- •Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жалпы анатомиясы мен физиологиясы
- •Нейрондар мен ганглия.
- •Нейроглияның функциялық қызметі.
- •Нейрон түрлері
- •Рефлекс түрлері.
- •Нерв орталығы туралы ілім.
- •Жұлын, құрылысы, қызметі.
- •Жұлын нейрондары.
- •Ми, оның бөліктері.
- •Сопақша ми.
- •Ортаңғы ми.
- •Торлы құрылым.
- •Аралық ми.
- •Базальдық түйіндер.
- •Лимбиялық жүйе.
- •Жоғары нерв іс-әрекеті.
Рефлекс түрлері.
1.рецепторлардың орналасуына байланысты
а. Эксероцептивтік
б. Интероцептивтік
в. Проприоцептивтік.
2. Нерв жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер
а. Сомалық, б. Вегетативтік
3. Рефлектер қатысатын ми бөліміне қарай
а. Мезэнцефальдық
б. Диэнцефальдық
в. Қыртыстық
4. Қимыл-әрекетіне жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау.
5. Орталықта туатын процестер түріне қарай
а-қоздырушы, б-тежелуші
6. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз (туа біткен)
шартты (жүре біткен)
7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай
екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді.
Нерв орталығы туралы ілім.
Нерв орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық нерв жүйесінің белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.
Мысалы, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел омыртқа бөлігінде (сегментінде), зәр шығару орталығы жұлынның сегізкөз бөлігінде, тыныс орталығы сопақша мидың орта шенінде орналасқан.
Бірақ біріңғай қызмет атқаруға бір орталықтың нейрондары ғана емес, сондай-ақ ОНЖ-нің әр деңгейінде орналасқан көптеген басқа нейрондар тобы да қатысуы мүмкін.
Сондықтан бірыңғай функциялы орталықтар тобы орталықтар үркері деп аталады. Сонымен орталық нерв жүйесі көптеген нерв орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады.
Жұлын, құрылысы, қызметі.
Орталық нерв жүйесі жұлын мен мидан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйесінің бір бөлімі. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат нерв талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан. Сұр зат көбелек пішіндес, оның алдыңғы және артқы қос мүйіздері ақ затты төрт бағанға бөледі. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарады, ал ақ зат қозуды өткізеді. Жұлынның сезгіш нейрондарына афференттік нервтер тері, ет, сіңір, ішкі мүшелер рецепторларынан серпіністер әкеледі. Қимыл нейрондардың нервтері қозуды шеткі мүшелерге, қаңқа еттеріне апарады. Сезгіш және қимыл нейрондар, аралық нейрондар арқылы немесе бір-бірімен тікеелей байланысып рефлекстік доға құрайды.
Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы түбірлері арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылса, не кесілсе оған сәйкес дене сегментінде сезім және қимыл функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметін көршілес сегменттің нейрондары орындайды. Белла-мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік нервтерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.
Жұлын нейрондары.
Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрондар болады. Қимыл нейрондардың альфа және гамма екі түрі сұр заттың алдыңғы мүйізінде орналасады.
Альфа-мотонейрон ең үлкен клетка. Бұл нейронның аксоны бет еттерінен басқа барлық қаңқа еттерімен байланысқан. Мото нейрон қозғанда ет ішіндегі рецептор –ет ұршығы жиырылады.
Аралық нейрондар басқа нейрондармен қоздырытан не тежейтін синастар құрады. Демек, олар қозу мен тежелу процестерінің тууын реттейді және белгілі бір сегменттің ішіндегі көршілес сегменттер арасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар зұр заттың денесінде, артқы мүйіздің шылбыр бөлімінде орналасады. Аралық клеткалар арқылы ми бағананың торлы құрылымдары жұлында пайда болатын қозу, тежелу процестерін реттейді.
Сезгіш нейрондар жұлын ганглиінде топталған. Бұл клетканың бір талшығы болады. Ол ганглиден шыға бере екіге бөлінеді. Оның бірі рецепторларда туған қозуды сезгіш нейронның денесіне жеткізеді, ал екінші талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады. Жұлынның сұр затында еттерді бүгетін, жазатын, еттің ұзаққа созылатын қатаюын және фазалық жиырылуын тудыратын рефлекстер орталығы болады. Мұнымен қатар вегетативтік функцияларды реттейтін орталықтар бар. Қан таиырларын кеңейтіп тарылтатын, жүрек соғуын, ас қорыту бездерінің сөл бөлінуін, ас қорыту жолының қимылын, несеп, нәжіс, жыныс жүйелері қызметін реттейтін орталықтар жұлынның бүйір мүйізінде орналасқан. Бұлар арқылы жұлын көптеген висцеральдық рефлекстерге қатысады. Жұлынның күрделі қызметтеріне ми қадағалап реттеп отырады.
