- •Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жалпы анатомиясы мен физиологиясы
- •Нейрондар мен ганглия.
- •Нейроглияның функциялық қызметі.
- •Нейрон түрлері
- •Рефлекс түрлері.
- •Нерв орталығы туралы ілім.
- •Жұлын, құрылысы, қызметі.
- •Жұлын нейрондары.
- •Ми, оның бөліктері.
- •Сопақша ми.
- •Ортаңғы ми.
- •Торлы құрылым.
- •Аралық ми.
- •Базальдық түйіндер.
- •Лимбиялық жүйе.
- •Жоғары нерв іс-әрекеті.
ДӘРІС №19
Тақырыбы: Орталық нерв жүйесінің жалпы анатомиясы мен физиологиясы
Жоспары:
1. Нейрондар мен ганглия.
2. Нейрон түрлері.
3. ОНЖ-нің рефлекстік Қызметі.
4. Рефлекс түрлері.
5.Нерв орталығы туралы ұғым.
ОНЖ денедегі барлық мүшелер мен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттермен процестерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі ьағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда нерв жүйесінің жоғары бөлімі-ми. Ми сыңарықыртысының ерекше қызметі-ойлау, дүние тану, пікір тудыру.
Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарғабейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықтыөзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті тежейді. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл процестерді нейрондар мен нерв орталықтары қамтамасыз етеді.
Нейрондар мен ганглия.
НЕЙРОН дегеніміз-нерв клеткасы. Ол нерв жүйесі құрамындағы жеке бөлік, сол жүйеніңі морфо-функциялық негізі. Нейрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым.
Нейрондар пішіні, көлемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да , ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро, басқа клеткаларға да тән органоидтар және тек нейронда кездесетін тигроид заттар болады.
Нейрон талшықтары ұзындығына қарай аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы.
Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмепшігі деп аталады. Аксон төмпешігінің қозу қабілеті өте жоғары. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонының ұшында рецептор болады.
НЕЙРОГЛИЯ-деп нейрондар аралығын толтыратын клеткаларды глиондарды айтады. Глиондар екі түрлі-астроциттер және олигодендроцитер.
Бұлардың аксоны болмайды және өзара синапстар құрмайды.
АСТРОЦИТТЕР мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды қан тамырларымен байланыстырады.
ОЛИГОДЕНДРОЦИТТЕР нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.
Нейроглияның функциялық қызметі.
1. Трофикалық қызмет атқарады, яғни қаннан нейрондарға керекті қоректі заттарды алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді.
2. Нейрондардың тіршілігіне, қызметіне керекті жағдай жасайды. Нейрондардың айналасындағы сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейінбірқалыпты сақтайды. Мысалы , К+ ионы көбейіп кетсе, артығын өзіне сіңіріп жұтады, ал медиаторлар көбейсе, олардың артығын ыдыратады. К+ ионы көбейіп кетсе нейрондарда күшті тежелу процесі пайда болады, оның салдарынан депрессия болуы мүмкін.
Медиатор саны көбейсе қозу процесі күшейіп, тежелу процсінен адамның жұмысына деген қабілеті төмендейді. Осыған орай нейроглия нейрондарды қатты қозудан және өте күшті тежелуден сақтайды.
3. Олигодендриттер нейрондараксонының миелин қабығын жасауға қатысады.
4. нейроглия нейрондарарасындағы қарым-қатынасты күшейтеді, есте сақтауды, уақытша байланыстардың пайда болуын жеңілдетеді.
Нейрон түрлері
Өсінділерінің санына қарай нейрондар көп тармақты (мультиполярлы), екі өсінділі (биполярлы), бір өсінділі (униполярлы) болып бөлінеді.
Адамның жұлын түйіндерінде биполярлы және жалған униполярлы нейрондар бар. Ал мультиполярлы клеткалар көбіне қозғалтқыш нейрондар арасындағы ең жиі кездесетіндері.
Атқаратын қызметіне қарай сезімтал (афферентті), қимыл (эфферентт), аралық нейрондар болып үшке бөлінеді.
Сезімтал нейрон рецепторларда туған қозуды орталыққа жеткізеді. Бұлар жұлын түйінінде, артқы мүйізінде, мидың барлық бөлімдерінде кездеседі. Қозғалтқыш нейрондар нерв серпіністерін орталықтан шеткі мүшелерге апарады. Олар жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір мүйіздерінде, ми қыртысының қимыл зоналарында ми қатпраының ядроларында орналасқан. Аралық нейрондар сезімтал нейрондардан шыққан мағлұматтарды (серпіністерді) қимыл нейрондарға жеткізеді.
Аталған клеткалармен қатар тежелу нейрондары да болады. Бұлар тұңғыш рет жұлында табылған. Оларды Реншоу клеткалары дейді. Реншоу нейрондары көбінесе қимыл нейрондардың айналасында орналасады, Олар қимыл нейрондардың аксон өсіндісіне келіп түскен серпіністердің әсерінен қозып, мотонейрондағы қозуды бәсеңдетеді, не өткізбей оның қызметін тежейді, яғни тоқтатып тастайды.
ОНЖ-нің РЕФЛЕКСТІК ҚЫЗМЕТІ
ОНЖ-нің негізгі қызметі –рефлекс тітіркендіруге жауап беру деген мағынада.
Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664).
Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин.
Рефлекс дегеніміз орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргештерге беретін күрделі жауабы. Рефлестің морфологиялық негізі-рефлектік доға, яғни қозуды рецептордан нерв орталығына, онан шеткі мүшеге жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен атап айтқанда:1-рецептор.
2-афференттік нерв
3-аффренттік, аралық,
эфференттік нейрон.
4-эфференттік нерв.
5-жұмыс мүшесі.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді.
