Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этап_ОСКЭ_каз_ВД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.64 Кб
Скачать

Несеп-жыныс жүйесі»

Экзаменаторға ақпарат: студенттердің зерттеу әдісін анықтауы, құрсақ арты кеңістігі, жамбас қуысы мүшелерінің сәулелік анатомиясын білуі, рентгенограммаларды интерпретациялауы бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерге сәйкес бағалаңыз.

қадам

Қадамдарды бағалау критерилері

Максималды балл

Өте жақсы (асқан)

қолайлы

Түзетуді талап етеді

қолайсыз

1

Коммуникативті дағдылар: студент сәлемдесті, өзін-өзі таныстырды

5

3

1

0

2

Негатоскопқа урограмманы дұрыс қою. Суретті әріптер мен сандар бойынша анықтап қояды.

10

7

7

0

3

Зерттеу әдісін сипаттау- Зерттеу әдісі экскреторлы урография.

15

11

6

0

4

Зерттеу әдістемесін сипаттады Жалпы шолу урограммасында бел бұлшықеттерінің көлеңкесі, омыртқалар көлеңкесі, көкет күмбезі және шонданай сүйегінің жоғарғы қыры қоса алынған көлеңкесі анықталады. Науқастың зерттеуге дайындығы бағаланады. Құрамында йоды бар контрасты зат 40-60 мл мөлшерде көктамырға енгізіледі. Экскреторлы урограммада - 7-минутта тостаған-астауша жүйесінің контрасталғаны анықталады, 15-минутта - тостаған-астауша жүйесінің, несепағардың контрасталуы және қуықтың контрастала бастаған көлеңкесі анықталады. 30-35 минутта несепағар, қуық контрасталуы және тостаған-астауша жүйесінің контрасталған іздері көрінеді.

14

11

7

0

5

Экскреторлы урограмманың сапасына баға беру.

15

11

7

0

6

Бүйректің, несепағардың, қуықтың рентгенанатомиясы. Сол бүйрек Th-12 – L-2, оң бүйрек L-1 –L-3деңгейінде орналасқан. Сол бүйректің көлеңкесін 12-ші қабырға көлеңкесі ортасынан, ал оң бүйректі жоғарғы 1/3 мен ортасы арасында қияды. Бүйректердің жоғарғы полюстері төменгі полюсіне қарағанда дененің ортаңғы сызығына жақын орналасқан. Пішіні бұршақ тәрізді, ұзындығы- 12-14 см, ені -4-5 см, шеті тегіс, анық көрінеді. Орталық бөлігінде үш топ тостағаншалары бар бүйрек түбекшесі орналасқан. Несепағар ұзындығы 25-30см, диаметрі – 5мм, үш жерде тарылған орны анықталады - түбекшемен жалғасқан орында, мықын артериясымен қиылысқан жерде және қуыққа жалғасқан орында. Қуық кіші жамбас қуысында, пішіні домалақ, шеті тегіс, анық көрінеді, сиымдылығы 250-300мл.

15

12

8

0

7

Патологиялық өзгерістердің негізгі рентгенологиялық синдромдарын анықтау. Бүйректердің орналасқан орнынан ауытқуы, пішінінің, өлшемдерінің, паренхимасы және тостаған-астауша жүйесі құрылымының өзгеруі, конкременттер болуы және қызметінің бұзылуы. Несепағар - қуысының өзгеруі, конкременттер болуы. Қуық - пішінінің, шетінің өзгеруі, толыу дефектісі симптомы болуы.

15

12

8

0

8

Осы урограммадағы белгілерді негізге алып қандай қорытынды жасауға болады?

11

8

6

0

Жалпы балл

100,0

75,0

50,0

0

Кезеңнің максималды баллы – 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 мин.