ДӘРІС №18
Тақырыбы: Иммун жүйесінің дамуы және функциональдық анатомиясы. Даму ақаулары
Жоспары:
Иммун жүйесіне сипаттама;
Иммун жүйесі мүшелерінің қызметі;
Қызыл сүйек миы; сары сүйек миы.
Тимус, құрылысы, қызметі.
Перифериялық иммун мүшелері.
Иммун жүйесіне сипаттама.
Иммун жүйесі-дененің барлық лимфа мүшелері мен лимфа клеткаларының жиынтығы.
Лимфа жүйесі термині иммун жүйесінің морфологиялық синонимі болып есептеледі.
Иммун жүйесінің мүшелер организмнің ішкі ортасының сыртқы ортамен байланысқан жерлерінде орналасып, организмге сырттан және организмде түзілетін ауру тудыратын микробтар мен бөтен заттардың кіруіне кедергі жасап, қорғаныш қызметін атқарады.
Иммун жүйесінің жіктелуі;
Орталық және перифериялық болып екіге бөлінеді.
Орталық бөлікке: сүйек миы (В лимфоциттер жатады), тимус (Т-лимфоциттер жатады).
Перифериялық бөлікке: көкбауыр, бадамшалар (Пирогов-Вальдейер сақинасы), лимфа түйіндері, лимфа түйіншіктері (ас-шек трактысының, тыныс, несеп жолының).
1976 жылы академик Р.В.Петров, иммун жүйесінің басқа жүйелер сияқты нерв, асқорыту және т.б. жүйелер жеке өзара жүйе екенін дәледеді.
Иммун жүйесі мүшелерінің ерекшеліктері.
Барлық денеде жайылып орналасқан.
Иммун жүйесі клеткаларының әрдайым циркуляциясы қан ағысы арқылы (сондықтан қан тамыр жүйесімен бір жүйе).
Оның ең ерекше қабілеті-антителдердің түзу.
Организмде жайылып орналасқан лимфа мүшелерін бірнеше себептермен иммун жүйесіне біріктіреді.
Олардың шығу тегінің жалпылығы.
Олардың құрылысында міндетті түрде лимфа ұлпасы кездеседі.
Қызметінің жалпылығы-организмді бөгде заттардан қорғау.
Иммун жүйесі орталық және перифериялық мүшелері эмбриогенезде ерте закладкасы, тез өсіп жетіледі және постнатальды онтогенезде ерте инволюциясы.
Иммуногенездің орталық мүшелері перифериялық мүшелерден өзгешеленіп , айырмашылық ерекшеліктерімен сипатталады.
Иммун жүйесі орталық мүшелерінде бағаналық клеткалардан әртүрлі популяциядағы лимфоциттер түзіледі, сүйек миында –В лимфоциттер, тимуста-Т лимфоциттер.
Иммун жүйесі орталық мүшелері организмде жақсы қорғалған жерлерде орналасқан (сүйек миы-сүйектерде, тимус-кеуде қуысында).
Иммун жүйесі орталық мүшелерінде лимфа ұлпалары перифериялық мүшелер сияқты лимфа түйіншіктері мен бляшки түзбейді.
Перифериялық мүшелердің ерекшеліктері:
Олар көптеген лимфа түйіншектерінен құрылған.
Лимфа түйіншігінің құрамы: Т-лимфоциттер;
В-лимфоциттер;
Көбею орталығы.
Т-лимфоциттер-баяу клеткалық иммунитет, В-лимфоциттер-жылдам гуморальдық иммунитет (антительді түзу) қалыптасады.
2. Организмге бөгде заттардың, микроорганизмдердің мүмкін кіретін жолдарында және организмнің өзінде түзілген бөгде заттар миграция жолдарында орналасады.
