- •Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жалпы анатомиясы мен физиологиясы
- •Нейрондар мен ганглия.
- •Нейроглияның функциялық қызметі.
- •Нейрон түрлері
- •Рефлекс түрлері.
- •Нерв орталығы туралы ілім.
- •Жұлын, құрылысы, қызметі.
- •Жұлын нейрондары.
- •Ми, оның бөліктері.
- •Сопақша ми.
- •Ортаңғы ми.
- •Торлы құрылым.
- •Аралық ми.
- •Базальдық түйіндер.
- •Лимбиялық жүйе.
- •Жоғары нерв іс-әрекеті.
Ми, оның бөліктері.
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Құрылымдық айырмашылықтарына, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялы және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық, ортаңғы ми , аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын бес бөлікке бөлінеді.
Сопақша ми.
Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның жалғасы сұр және ақ заттардан тұрады. Сондағы нерв клеткаларынан тұратын сұр зат, жұлындағыдай бір-ақ жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған.
Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нертерінің соңғы бесеуінің (ҮІІІ,ІХіХ,ХІ,ХІІ) ядролаы мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуде маңызды роль атқаратын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен рол атқарады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтыпп кеңітетін, жүрек соғуын баяулатып сирететін орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы да бұзылса адам өледі. Сопақша мида сонымен қатар көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік қағу, жөтелу, түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі менұйқы безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Мысалы, эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса (бульбарлық паралич) жаңа туған бала енесін емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығып өледі.
Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады:
1. жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер;
2. ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер.
Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін кеклесі мысалдардан көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы қимыл-әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндатай бастасымен онда ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан көруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті құсуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз жағдайында анық байқалады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді.
ВАРОЛИЙ КӨПІРІ-нің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Көпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең бастықызметі нерв серпіністерін өткізу. Көпірдің артқы дорсальды беткейінде Ү,ҮІ,ҮІІ жұп ми нервтерінің ядролары орналасқан, олар көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару процесімен алмастырып тұратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейстік орталық орналасқан.
МИШЫҚ.
Мишық әр біреуі үлкен ми сыңарларының артқы жағында, сопақша мидың үстінде орналасқан қос жарты шардан және ортаңғы бөліктен құрттан тұрады. Бұл жарты шарда қалыңдығы 1-1,5 мм жұқа қыртыс қабығы, ақ затты ішінде теңбілденіп сұр заттар-ядролар бар.
Мишық ОНЖ-нің басқа бөлімдерімен жоғарғы, ортаңғы және төменгі аяқтарымен байланысады, осы аяқшалар арқылы жұлыннан, кіреберіс ядролардан, торлы құрылымнан келіп түсетін серпіністер мишыққа тоғысады.
Мишықтың ең негізгі қызметі-адамның өз еркімен атқарылатын не оған бағынбайтын қимыл-әрекеттерді үйлестіріп отыру. Қандай да болсын қимыл-әрекеттің дәлме-дәл орындалуы, тепе-теңдікті сақтау мишыққа байланысты. Мысалы, итке тәжірибе жасаған кезде (мишығын алып тастаса) ит атаксияға (жүріс-тұрыстың бүлінуі) ұшырайды: ол жүрген кезде тәлтіректейді, теңселеді. Мұнымен бірге әр қимыл әрекеті алдында, соңында еріксіз және керексіз қимылдар (астазия) жасайды-теңселіп, шайқалады. Дене еттері солғын тартып күшінен (астения) , табиғи тонусынан айырылады (атония). Мишығы зақымдалған адам әдеттегідей желдіріп табиғи сөйлей алмайды: біресе жай, біресе созып, біресе жедел сөйлейді, оның дауысы бірде қатты, бірде ақырын шығады (дизартрия).
Мишықтың бір жақ бөлігін алып тастаса , сол жақтың ғана қимылы өзгереді.
Академик Орбели мишықтың вегетативтікқызметтерді реттеуге де қатысатын көрсетті. Оның кейбір бөліктерін электр тогымен тітіркендірсе, шек жиырылуы, сөл шығару, қоректік заттардың шектен қанға сіңуі, қандағы қант деңгейі, тер шығуы өзгереді.
