Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д_РІС2.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
330.52 Кб
Скачать

Базальдық түйіндер.

Ми сыңарларының маңдай бөлімінде, оның түп жағына жақын ақ заттар ішінде екі бөліктен тұратын сұр түйін-жолақты дене , солғын шар орналасқан.

Жолақты дене ұсақ нейрондардан құралған құйрықты ядро мен қабықтан тұрады. Бұл құрылымдарға ми қыртысының сезім-қимыл, көру, дыбыс есту алаңдарынан, таламустың бейарнамалы ядроларынан, қара заттың дофамин бөлетін құрылымдарынан афференттік серпіністер келеді.

Осы күнге дейін базальдық түйіндердің қызметтері туралы мәліметтер толық емес. Бірақ клиникалық бақылауларда ауру адамарда кездесетін саусақтардың құрт тәрізді баяу еріксіз қимылдары (атетоз) және беттің мимикалық еттері мен аяқ-қол еттерінің әлсін-әлсін қатты тартылуы (хорея) жолақты дененің патологиясымен байланыстырылады. Паркинсон синдромы-акинезия, гипотонус, статикалық тремор бүкіл стриопаллидарлық жүйе қызметінің бұзылу белгілері екені туралы пікір бар.

Лимбиялық жүйе.

Бұл жүйенің аты латынның Iimbus-жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршаған құрылымдар жатады.

Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі мүшелердің қызметі өзгереді. Мысалы, миндаль тәрізді комплексті тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту мүшелерінің қызметі, шек қимылы, сілекей бөлінуі көбейіп, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді.

Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетаивтік және сомалық, эндокриндік функцияларды үйлестіріп біріктіретінін көрсетеді.

Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гиппокампын алып тастаса, жақын арада болған барлық оқиғалар естен шығып , ұмытылады. Ал операциялар кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі.

Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып организмнің вегетаивтік және сомалық қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады.

ДӘРІС №4

Жоғары нерв іс-әрекеті.

Жоспары:

1. Жоғары нерв іс-әрекетіне қысқаша сипаттама.

2. Жоғары нерв іс-әрекетін зерттеу әдістері.

3. Шартты рефлекстің қасиеттері.

4. Шартты рефлекстің жіктелуі.

5. Шартты рефлекстің түзілу заңдылығы.

6. Шартты рефлекстің қалыптасуы.

7. Зерде.

8. Шартты рефлекстің тежелуі.

9. Мидың анализдік-синтездік іс-әрекеті.

Адам мен жануарлардың үлкен ми сыңарлар қыртысы және оған таяу құрылымдары орталық нерв жүйесінің жоғары бөлімі болып саналады. Бұл жетекші бөлімнің қызметі-жоғары нерв іс-әрекетінің негізін құрайтын, яғни мінезді бейімдейтін күрделі рефлекстік әсерленісті жүзеге асыру.

Дәріс №1

Тақырыбы: Мидың анализдік-синтездік іс-әрекеті.

Жоспары:

1. Анализ және синтез туралы түсінік.

2. Стереотип, оның түрлері.

3. Жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері.

4. Жоғары жүйке іс-әрекетінің бұзылуы.

5. Бірінші және екінші сигналдық жүйелер.

6. Баланың жоғары жүйке іс-әрекетінің қалыптасуы.

7. Жоғары жүйке іс-әрекетінің қартайған шақтағы өзгерістері.

1. Анализ және синтез үлкен ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі. Организм өзінің тіршілік іс-әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне үнемі анализ-синтез жасап отырады.

Анализ-әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиелетін әралуан әсерді ажырату.

Синтез-біріктіру, талдап қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру. Үлкен ми сыңары қыртысының синтездік көрінісі, әрбір шартты рефлекстің негізін құрайтын, уақытша байланыс түрінде жасалады. Ол әралуан нейрондар мен лоардың топтарының арасында қалыптасады.

Қарапайым анализ-синтез іс-әрекеті әрбір талдағыш рецепторынан басталады. Рецепторларда пайда болатын қозу толқыны қыртысасты құрылымдар арқылы үлкен ми сыңарларының бастапқы проекция аймақтарына өтеді.

Жүйке жүйесінің төменгі бөліктері, арнайы және бейарнамалы қыртысасты құрылымдары, тітіркенуді қарапайым анализ және синтез жасайды. Олардың ең күрделі түрлері үлкен ми сыңарлары қыртысында жүзеге асырылады.

Ми қыртысының ұласқан аймағындағы әртүрлі нейрондар өзара ұштасып, ерекше «нейрондар жарасымын» құрайды. Бір нейронда қозу пайда болса, ол басқаларына тарайды, сөйтіп адамның біртұтас түйсігі туады.

Ми қыртысының синтездеу іс-әрекетінің өте күрделі түрі динамикалық стеретип немесе жүйелілік құбылысында анық байқалады.

2. Стереотиптің түрлері: сыртқы, динамикалық, ырғақты түрлері бар.

Сыртқы ортада организмге жүйелі және дәлме-дәл бір ізділікпен белгілі бір мерзімде әсер ететін тітіркендіргіштер кездеседі. Мұндай әралуан тітіркендіргіштердің өзгермейтін рет-ретімен жасалатын ықпалын сыртқы стереотип деп атайды.

Осы тітіркендіргіштердің әрқайсысыми қыртысындағы тиісті қозу және тежелу процестері арқылы организмнің белгілі әсерленісін туғызады. Осыған орай мида қозу мен тежелудің мидағы бекітілген белгілі бірізді қалыптасуы динамикалық стереотип қалаптасады.

Стереотиптің қарапайым ырғақты түрі болады. Мұны жағымды және жағымсызрефлекстер бір мезгілде жасайды.

Табиғи жағдайда динамикалық стереотип адам мен жануарлардың әртүрлі әдеттері мен дағдыларын, мінез-құлығының белгілі жүйесін құрайды. Олар өте қиын құралады, алайда кейін тым берік сақталады. Егер олар бұзылса, жоғары жүйке қызметінің әрекеттік ауытқклары (невроздар) пайда болады.

Шартты рефлекстік аударақосу деп, бір шартты тітіркендіргіштің әсерінен организмде әртүрлі бейімделіс іс-әрекектін тудыратын ми қыртысындағы өзгерістерді айтады. Организм аударақосу арқылы қоршаған ортаның өзгерістеріне тиімді бейімделіп отырады.

Лабораториялық жағдайларда аударақосуды әдетте былай қалыптастырады. Мысалы: бір тәжірибелік камерада сол қоңырау үнемі итке тамақ берумен, ал басқа бір камерада сол қоңырау оны электр тоғымен тітіркендірумен ұштастырылады. Содан кезі жеткенде қоырауекі түрлі сигналдық мән алады: бірінші камерада тағамдық шартты рефлекс, ал екінші камерада электрден қорғану имыл шартты рефлексін жасайды.

Шартты рефлекстің ретінде тәжірибенің орны, мезгілі және олардан басқа әртүрлі жағдайлары іске қосылады.

Адамның психофизикалық күйін тексергенде, даярлық әсерленіс өте маңызды орын алады.

Гештальт-психолгия бағыты- мұнда мидың қызметі организмнің өзін қоршаған ортамен белсенді түрде әсерленісуі арқылы жеке тәжірибе қорын жинағандықтан немесе күрделі талдау-синтез жасағандықтан емес, мида оның бейнесі пайда болғандықтан жүзеге асады.

Бериташвилидің пікірі бойынша жануарлар мен адамдарда ми іс-әрекетінің ерекше құрылысы-психожүйкелік немесе бейнелік түрі кездеседі. Олардың шартты рефлекстерден сапалық өзгешеліктері бар және мінез үшін маңызы өте жоғары. Осы психожүйкелік іс-әрекетті организм сыртқы және ішкі жағдайлар әсерінен өзінің жеке тіршілігінде иемденеді.

3. Біз күнделікті өмірде адамдардың,бірдей жағдайда, өздерін әртүрлі ұстайтындығын бақылаймыз. Өйткені адамның психикасы мен мінез-құлығының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды. Адам мінезін бірнеше негізгі типке бөлуге болады.

Адам темпераментінің осы күнге маңызы жойылмаған жіктерін ең алғаш грек ғалымы Гиппократ жасады.

САНГВИНИК-(ширақ) –мінезі жайдарлы, іскер, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Ол өз мақсатына жетуде жігерлілік, қажырлылық көрсетеді, нысапты, өзін-өзі ұстай біледі. Өзінің тіршілік дағдысыснңөзгерістеріне төзімді. Сыртқы әсерлерге тез бейімделеді және сәтсіздікті, көңілсіз жағдайларды оңай жеңеді.

ФЛЕГМИТИК (салмақты, инертті)-сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақт, шабан қимылды келеді. Мұндай адамдар зор жұмыскерлігі, жігерлігімен көзге түседі. Өз мақсатына жету үшінтабандылық көрсетеді, істері жайбарақат болады. Флегматик басқа кісілермен қиын ұласады, күнделіктідағдыларының өзгерістеріне қиындау бейімделеді. Оларға тән белгілі кертартпалық, қыңырлық байқалады. Әдеттері қатаң,дәстүрлі түсініктері бар, олардың сезімдері және көңіл-күйі тұрақты келеді.

ХОЛЕРИК (ұстамсыз)-албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Оның мінезі қызба, өте бесенді, қимылдары қайратты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Холерик тіршіліктің жайлы жағдайларында тынымсыз жұмыс істейді. Бірақ тіпті шамалы бөтен тітіркендіргіштер оларда жиі ашу, ыза тудырады. Кейде едәуір аяқталып қалған ісі за кетеді, ақырында ол оған өкінеді.

МЕЛАНХОЛИК (әлсіз)-жұмсақ мінезді, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершіліктен сескенгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиеті болады. Меланхоликтер өмірінің өзгерістеріне қиын беімделеді. Күйік-қасіретке бейім, сөздік және сезімділік белсенділігі төмен, тұйық мінезді келеді.

Сонымен темперамент-бұл ресми мінездің динамикалық сипаттамасы. Алайда, кісі мінезінің маңызды жақтарын (дүние ану, көзқарас, тілек, сенім) ол ажыратпайды. Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін белгілемейді, өйткені оның мінез-құлығын санасы басқарып отырады.

Психологтардың айтуы бойынша, барлық кісілерді ЭКСТРОВЕРТ, ИНТРОВЕРТ, НЕВРОТИК терге жатқызуға болады. Экстроверт-әр алуан сыртқы әсерлерге ашық. Интроверт, керісінше тұйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығукүйі пайда болады.

Павловтың айтуынша, түрліше темпераменттер қозу және тежелу процестерінің даралық айнымалы күші, олардың ширақтығы және теңдесуі іспетті қасиеттерінен тұрады. Осындай ең бастытиполгиялық белгілердің арақатынасына сәйкес Павлов жануарлардың жоғары жүйке қызметінің төрт негізгі түрін бөлді.

Кейін Павлов ашқан үш типологиялық (күш, ширақтық, теңдесу) жүйке процестерінен басқа төртінші-динамикалық (жыжымалық) қасиеті табылды.

Жүйке жүйесінің типі туа пайда болады, өмір бойы өзгермейді.

Павловтың зерттеулері мен клиникалық байқаулар бойынша, адамдарда жүйке қызметінің кәдімгі төрт түрінен басқажеке адамға тән көркемпаз, ойшыл және аралық типтері болады.

КӨРКЕМПАЗ типті адамда, екінші сигналдық жүйесі қарағанда, бірінші сигналдық жүйе біршама үстемділігіменсипатталады. Бұндай адамдаройлау процесінде ақиқат болмыстың сезімділік ейнелерін кеңінен пайдаланады.

ОЙШЫЛ типті адам екінші сигналдық жүйесі біріншіден басымдылығымен , көрнекті талдау-синтез әрекетке негізделген болмыстан тыс дерексіз ойлау қабілеттерімен білінеді.

АРАЛЫҚ тип-болмыстың екі сигналдық жүйесінің әрекеттік теңдесуімен сипатталады.

Адамның типологиялық қасиеттері генотип пен фенотипке байланысты болады. Генотип (тектітүр) жоғары жүйке іс-әрекетінің туа біткен қасиеттерінен қалыптасады. Ал фенотип (белгітүр) тумыстан әне тіршілік жағдайларының ықпалынан иемденген белгілі қасеттердің өзара әрекетінен құралады.

Егіз туған балаларды тексергенде, жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттерінің (күші, ширақтығы, сигналдық жүйенің біреуінің басым болуы) тектік (генетикалық) себептестігі , уақытша байланыстар қалыптасуының әртүрлі жылдамдығы, зерденің даралама ерекшеліктері байқалды.

Әрбір адамда мүмкіндігі шексіз ақыл-ой қабілетінің негізі салынған. Алайда ол оны толық жұмылдыруға үйренбеген. Сонымен, әрбір дені сау адамның басқаға қарағанда, бір қасиеті басым келеді. Сондықтан адамның дарындығы көріну үшін алдын-ала биологиялық өте тиімді жағдай жасалғанымен шешуші маңызды рольді әлеуметтік жағдай атқарады.

4. Тәжірибелік невроздар. Жоғары жүйке қызметі мен негізгі процестерінің қалыпты қасиеттерінің әрекеттік ауытқулары көптеген жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бұл бұзылудың мәні қозу мен тежелу процестерінің шамадан тыс күшеюі немесе олардың соқтығысы арқасында пайда болатын тәжірибелік невроздар арқылы анықталды.

Дәрігерлер практикада ауыр күйзелістен кейін, әсіресе жүйкесі қажу немесе ауру салдарынан әлсірегенде туатын невроздың көптеген түрлерін кездестіреді. Мұндай жағдайларда тіпті әдеттегітітіркендіргіштер өте күшті әсер етіп невроз туғызады.

Жоғары жүйке қызметінің ауытқулары бірнеше түрде білінеді. Бұлардың ішінде созылмалы келетін ретсіз шартты рефлекстер немесе олардың деңгейінің оралымды алмасуы, теңестірушілік және парадоксальді күйлердің пайда болуы, долдану және жүйкенің ауытқулы салғырттығы кздеседі.

Жүйкесі әлсіз немесе ұшқалақ типтерде невроздық олқылық оңай туады және біріншісінде қозу, екіншісінде тежелу процестері зиян шегеді.

Сонымен невроз-жоғары жүйке қызметінің созылмалы әрекеттік (функциялық( бұзылуы. Оған себепші-ми қыртысы-қыртыс асты немесе ми сыңарларының өзара қатысының келісімсіз жағдайлары, әртүрлі әрекеттік, оның ішінде вегетативтіктнерв қызметінің бұзылуы.

Адамдарда невроздың көп түрі болады, оның ішінде жиі кездесетіні неврастения, мезі қылатын күйдің неврозы, истерия және психастения. Павловтың айтуынша, истерия-көркемпаз типті адамға, ал психастения-ойшыл адамға тән келеді.

Невроз вегетативтік әрекеттердің бұзылуымен қатар жүреді. Вегетативтік өзгерістер-невроздың ерте білігетін белгісінің бірі. Олар шартты рефлекстер бұзымастан бұрын байқалады және ұзаққа созылады.

Қазіргі езде жүйке-психикалық ауытқуларынан туатын вегетативтік аурулардың көбеюіне байланысты, олар көп көңіл аударуды талап етеді. М: сезімдік зардап, стресс, қан құрамының, жұрек-тамыр, ас қорыту жүйелерінің өзгерістерімен қоса кездеседі. Мұның дерттену (патогенездік) негізін Быковтың медицинаға енгізген ми қыртысы-ағзалықтеориясы анықтайды. Осыған байланысты асқазанға жара шығу, гипертония ауруы, ерте қартаюдың этологиясы мен патогенезінің көптеген сауалдары шешіледі.

Жоғары жүйке іс-әрекетін невроздан кейін қалпына келтіру үшін, кейде ұзақ тынығу, жағдайды өзгерту, ұйқыны жақсарту жеткілікті болады. Қозғыштық және тежегіш процестеріне таңдап әсер ететін фармакологиялық дәрілер (кофеин, бром) орталық жүйесіне және невроз түріне қарай қолданылады.

Павловтың жоғары жүйке іс-әрекеті туралы ілімді адам мінезі мен психикасы ауытқуларының көптеген мағынасын ашуға мүмкіндік жасады.

5. Адам мен жануарларға ортақ жалпы қасиет-олардың қоршаған әлемнің құбылыстары мен заттарының тікелей нақтылы сигналдарына талдау және синтез жасау қабілеттері. Бұл организмнің көру, есту және басқа рецепторларында қалыптасатын бірінші сигналдық жүйесі. Алайда, адамдарда еңбек ету және әлеуметтік даму кезінде тілмен байланысты-екінші сигналдық жүйе пайда болады.

Адамның сөйлеу қабілетінің пайда болуы үлкен ми сыңарлары іс-әрекетінің жаңа негіздерін қалады. Адамның сөйлеу қабілеті, қалыптасуы жалпы жоғары жүйке қызметінің онтогенездік дамуымен байланысты.

Екінші сигналдық жүйе-болмысты жалпы таңдауға және дерексіз бейнелеуге мүмкіндік беретін, өте күрделі, ерекше уақытша байланыстар жүйесі. Сөйтіп, ол адам мінезінің ең жоғары реттеушісі және жеке кісінің дерексіз ойлауының ранайы негізін құрайды. Сондықтан бұл жүйе адамның санасы мен парасаттық мінезінің іргесін қалайды.

Бірінші және екінші сигналдық жүйелер бір-бірінен ажырамайды. Адамның барлық түйсіктері, ұғыну, елестету қабілеттері, көптеген сезімдері сөз арқылы атқарылады.

Екінші сигналдық жүйе дерексіз ұғым жолымен, ойлау қабілеті арқылы төңіректегі дүниені жалпылама-дерексіз бейнелеуге мүмкіндік жасайды.

Адам мінезінің физиологиялық тетіктеріне талдау жасағанда, ол екі сигналдық жүйенің, қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді.

Үлкен ми сыңары қыртысының қызметін айқындайтын екі сигналдық жүйенің күйі қыртысасты орталықтарымен тығыз байланысты. Адам өз еркімен, өзінің шартты әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз сезім мен эмоцияның көптеген көрінестерін, қорғаныс, тағамдық, жыныс рефлексін тыйяды. Сонымен бірге үлкен ми қыртысының қалыпты тонусын ұйымдастыратын серпіністер көзі-қыртысасты ядролар, ми бағаны мен торлы құрылым.

Сөйлеумен байланысты, сөздің мағынасын түсіну, оларды айту, заттарды ұғынып тану және мақсаттыіс-әрекет пен оның нәтижесін болжау сияқты күрделі функциялар жылжымалы жүйке құрылымдарының қалыптасуын талап етеді. Яғни, ми қыртысы мен нейрондары мен олардың тізбектері әрекеттік жүйені ұйымдастырады.

Адам дүниені алынған ақпаратты талдағыштар аппараты жиынтығында, әсіресе ми қыртысында, өңдеп таниды. Қабылдаған ақпараттың дұрыстығын іс-әрекеті, тәжірибесі арқылы текскріп отырады.

Сондықтан практикалық бақылау сезу мен түйсіктің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Сезу мен түйсіктің ақиқаттығын қамтамасыз ету үшін, әрбір талдағыштардың көрсетуін басқалармен салыстырудың маңызы өте зор.

Мысалы, заттардың көлемін көру, сипап сезу және проприорецепторлардан миға бір мезгілде жететін сигналдардан анықтауға болады. Сәби жас кезінен түрліше ақпаратты біртұтас байланыстырады, оның дұрыстығын өз әрекетімен тексереді. Балалардың қимыл-әрекеті шашыраңқы келеді, олар баяу басталады, ұзаққа созылады және өте ақырын жойылады. Әртүрлі жастағы балалардың «еркін» қимылы түрліше болады. Жасы кіші балалардың қозғалтқыш әсерленістің тонустық түрі, ал ересек балаларда фазалық түрі болады.

Адамда нақтылы және сөздік тітіркендіргіштерге қимылдатқыш шартты рефлекстері өте тез және тікелей маманданған түрінде жасалады. Таңдау қозғалтқыш шартты рефлекстері көзсіз іздеу-сынама және жаңыласу әдістері арқылы қалыптасады. Әдетте есепті шешкеннен соң, адам өзінің сәтсіз әрекеттеріне қайтып оралмайды. Үйрету ісісің мәні мақсатқа жетудің жалпы негізінің жүйкелік өнегесін қалыптастыруға саяды.

Барлық тәжірибелік мәліметтер адамдарда шартты рефлекстердің арнамалы қалыптасатыының екі сигналдық жүйенің бірлесуінен, екіншісінің жетекшелігімен атқарылатынын дәлелдейді. Адамның шартты рефлекстері, жануарлардағы сияқты бөтен тітіркендіргіштің ықпалынан теріс индукция арқылы сыртқы тежелуге душар болады. Адам есейген сайын сыртқы тежелу аз байқалады. Ал адамның күнделікті тіршілігінде нейрондары қажитындықтан шамадан тыс тежелу өте жиі кездеседі. Бұл жоғары жүйке қызметінде белгілі өзгерістер туғызып, адамның жалпы шаршауына, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Адамдағы ішкі тежелу, жануарлардағы сияқты жіктеледі. Алайда адамның тежегіш процестерінде, екінші сигналдық жүйенің арқасында тез қалыптасады. Сондықтан ол белгілі бір жастан кейін жетекші роль атқарады. Тек, адам үшін кешігетін ТЕЖЕЛУ ҚИЫН ҚАЛЫПТАСАДЫ. Адамның екінші сигналдық жүйесі оның әлеуметтік өмірімен тығыз байланысты. Ол әр адамның қоғамдық ортамен өзара қатынасының нәтижесі. Аузша ишарат, тіл адамдардың қатынас құралдары, олар ұжымдық еңбекте дамиды. Сөйтіп, екінші синалдық жүйе әлеуметтік себептерден қалыптасып, қоғамнан тыс дамымайды.

Жоғары жүйке іс-әрекетінің қалыптасу ерекшеліктері дәрігерлер үшін өте маңызды. Мұның мәні медицина саласында техникалық құрал-жабдықтарды, аспаптық әдістерді кеңінен қолданғандықтан тіпті артып отыр. Өйткені лабораториялық және аспаппен тексеру нәтижесі аурудың жеке басын дәрігер санасынан алшақтатады. Ал ауруды дұрыс емдеу үшін, бұдан басқа саналы шарттар-аурудың дәрігерге сенімі, оның санасына әсер ететін ептілік қажет. Өзара қатынаста адам өз мінезін бағдарлап, әрекеттерін басқалармен салыстырып, олардың пікірі, сезімі, талаптарымен сәйкестендіріп отырады. Ең ақырында адамның істері тек өзі үшін емес, басқа адамдармен бірге , солар үшін атқарылыды.

Адамның мақсатын, ынтасын, өзгешілігін жасайтын, яғни отбасында, жұмыс орнындағы мінезін бағдарлайтын, оның маңайындағыларымен қарым-қатынасы. Оларды анықтап, керекті жаққа бағыттаутәрбиешілер мен дәрігерлердің міндеті.

Тәрбиелеу, аурудың алдын алу, оны емдеу істерін саналы меңгеру үшін, мінездің және көңіл-күйдің байымсыз қалыптасатын түрлерінің әрекетін анық ойластыру керек. Әсіресе, жеке адамды толық түсіну үшін. Оны бөлек алып қарамай, барлық бағалау жүйесіне көңіл аударып, әлеуметтік бағалаушы топтардың қатынасы арқылы ұғыну керек. Басқаша айтқанда, жеке адамның қоғамдық мәнін естен шығармау керек. Өйткені әлеуметтік байланыссыз, қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Осы жағдай әртүрлі типті топтарда болатын адамның өзара қатынасын терең тексерудің қажеттілігін дәлелдейді.

Ұжымдағы адамдар қатынасының маңызды ерекшелігі сол, жеке адам өзін эмоция арқылы ортаның ыңғайына бейімдейді. Әлеуметтік қоғамның ұжымына тән бірге қайғыру, сезімдік (жылы-шырайлылық, сіркеушілік), әркімнің табысына ортақ қуаныш пен мақтаныш сияқты қасиеттері бар.

Өндірісте, мектепте, басқа ұжымда істейтін дәрігерлер тиімді адамаралық қатынас қалыптастырудан тысқары қала алмайды. Ол ұжымда имандылық, рухани ірлік, салауатты тірлік салтын тәрбиелеу үшін бар күш-жігерін, білімін аямауы керек.

6. Адамның мінез-құлығы ми құрылымы өсіп жетілген сайын өзгереді және жоғары сатыға көтеріледі. Бұл сыртқы ортаның маңызды түрткілерінің көбеюі салдарынан алуан түрлі рефлекстердің өзгеріп, мінездің жаңа шартты әсерленіс түрлерінің пайда болуына байланысты. Қазіргі түсініктер бойынша, мінез және психика әсерленістері мидың ұласқан жүйесі арқылы атқарылады. Мидың бұл құрылымдары оның көптеген күрделі әрекеттерін йымдастырады. Олар мақсатты қимыл-әрекет бағдарламасын, парасатты істерді, сөйлеу жүйесін көрнекі кеңістіктік және нышандық синтезді, қысқа мерзімді зердені қалыптастыруға қатысады.

Баланың жоғары жүйке іс-әрекетінің қалыптасуы ми қыртысындағы ұласқан құрылымдардың дамуынан тәуелді келеді. Бала үлкендермен қатынасу арқылы тәрбие алады және сыртқы әлемді бағалаудың жаңа түрлерін иемденеді. Бұл қимыл-әрекекттің, түйсік, зерде және ойлау қабілетінің жаңа түрлерінің негізін қалайды. Олар ми қыртысының маңдай және төменгі самай аймақтарыныңы жетілуіне байланысты. Адамның онтогенездік дамуы кезінде мидың осы аймақтары 9 есе өсіп, оның үштен екі аумағын алып жатады.

Жаңа туған перзентте өмірірінің алғашқы күнінен сыртқы ортаны сезетін бірқатар қабілеті болады. Олардың туа біткен мотивациясының белгілі көріністері, сақтану түйсігі, басқа адамның сигналына әсерленіс қасиеті байқалады. Кейін осы қасиеттер негізінде сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге көптеген шартты рефлекстер қалыптасады. Әуелі ему, ұйқы және сергектік күйлерге байланысты вегетативтік, кейін қозғалыс шартты рефлекстері пайда болады. Бөбектердің 9-10 айлығында бірнеше жағымды және тежегіш шартты рефлекстері қалыптасады. Өйткені бұл жаста бөбектердің кейбір әсерленісі сыртқы тежелу арқылы тыйылады. Осы жаста сыртқы құрама тітіркендірістің ең маңызды сыңары тіл бола бастайды. Сөзге шартты рефлекстер бөбектің 6 айлығында пайда болады. Алайда олар үшін сөздің әлі де дерексіз сигналдық мәні жоқ.

Сәбилер 1-3 жастың арағында жүре және сөйлей бастайды. Сәбидің өздігінен қозғалысы қоршаған заттармен жан-жақты танысуына мүмкіндік туғызады. Ал сөйлеу қабілетінің дамуы маңайындағы адамдармен қатынасуын күрделі түрде өткізеді. Олардың мінезінде екпінді және табанды зерттеу қимылдары қалыптасады. Сөйтіп сәбидің сыртқы әлем қимылдары қалыптасады. Сөйтіп сәбидің сыртқы әлем танымы «қимылмен ойлау» арқылы қалыптасады. Алғашқыда оның қимылы жөнсіз, ретсіз келеді. Кейін тәжірибесі молайып, нақтылы және ұйымдастырылған қимыл туады. Әртүрлі заттарға бара-ьар қимыл-әрекет жасалады, сәби қасықпен, кесемен тамақ ішеді, орындыққа отырады, аяқ киімді өзі киеді. Ал егер баланың қимылы шенеулі болса, оның таным қабілеті төмен болады. Балалардың ойыны арқылы ми қызметінің адамға тән арнамалы ерекшелігі болатын жалпы қорыту және ұластыруәрекеті қалыптасады. Сәби 2 жасқа толғанда сөз біртіндеп шартты тітіркенудің егемендік мәнінеие болады. Сондықтан да балалалармен әртүрлі тақырыпта әңгімелессе, олардың сансыз «неге?» деген сұрақтарына жауап берсе, ақыл-ой өрісі құрбыларына қарағанда тез және күшті дамиды.

Балалардың 4-7 жасында жүйке процестері одан әрі күшейіп, қозу мен тежелудің индукциялық қатынасы аныққалыптасады. Онымен қатар ішкі және сыртқы тежелудің өзара қатынасында күрделі өзгерістер туады. Сондықтаг 4 жастағы бүлдіршіндер кері қарай санай алмайды. Осы жастағы балалардың қоршаған әлемнің көптеген құбылыстарын сөз арқылы жалпылай қорыту қабілеті жоғары деңгейдежетеді. Олардың эмоциялық жүйесі істеріне және әрекетттеріне, мақсат тілектеріне, қасірет немесе сәтсіздіктерінде жиі пайдаланылады. Мінезінде ұялу, үстемдік көрсету, өзіне назар ударту, ашылану әсерленістері кездеседі. Бұл жасты көбінесе негативизм немесе оппозиция кезеңі деп атайды, өйткенібала « жоқ» дегенді жиі айтады. Олар ісіне сырттан араласқанға қасарысады. Мұны өзін мақұлдату немесе өзінің құндылығын көрсету үшін қолданады. Осы кезеңде ауызекі ойлаудың мәні тез күшейеді, іштен ойлау деп аталатын құбылыстың бастамасы көрінеді.

7 жастағы балалар жалпы және топтық белгілерді жіктей алады, болмыстан дерекіздендірілген түсініктер мен ұғымдарды пайдаланады, байқалған құбылыстардың әрекеттік байланысын ажыратуға тырысады.

Баланың жоғары жүйке іс-әректі 8-11жас арасында біртіндеп одан әрі дамиды. Жүйке процестерінің жеткілікті күші және теңдестігі болады, ішкі тежелудің барлық түрі ойдағыдай жетіледі. Сөйтіп, балалардың 10-11 жасында миы үлкендер деңгейіне жетеді. Алайда бұл кезеңде шамадан тыс оқу көлемі жоғары жүйке іс-әрекінің жағымсыз өзгерістеріне әкеліп соғады.

Жүйке процестерінің күші, ширақтығы жас ұлғайған сайын дамиды. Сөйтіп бұл екі процестің балансы өзгереді. Осыған сәйкес типологиялық ерекшеліктер өзгереді.

Қыздардың 11-13, ұлдардың13-15 жастағы кезеңін өтпелі жастың алғашқы кезі деп атайды. Бұл уақытта жыныс белгілері дами бастайды және онмен байланысты эндокриндік өзгерістер туады.

Жасөспірімдердің мінезінде қозу тежелуден анық басым болады. Тітіркендіргіштің көрсеткішінде жауап әсерленісі күші және сипаты жағынана сәйкес келмейді, сигналаралық әсерленістің саны көбейеді, ажырату нашарлайды.

Бұдан басқа екінші сигналдық жүйенің іс-әрекеті өзгереді: жасөспірімдердің сөйлеуі баяулайды, сұрақтарға жауап бір сарынды, ықшамды келеді, сөз қоры азайғансияқтыкөрінеді. Сондықтан күрделі сұраққа толық жауап алу үшін, жас өспірімдерге қосымша сұрақ қоюға тура келеді. Бұл екінші сигналдық жүйеніңі іс-әрекетінің төмендеп, бірінші сигналдық жүйе әрекетінің төмендеп, бірінші сигналдық жүйе әрекетінің біраз күшейгенін көрсетеді.

Өтпелі кезеңнің екінші кезі қыздарда 13-15 жас, ұлдарда 15-17 жас арасында болады. Бұл олардың дамуындағы өте жауапты және толқынды кезеңі. Осы мерзімде жас өспірімдер тез өседі, дене салмағы ұлғаяды, көңіл күйлері тез өзгереді, ересектерге, әсіресе тумаларына және мұғалімдеріне сын көзімен қарайды, қыздарда көз жастылыққа бейімділік байқалады.

Алайда 15-16жаста екінші сигналдық жүйенің мәні артабастайды, сөздік тітіркендіргішке шартты рефлекстер тез қалыптасады, дерексіз көру кескіндеріне зерде жақсарады.

Өтпелі кезеңнің аяғында ми қыртысы мен қыртыс асытқұрылымдардың арақатынасы үйлесімді болады. Жасөспірімдерде әрекеттік ауытқулар сирек кездеседі. Оларда пайда болуы эндокриндік өзгерістермен қатар, әлеуметтік жағдайларға байланысты болады. Көбінесе отбасындағы, мектептегі психикалық жайсыз жағдайлар, күйзелістер зор әсер етеді. Организмнің бұл қайта құру кезеңі жүйке іс-әрекетінің кеңінензорлануына байланысты, сондықтан тәрбиешілер жағынана парасатты және ұқыпты қарауды талап етеді.

Әсіресе адамның мінез-құлығы қалыптасуына балалар ұжымымының ықпалы зор болады. Баланың құрдастарымен арақатынасындағы сәтсіздіктер, асқан өкпешілдік, қыңырлық, ызақорлық сияқты мінез туғызады. Осыдан олар төңіректегілерге селмоқ, немқұрайды қарайтын болады. Көбінесе мұның себебі:-балалардың алғашқыда ұжымға қосылғанда тұрмыс және ойын дағдыларының аз, қимылдарының баяу болуы.

Балалар организмі тез өседі, жетіледі және қалыптасады. Ол алғашқы бірнеше жылдың ішінде, соңғы өмірімен салыстырғанда, мәліметтіерекше көп ұғып алады.

Сондықтан тәрбиешілер мен дәрігерлердің ең басты мақсаты осы жағдайларды ескеріп, бұл процестерді ыңғайлатып, теңестіріп, балалардың ақыл-ойын, мінезін дұрыс ұйымдастыру. Ескертетін жай, оларды өңдеуге, ұғынуға бағытталған. Олай болса, баланың табиғи тілектерін қамтамсыз етпеу, қиыл-әрекетіне кедергі жасау, жоғары жүйке жүйесіне көптеген нұқсан келтіретін залады салдар болады.

8. Кәрілік жеке дамудың қалыпты бір сатысы. Бұл кезеңнің өзгешеліктері: тіршілік әрекеттің біртіндеп төмендеуі және әлсіреуі, организмнің бейімделу-өтеу мүмкіндіктерінің шектелуі. Қартайған кезде, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және икемдеуші мәні бар нейро-гуморальдық қарым-қатынастың жаңа деңгейі пайда болады.

Оларда шартты рефлекс құру жылдамдығы баяулап, ішкі тежелу, әсіресе ажырату процестері нашарлайды. Жаңадан жасалған шартты рефлекстер тұрақсыз келеді.

Жас ұлғайған сайын қимыл-әрекет те өзгереді: тез қимыл азайып, баяу қозғалыс көбейеді. Сонымен қатар ұйқы да бұзылады.

Жеке даму процестеріде ми қыртысының қозғыштық қасиетінің біртіндеп төмендеуімен, жаңа және сирек пайдаланылатын шартты рефлекстер өшеді. Сондықтан организм икемделуінің қатаю мерзімін жүйке қызметін дер кезінде машықтандыру арқылы ұзартуға болады. Ол үшін мида көптеген тұрақты әрекетенетін қозуошақтарын жасау керек.

Қартайғандықтың психологиялық көріністері-тез шаршау, жаңа жағдайларға қиын бейімделу, баяу ойлау, зерденің нашарлауы, назарының сейілуі, «тілектерінің тосырқауы» эгоцентризм (дарашылдық).

Сонымен қатар бұл кезеңде психикасының жастық белгісі, өмірге құштарлығы, әуестігі, еңбек белсенділігі сақталған қарттар да кездеседі.

Дәріс №2

Тақырыбы: «Организмнің әрекеттік қалпы»

Жоспары:

1. Организмнің әрекеттік қалпы.

2. Сергектік.

3. Ұйқы.

4. Ұйқының кортикалық қағидасы.

5. Баяу және жылдам ұйқы.

6. Түс көру.

7. Ұйқы мен сергектік ұйымдастыру.

8. Гипноз және иландыру.

Физиология мен психология ғылымдары организмнің әрекеттік қалпы туралы ұғымды кеңінен пайдаланады. Өйткені әртүрлі іс-әрекеті өрісіндегі еңбегі мен тәлімнің сәті, денсаулығы, көңіл-күйі оның әрекеттік қалпынан тәуелді келеді.

Көбінесе әрекеттік қалып орталық жүйке жүйесінің бедерсіз белсенділігі арқылы анықталады. Мұны Павловтың айтуынша, үлкен ми сыңарлары қыртысының тонусы немесе оның қозғыштық қасиеті көрсетеді. Ал организмде орталық жүйенің бедерсіз белсенділігін жүрек соғуының жиілігі, қанның қысымы, тыныстың жиілігі мен тереңдігі, ЭЭГ-ның өзгерістері сияқты физиологиялық әсерленістер жиынтығы бейнелейді. Әрекеттік қалып физиологиялық, мінездік және психологиялық деңгейден тұрады.

Адамның әрекеттік қалпын физиологиялық әсерленістің қозғалтқыш, вегетативтік және электроэнцефалографиялық көрсеткіштері арқылы анықтайды. Қозғалтқыш көрсеткіштің ішінде ісқимыл белсенділігі, белгілі бір мезгілдегі оның қарқыны мен сапасы, бұлшықеттердің бедерсіз тонусы бар. Вегетативтік көрсеткіштері ретінде тыныс, жүрек-тамыр жүйелерінің әрекеттік өлшемдер, тері-Гальвандық рефлексі қолданылады. ЭЭГ-әсерленісті альфа-ырғақтық сипаты, электр белсенділігінің жиілік спектрі арқылы бақылайды.

Осы көрсеткіштердің көмегімен организмнің әрекеттік қалпын ырықсыз сезім, бағдарлама –зерттеу іс-әрекетін, сергектік-ұйқы оралымыын анықтауға болады. Әрекетттік қалып ұйқы мен сергектік күйдің алмасуы мен кезектесуі арқылы жүзеге асады.

2. СЕРГЕКТІК.

Адам организмнінің әрекеттік қалпының бірі-сергектік, ол ырықсыз ұйқымен қосылып, ұйқы-сергектік циклын құрайды.

Сергектік кезінде адам өзінің тіршілік бағдарламасын іске қосады. Вейн сергекті мінез белсенділігінің деңгейіне, ықыластың шоғырланысына, вегетативтік белсенділікке қарай үш әрекеттік қалыпқа бөледі-ынталы сергектік, әлсіреген сергектік және швн сергектік.

Ұйқыдан сергектікке көшу организмдегі биохимиялық өзгерістер арқылы болады. Әрі қоршаған ортаның тітіркендіргіштер ықпалынан немесе ми қыртысы, гипоталамус пен торлы құрылым арасындағы әрекеттік қатынастың өзгеруінен туады.

Адамда сергектік кезінде әртүрлі психикалық іс-әрекет-байсалды сергектік, зейін, белсенді қимыл, мақсатты іс-әрекетті қамтамасыз ететтін эмоциялық қозу немесе әлсіреу байқалады.

Белсенділіктің елеулі айырмашылығы бар екі түрін бөледі. Біріншісіне жүйенің қызметінен туатын бағдарламалықәсерленісті жатқызады. Екіншісі-әрекеттік қалыптың ауытқуларын қамтамасыз етуші және баяу әсерді реттеуші жүйенің жұмысына байланысты. Қысқа мерзімді белсенділік процестері әрекеттік қалыптың баяу өзгерістері бедерінде күшейіп кетеді. Оған ұйқы, байсалды сергектік, қырағы назар, стресс әртүрлі әсер етеді.

3. ҰЙҚЫ.

Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталады. Оны көпкезді (полифазалы) ұйқы дейді. Сонымен қатар маусымдық ұйқы болады.

Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мысалы: тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді . жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәулктік ұйқының мерзімі қысқарады.

Жаңа туған перзент-21; айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен-14; 2-4 жастағы сәбилер-16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер-12; 8-12 жастағы естиярлар-10; 12-16 жастағы жеткіншектер-8; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотиктік, ауытқулы және шартты рефлекс.

Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.

Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса (депривация) жеңе алмайтын ұйқыға мұқтаждық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал субъективтік сезіне өте ауыр, жағымсыз болады.

Ұйқы мен сергектің жаратылысы туралы ұғымдардың алғашқылары қанайналымдық және гистологиялық қағидалар. Біріншісі бойынша, ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қан айналымына байланысты деп танылды. Гистолгиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпеністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.

Ұйқының химиялық қағидасы ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында пайда болатын «дельта-пептид» бөлініп алынды.

Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызды. Қорғаныстық тежелу-үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу-жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы-ми қыртысының едәір аймақтарына жайылған тежелу.

4. ҰЙҚЫНЫҢ КОРТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАСЫ.

Ұйқының кортикалық қағидасы үшін ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі қалып туралы мағлұматтардың аса зор маңызы бар. Бұл бірнеше кезден тұрады, оның әрқайсысы рефлекстің шамасына тітіркендіргіш күштің өзгеше қатынасымен сипатталады.

  1. теңдеулік кез-бұның қалыпты сергектік жағдайдан айырмашылығы сол, күшті немесе әліз, жағымсыз шартты сигналдар бірдей нәтиже шығарады.

  2. парадоксальді кез-бұрмаланған күштердің қатынасымен сипатталады.

  3. ультрапарадоксальді кез-қарама-қарсы әсерленістермен сипатталады.

  4. наркотик немсе елітетін кез-бұл ең алдымен әлсіз тітіркендіргіштерге төмен шартты әсерленіс іс-әрекетінің басылуы.

  5. тежегіш кезі-шартты рефлекстік іс-әрекеттің толық тежелуі (терең ұйқы).

5. БАЯУ ЖӘНЕ ЖЫЛДАМ ҰЙҚЫ.

Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және ЭЭГ белгілерімен сипатталады.

Баяу ұйқыны 5 сатыға бөледі:

  1. Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталады. Бұл уақытта ЭЭГ-да айнымалы тербелісте оқтын-оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа-ырғақ байқалады.

  2. Қалғу. ЭЭГ иректерінің тегістелуімен, альфа-ырғақтың жоюылуымен, тета- және бета- толқындардың және жеке дельта-толқындардың қабаттасуымен сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу қимылы және бұлшықет потенциалының шамасы азаяды.

  3. Сергек ұйқы. Жиілігі 14 ГЦ үлкен тербелістер пайда болуымен көзге түседі. Бұл кезде дельта- және тета-толқындар жазыла береді, бета белсенділік көрінеді. Көздің қимылы, бұлшықеттің потенциал шамасы ЭМГ одан әрі төмендейді.

  4. Орташа ұйқы. Электр көріністерінің шайқалу шегі жоғары дельта-толқындар пайда болуымен үйлеседі, ұйқылық үлкен тербелістер азаяды.

  5. Терең ұйқы.

Жылдам ұйқы бет және мойын еттері белсенділігінің толық тиылыуымен ерекшелінеді, көздің шапшаңқимылдарыкездеседі. Ұйқының бұл жылдам сатысында ЭЭГ-ның сыртқы көрінісі тек «қалғу» сатысындағы сияқты болады.

Ұйқы құрылымы жас кезеңдеріне қарай өзгереді, мысалы, жаңа туған перзенттерде жылдам ұйқы сияқты жасына үйлес белсенді ұйқы кездеседі. Одан кейін жас ұлғайған сайын жылдам ұйқыныңы жалпы мерзімі қысқарады, сөйтіп мектеп жасында үлкен адамның нормасына жетеді. Ал 60 жаста жылдам ұйқының мерзімі көп өзгермейді, кейін ақырындап төмендейді. Адамда баяу ұйқы кезінде өзінше ерекшелігі белсенді психикалық құбылыстар байқалады. Сомнамбулизм немесе ұйқылы-ояу жүру, санасыз әрекет жасау , тек ұйқының баяу сатысында кездеседі, ол кезде ЭЭГ-да дельта-толқындар жазылып алынады.

Ұйқының әрбір сатысында ми құрылымдарының әртүрлі электр белсенділігі байқалады.. Жылдам сатысында таламус, гипоталамус, орталық мидың торлы құрылымы, гиппокамп және ми қыртысының көру аймағындағы нейрондар белсенділігі артады. Ал баяу сатыда сопақша мидың торлы құрылымында, бадаша комплесінде электр белсенділігі өте күшейеді. Үлкен ми сыңары қыртысы да ұйқыны белсенді ұйымдастырады. Ми қыртысы баяу сатысын сақтайды, ұйқының жеке сатыларын алмастыруға қатысады, ұйқы кезеңіндегі кейбір құбылыстарға өз үлесін қосады. Ең ақары ол ояну процесіне әсер етеді. Сөйтіп, ұйқы-организмнің бүкіл мидың тұтас әрекеті және оны ұйымдастыруға орталық жүйке жүйесінің әртүрлі құрылымдары өз үлесін қосады.

6. ТҮС КӨРУ. Түс көру-бұл адамның қоршаған ортамен қатынасынан қалыптасатын күрделі психикалық құбылыс. Керең-мылқаулар айтарлықтай түс көрмейді. Бұл түс көрудің ми қыртысы арқылы болатындығын дәлелдейді.

Түс көрудің ең көп тараған түсініктерінің бірі-жүйкелік іздер теориясы. Егер Сеченов түс көруді «үйреншікті әсерлердің әдетте болмаған қисындасуы» деп есептесе, павлов бойынша, түс көру көбінесе ескі тітіркендірулерден қалған ізден туады. Юнгтың айтуынша, «түс көру-ұйқы кезіндегі психикалық әрекеттің қалдығы және өткен күннің ой әсері мен көңіл күйі». Түс көру барлық адамдарда болады, тек кейбіреулерде сирек байқалады. Ауырған кездерде, жағымсыз жағдайларда, неврозда түс көру жиілейді. Әйелдер жалпы жиі түс көреді.

Физиологиялық көзқарас бойынша, түс көрудің себептері-сергектік жағдайдағы психикалық іс-әрекетті іске қосатын материялық құбылыстар. Ал Фрейдтің психоанализ қағидасы бойынша, түс көрудің себебі адам психикасының шаласаналық жүйесінің жеңе алмайтын инстинкті іс-әрекетінен туады.

ГИПНОПЕДИЯ-(түсінде үйрету). Адам өзінің онсыз да қысқа өмірінің үштен бірін ұйқыда өткізеді. Сондықтан бір кезде уақытты ұтымды пайдалану үшін, ұйқы кезінде оқыту кеңінен тарады. Алайда, арнайы зерттеулер жаңа материалды ұғыну қабілеті және оны сергектік кезде мүмкін екендігін көрсетті. Демек, нәтижелі гипнопедия ұйқы кезінде емес, шындығында сергектік күйде, неқалғу кезінде болады. Ал терең ұйқы жағдайында ешқандай үйрету мүмкін емес. Өйткен ұйқының негізгі бір мақсаты-сергектік жағдайда қабылданған мәліметті өңдеу. Егер ұйқы небір материалды жаттағаннан кейін 8 ағат жарамды ұйқы болса, оны еске түсіру толық және анық болады.

Түсінде оқыту кезінде ұйқы шала, сергек болып, адамды жиі оянуға мәжбүр етеді. Демек, бұл пайдалы болмайды, өйткені қалыпты ұйқы адамның жұмысқа қабілеттілігі бұрынғы жағдайына келуі үшін қажет. Сондықтан қазіргі кезде гипнопедия жиі қолданылмайды.

7. ҰЙҚЫ МЕН СЕРГЕКТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Ұйқы мен сергектіктің алмасуы-тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңнен және қараңғылықпен, ал сергектік-күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкес келіп отырады.

Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қан қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.

Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген кұн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды.Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді.

Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік жиі қолданылады.

ГИПНОЗ ЖӘНЕ ИЛАНДЫРУ.

Гипноз дегеніміз иландыру арқылы жасанды түрде туатын адамның ерекше рухани күйі.

Гипнозды үщ сатыға бөледі. 1.Сомноленция (ұйқышылдық)-адам ауызша иландыруға әлі де қарсылық етуі және көзін ашуы мүмкін.

2. Гипнотаксия немесе жеңіл ұйқы-көзін аша алмайды, илану бейім, бірақ гипноздан шыққанда амнезия байқалмайды.

3. Сомнамбулизм (терең ұйқы)-гипноз жасаушыға толық бағынумен сипатталады және оянғаннан кейін адамдар бәрін ұмытып қалады. Сонымен гипноздың ұйқы мен сергектіктен өзгешелігі онда қабылданған мәліметтер іріктеліп барып өңделеді. Бехтеровтың айтуынша гипноз-санағ ену немесе оған, әдетте, қабылдаушы кісінің еркінсіз және ықыласынсыз, әрі көбінесе иландыруға ұғымсыз көрінетін бөтен ойды дарыту.

Павловтың пікірі бойынша, гипноз кезінде сөз үлкен ми қыртысына, оның тежелуі және тонусы төмендеген жағдайда әсер ететді. Бұл жағдайда ми қыртысында пайда болатын қозу толқыны теріс индукция арқылы мидың көрші жерлерінде тежелу құбылысын тереңдетеді. Сондықтан сөз гипноз кезінде сыналатын адамға әдеттен тыс күшті ықпал жасайды да, ұзақ із сақтайды, сол себепті гипноздық иландырудың емдеу нәтижесін қамтамасыз етеді.

ИЛАНДЫРУ-адамдардың өзара бір-біріне ықпалы, адамзат қатынасының нормасы-ол адамды бала кезден иландыратын ақиқаттар. Адамзат қоғамында әрбір сөз, ой, пікір, сана кеңінен тарайды және иландыру кезінде көптеген адамдарға дайын рухани байлықтарды пайдалауға мүмкіндік туғызады.

Әртүрлі иландырудан басқа, өзін-өзі иландыру болады. Мұнда санаға тек бір жағдай емес, сонымен бірге шартты түрде эмоциялық әсерленушілік енеді.

Жалпы барлық адамдардың гипноз ықпалына 20/ оңай, 55/-орташа, ал 25/қиын көнеді. Гипнозға қабілеттілікке жоғары жүйке іс-әрекетінің типтік ерекшеліктері ықпал жасайды. Мысалы, холериктер, меланхоликтер, флегматиктер.

Ауызша иландыру арқылы жоғары жүйке қызметін өзгертуге болады. Гипноз кезінде иіс, дәм сезудің, көрудің сапасы, қарқыны мен мерзімі өзгеруі мүмкін. Сондықтан дәрігкерлер гипнозбен науқастарды емдеу, шаралары ретінде жиі қолданады.

Бүгінге дейін гипноз бен иландыру механизмі толық ашылған жоқ. Симоновтың пікірі бойынша, гипноз ұйқылы тежелу немесе ұйқы мен сергектік арасындағы күй емес, бұл сергектің бір түрі. Жалпы алғанда, гипноз мен айырмашылығы-ми құрылымдары арасында өзге әрекеттік байланыстардың пайда болуында. Басқа әрекеттік байланысты ауыстырып қосу, ми аймақтары қызметінің салыстырмалы қарым-қатынасы үзілу арқылы жүзеге асырылады.

Сөйтіп, сергектік күйден гипнозға ауысу ұйқының жеңіл сатысында (сомноленция) ми құрылымдарының қарым-қатынасы үзілгендіктен, сергектіктің, әрекеттік, себептестік байланыстарының әлсіреуінен, кейбір жүргізгіш механизмдер қозыуынан мидың өзара бірігіп әрекеттесуінен қайта ұйымдастыруға әкеліп соғады. Гипнозды көбінесе адам психикасының жұмбақты құбылыстарына жатқызады. Оған парапсихологтар зерттейтін әртүрлі экстрасенстік түйсіктер, телепатия, сәулегейлік, проскопия (зерделік), болжампаздық (біреудің болашақ ойын немесе келешек оқиғаларын сезу), психокинез («ой күшімен» заттарды орнынан қозғалту қабілеті), парадиагностика тағы басқалар қосылады.

Қазіргі кезде бұл парапсихологиялық құбылыстардың болуын теріске шығарушы зерттеушілермен қатар мақтаушылар да көбейді. Алайда бұл құбылыстардың болатындығына күмәнсіз, қанағаттанарлықтай психологиялық және физиологиялық түсініктер жеткіліксіз.

35

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]