Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Д_РІС2.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
330.52 Кб
Скачать

Аралық ми.

Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты (гипоталамус), төмпешікүсті (эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрайды. Сондықтан бұл құрылымдардың қызметіне, әсіресе гипоталамусқа қарыншаны толтырған сұйықтық, қанда еріген заттар, гормондар тікелей әсер ете алады.

Таламус . 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар функциялық маңызына қарай арнамалы, бейарнамалы, ассоциативтік, қозғалтқыш деп бөлінеді.

Арнамалы ядроларына жұлынның өрлеме нерв талшықтары арқылы дене рецепторларынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі. Бұл ядролар бұзылса, рецепторлардан келетін әсерлер сезілмейді. Таламустың арнамалы нейрондары сезімді хабарларды ми қыртысына тек өткізіп қана қоймай, оларды талдап құрамыстайды.

Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бейарнамалы ядролар ми бағанынан торлы құрылымның жоғары қарай бағытталған активті әсерін ми қыртысына жеткізеді.

Ассоциативтік ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы ядроларынан келіп түседі. Бұлар жоғары анализдік, синтездік процестеріне, ми қыртысынң интегративтік қызметіне қатысады.

Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысты базальдық ядолардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіреді.

Гипоталамус. Көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы құрылым. Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді. Оның әрбір нейроны 2-3 капиллярмен түйіскен. Капиллярлардың қабырғасы үлкен молекулалы заттарға өтімді. Сондықтан гормондар мен басқа да химиялық белсенді заттар қаннан гипоталамус тканіне қарай өтіп, оған тікелей әсер етеді.

Ішкі мүшелердің қызметіне гипоталамус вегетативтік нерв жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығын сақтайды.

Гипоталамуста көптеген мотивация тудыратын орталықтар бар. Мәселен, ортаңғы бүйір ядроларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастас, жануар тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперорагия)-салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болса да азыққа қарамайды (гипофагия) , жүдейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам шөлдейді, қайта-қайта су іше береді «полидепсия» шөлі қанбайды.

Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген функцияларын реттейді.

Қысқасы гипоталамус ,ішкі ортаның тұрақтылығын, вегетативтік, эндокриндік сомалық функцияларды біріктіретін күрделі құрылым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]