоциттер мен нормобластар қанға тек патологиялық жағдайларда ғана өтеді.
Қан ағысына өткен клеткалар өзінің қызметін немесе микроциркуляторлық арна тамырларында (эритроцит, тромбоцит), немесе дәнекер ұлпаға (лимфоциттер, лейкоциттер) және шеттік лимфа мүшелерінде (лимфоциттер) атқарады.
Сары сүйек миы
Сары сүйек миы ересек адамдарда түтікше сүйектердің диафизінде кездеседі. Ол құрылысы өзгерген ретикулярлық ұлпа, оның клеткасы майлы қоспалардан тұрып, сүйек сары миында қан клеткалары түзілмейді.
Қолайсыз жағдайларда-оттегінің ұзақ жетіспеушілігінен, жоғары таулы жер тұрғындарында созылмалы қан кеткенде және т.б. сары сүйек миының бір бөлігі қызыл сары миымен алмасады.
Айырша безі.
Айырша без-лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Ол тақ мүше, аяғына дейін бөліктерге бөлінбеген мүше, оның негізінде өсінділер эпителиальді ұлпа жатыр.
Эпителиальді клеткалар арасындағы кеңістіктер лимфоциттермен толықтырылған, негінінен Т-лимфоциттер, оларды тимоцит деп атайды. Бұл клеткалар тимустың барлық клеткаларының 90% құрайды. Без сыртынан капсуламен жабылған, одан аралықтар кетіп, безді бөліктерге бөледі. Әрбір бөлікте қыртысты және милы затты ажыратады.
Сурет №1
І-субкапсулярлық зона;
ІІ-ішкі кортикальді;
ІІІ-медуллярлық;
ІҮ-бөлшек ішкі пери-
васкулярлық кеңістік.
Препараттарда қыртыс заты қараңғы түсті, себебі көп ұсақ лимфоциттерден құралған.
Милы заты ашық түсті, онда лимфоциттер аз, шығу тегі эпителиальді ірі клеткалар орналасқан.
Милы затының, қыртыс затынан ерекшелігі тимус денешіктері немесе Гассаль денешіктерін құрайды.
1. Субкапсулярлық зона-базальді мембрананың астында орналасып, қыртыс енінің 0,25% құрайды. Бұл зонада ірі клеткалар-лимфобластар орналасқан (Т лимфоциттердің бастамасы, сүйек миынан келген).
Субкапсулярлық зонаның қызметі-Т лимфоциттер бастамасы жетілуінің алғашқы кезеңіне және көбеюіне қолайлы жағадй жасау.
Ішкі кортикальді зона.
Бұл зонада тимустағы 60-80% лимфоцит кездеседі. Ішкі кортикальді зонаның басты маңызы Т –лимфоциттердің дифференцировкасын қамтамасыз етеді. Ішкі кортикальді зонада лимфоциттердің жетілуі эпителиальді клеткалардың тығыз байланысымен, макрофагтармен, тимус гормондарының, интерлейкиндердің, простогландиндердің әсермен жүреді.
Тимустың милы затында Т лимфоциттер аз, олар 15-20%-н құрайды. Негізгі массада олар жетілген, функциональді белсенді және қан тамыр арнасына түсетін иммунокомпетентті тимоциттер.
Медуллярлық зона өзінің микрофагасы арқылы (милы эпителий, макрофагтар) Т-лимфоциттердің антигенге тәуелді жетілуін қамтамасыз етеді.
Милы затында фенестр капиллярлары бар, сондықтан гемато-тимикалық барьер жоқ. Осы жерде Т-лимфоциттер қан ағысына өтеді.
Гассаль денешіктері.
Бөлшек ішкі периваскулярлық кеңістік.
Ол бөлшек ішкі сектордың тарамы, паренхима өтіп, құрамында қан тамырлар.
Олар гемато-тимикалық барьерді қамтамасыз етіп, қыртыс затының жетілу лимфоциттерін уақыттан ерте антигенмен байланысуынан қорғайды.
Тимус ұлпасында 2%-ке жуық В-Лимфоциттер және плазмоциттер бар.
Тимустың гормоны-ТИМОЗИН.
Тимустың қызметтері:
лимфоциттердің түзілуі;
Т-лимфоциттердің жетілуі;
Б.Б.З-дың шығару
Инсулинге ұқсас фактор;
Қанда қант мөлшерін азайту;
Кальцитонинге ұқсас фактор- кальций мен фосфор концентрациясын қанда азайтады- бұлшықет тонусы;
Өсу факторын;
Предпубертаттық кезеңде жыныс бездерінің дамуына әсер етеді.
Сонымен қатар, жыныс гормондары тимусқа кері әсер етеді.
Жыныстық жетілу басталған соң тимустың инволюциясы басталып, қартайған сайын ол майлы клетчаткамен және дәнекер ұлпамен алмасады.
Нәрестенің тимусының салмағы 15 г. (дене салмағының 0,5%). Жыныстық жетілу кезеңінде айырша бездің макс. салмағы 20-37 г.-ға жетеді, содан кейін кері дамиды (инволюциясы), 40 жаста тимустың салмағы 3 г. (0,005%-жалпы салмақтан).
Без дамуының 3 кезеңі.
ұрықтық даму-ең белсенді даму.
туғаннан-6-7 жасқа дейін-баяу даму.
6-7 жастан жыныстық жетілуге дейін-ең баяу жетілу, кейін без кері бағытта дамиды.
