Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Этап_ОСКЭ_каз_ВД.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.64 Кб
Скачать

ЖМ 3 курс студенттерінің интегрирленген емтиханының ІІ кезеңі

Пән: Визуалды диагностика «тыныс алу жүйесі»

Экзаменаторға ақпарат: студенттердің зерттеу әдісін анықтауы, кеуде торы мүшелерінің сәулелік анатомиясын білуі, рентгенограммаларды интерпретациялауы бойынша тәжірибелік дағдыларын төменде келтірілген критерийлерге сәйкес бағалаңыз.

қадам

Қадамдарды бағалау критерилері

Максималды балл

Өте жақсы(асқан)

қолайлы

Түзетуді талап етеді

қолайсыз

1

Коммуникативті дағдылар: студент сәлемдесті, өзін-өзі таныстырды

5

3

1

0

2

Рентгенограмманы негатоскопқа дұрыс орналастырды.Кеуде торы мүшелерінің рентгенограммасын негатоскопқа дұрыс орналастырғанда суреттің сол бөлімінде – қолқа доғасы, жүрек көлеңкесінің 2/3, көкеттің сол күмбезінің астында асқазанның ауа толған түбі анықталады.

10

7

7

0

3

Зерттеу әдісін анықтау. Зерттеу әдісі - кеуде торы мүшелерінің тура бағыттағы жалпы шолу рентгенограммасы.

15

11

6

0

4

Зерттеу әдістемесін дұрыс сипаттап берді және пациенттің зерттеу кезінде орналасуын бағалады- Пациенттіңзерттеу кезінде дұрыс орналасуын анықтау: бұғананың медиальді ұшы (стернальді) мен омыртқаның арқа өсіндісінің аралығы екі жақта да симметриялы; жауырындарды қабырға доғасынынан алшақтатады және олар өкпе алаңына қабаттаспайды; өкпе алаңы, өкпе ұшы және қабырға-диафрагмальды синустар толық қамтылған.

14

11

7

0

5

Рентгенограмманың сапасын дұрыс анықтады- Рентгенограмма сапасының анықталуы: төменгі қабырғалардың алдыңғы кесіндісі анық және тегіс, жоғарғы үш (3) кеуде омыртқаларының көлеңкесі анықталады.

15

11

7

0

6

Кеуде қуысы мүшелерінің скиалогиялық суретін анықтау. Өкпе алаңы мөлдір, симметриялы, екі жақта да қантамырлар суреті анықталады. Оң және сол өкпе түбірі 2-4 қабырғалардың алдыңғы кесінділері деңгейінде анықталады, сол өкпенің түбірі ½ қабырғааралыққа жоғары орналасады. Кеудеаралық көлеңкесі ортада орналасқан. Көкет күмбезі оң жақта 6-қабырғаның алдыңғы кесіндісінің деңгейінде орналасқан; сол жақта бір қабырғааралыққа төмен, контуры анық, тегіс. Диафрагмальді синустар бос, сүйір бүрыш түрінде көрінеді. Кеуде торының жұмсақ тіндер көлеңкесі біркелкі емес, қоюлығы төмен, сүйектер көлеңкесінің қоюлығы – жоғары.

15

12

8

0

7

Тыныс алу мүшелері патологиялық өзгерісінің негізгі рентгенологиялық синдромдарын анықтау. Өкпе тінінің тығыздалу (консолидация) синдромы – өкпе алаңының көлеңкеленуі. Көлеңкені сипаттау - орналасқан орны, саны, пішіні, өлшемдері, қоюлығы, құрылымы, контуры, козғалуы (терең дем алғанда және дем шығарғанда). Өкпе тінінің ауалануының жоғарлау синдромы - шектелген немесе диффузды эфизема, өкпе алаңы ауданының ұлғаюы, өкпе суретінің сиреуі, мөлдірлігінің жоғарылауы, кеудеаралық мүшелерінің және көкет күмбезінің ығысуы.

15

12

8

0

8

Осы рентгенограммадағы белгілерді негізге алып қандай қорытынды жасауға болады?

11

8

6

0

Жалпы балл

100,0

75,0

50,0

0