- •Тақырыбы : Аналық және аталық жыныс бездерінің функциональдық анатомиясы мен дамуы. Даму ақаулары.
- •1. Аналық жыныс мүшелерінің дамуы.
- •Жатырдың, жатыр түтігінің және жұмыртқаның функциональдық анатомиясы.
- •Аналық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.
- •Аталық жыныс мүшелерінің дамуы.
- •Еннің қабықтары және олардың туындылары:
- •6. Еннің умаға түсу процесі
- •7. Еннің функциональдық анатомиясы
- •Шәуеттің шығару жолдары.
Аналық жыныс мүшелерінің даму ақаулары.
Жатырдың ақаулары:
Ректовагинальды тесік.
Екі мүйізді жатыр.
Жатырдың мүлдем болмауы.
Жатырдың екі есе үлкейтілуі.
Дамудың кідірісі, тоқтауы (инфантильді жатыр).
Жатыр түбінің бөлінуі.
Жатыр мойнының атрезиясы.
Жатыр түтігінің ақаулары.
Бір жақты.
Екі жақты (стерилизация әсерінен).
Жұмыртқаның ақаулары:
Жұмыртқаның кистасы.
Поликистоз.
Аталық жыныс мүшелерінің дамуы.
Еннің дамуы.
Еннің дамуы несеп жыныс жүйесі жолдарымен байланысты. Алғашқы бүйрек деңгейінде тәж түрінде еннің бастамалары қалыптасады.
Тәждер сары қапшықтың энтодермальды клеткаларының туындысы болып есептеледі. Тәждің гонад клеткалары жыныс жолының алдыңғы бөлігінің маңында дамиды. Дамудың ІҮ айында тәждер жойылып, ен қалыптасады. Жыныс жолының әрбір өзекшесі 3-4 қыздық өзекшелерге (болашақ иірімді тұқым өзекшелеріне ) бөлінеді. Содан соң иірімді тұқым өзекшелері бірігіп тік өзекшелерге жалғасады. Ен размері ұлғайған сайын, ол париетальды ішпердені алдынан итереді. Соның әсерінен жыныс жолының жоғарғы, көкеттік қатпары немесе жалғамасы және төменгі шап жалғамасы пайда болады. Төменгі қатпар еннің бағыттаушы жібіне айналады. Оның негізінде ішперденің ілгері шығуы қалыптасады. Бұл ілгері шығу алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттарымен бітіп кетіп, уманың қалыптасуына қатысады. Сонымен, ҮІІ-ҮІІІ айларда ен шап өзегі арқылы өтіп, туатын мезгілде умаға орналасады.
Еннің қабықтары және олардың туындылары:
№ с/р |
Еннің қабықтары: |
Олардың туындылары: |
1. |
Тері |
Тері |
2. |
Бұлшықеттік |
Майлы клетчатка |
3. |
Сыртқы жыныс фасциясы |
Сыртқы қиғаш бұлшықетінің меншікті фасциясы |
4. |
Енді көтеретін бұлшықеттің фасциясы |
Ішкі қиғаш бұлшықет пен көлденең бұлшықеттің фасциялары |
5. |
Енді көтеретін бұлшықет |
Көлденең бұлшықет |
6. |
Ішкі жыныс фасциясы |
Іштің көлденең фасциясы. |
7. |
Қынаптық қабық. |
Ішперденің қынаптық өсіндісі: А. Париетальді. Б. Висцеральді. |
6. Еннің умаға түсу процесі
Еннің умаға түсуіне әсер етуші әрекеттер:
Гипофиздің гормондары.
Плацентаның гормондары.
Еннің гормондары.
Ен мен бел аймағының әркелкі дамуы.
Еннің умаға түсу мерзімдері.
1. 3-ші айдың соңы еннің орны кіші жамбас астауына кіреберісте
2 - 5 айдың ортасы;
3. 6 айдың аяғында;
4-7 айдың басы;
5- 7 айдың ортасы;
6- 7 айдың соңы, шап өзегінің терең сақинасында, шап өзегінің қабаттарына тереңдейді;
7- 8-ші айдың басы, шап өзегінің ішінде;
8- 8-ші айдың екінші жартысы, шап өзегінің беткей сақинасында;
9- 9-шы айдың бірінші жартысы, ен умада орналасқан. (Смирновтың, 1949 жылғы көрсеткіш мерзімдері).
7 айдан бастап еннің қозғалысы бағыттаушы жіптің жолына байланысты. Бірақ жіп тарту күшімен иемденбейді, тек қозғалыс бағытын көрсетеді. Еннің умаға түсуінің биологиялық маңызы болып, сперматоген эпителийінің толық дамуы, кейін сперматозоидтардың дамуына құрсақ қуысына қарағанда төмен 1 градусқа (2-4 градусқа дейін) қажеттілігі есептеледі. Умаға терморегуляцияны бағыттаушы жіптің қалдығы, ума жалғамасы реттейді. Бұл оның екінші, негізгі қызметі.
Еннің түсу процесінің кедергісі және умада жоқтығын крипторхизм деп атайды. Крипторхизм бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін (Мысалы; Гитлер, Тамерлан).
Бір еннің жоқтығын-монорхизм.
Екі еннің жоқтығын-анорхизм деп атайды.
