Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Fizika_p_1241_ninen_emtikhan_biletteri_9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.83 Кб
Скачать

Билет № 16

  1. Атом ядросының байланыс энергиясы. Массаның ақауы.

  2. Ауырлық күшінің әсерінен байқалатын сұйық пен газдағы қысым. Паскаль заңы.

  3. Пружиналы маятниктң тербелісіне есеп.

Билет № 17

  1. Шеңбер бойымен қозғалыс. Центрге тартқыш үдеу. Сызықтық пен бұрыштық жылдамдық.

  2. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу.

  3. Сұйықтың қысымын табуға есеп.

Билет № 18

  1. Уран ядросының бөлінуі. Ядроның тізбектегі реакциясы. Ядролық реактор. Ядролық энергияларды бейбіт мақсатта қолдану.

  2. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. Жылу берілу түрлері. Жылу берілудің табиғатта және техникада қолдану мысалдары.

  3. Зертханалық жұмыс «Кері итеруші күшті анықтау».

Билет № 19

  1. Токтың жұмыс мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы.

  2. Жай механизмдер. Механиканың «Алтын ережесі».

  3. Дененің еркін түсуіне есеп.

Билет № 20

  1. Ауаның ылғалдылығы. Ауаның ылғалдылығын анықтау.

  2. Атомның шығару және жұтылу спектрлері. Бор постулаттары.

  3. Жылу мөлшерін табуға есеп.

  1. Сонымен,жер бетінің көп бөлігін су алып жатқаны белгілі.Мұхиттан, теңізден, көлден су қоймаларынан, өзеннен және т.б бетінен судың булануының нәтижесінде ауада әрдайым су буы болады. Оның бар болуы маңызды рөл атқарады. Атмосферада болып жататын процестер де, ауа райы да ондағы су буының мөлшеріне байланысты. Ол адамның көңіл күйіне, көптеген органдардың қызметіне, өсімдіктің өсуінеүлкен әсерін тигізеді.Ол сондай-ақ техникалық нысандардың, сәулет ғимараттарының, көркемөнер шығармаларының, түрлі азық-түліктердің сақталуына да әсер етеді.Сондықтан ауаның ылғалдылығын қадағалап және оны өлшей білу өте маңызды.

Ауадағы су буы, әдетте, қанықпаған.Егер ауадығы су буы қаныққан болса,онда жер бетінде кебі процесі жүрмеген еді.

Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтау үшін псизрометр қолданылады.Бұл бірдей екі термометрден тұратын аспап. Олардың біреіінің резервуары матаменоралады, оның ұшы су бар ыдысқа салынады.Құрғақ термометр – ауа температурасын, ал ылғал термометр буланған сұйқтың температурасын көрсетеді.

Мата бойымен көтерілген су булана отырып термометр резервуарының бетін салқындатады. Ауа неғұрлым құрғақ болса, соғұрлым ылғал матадағы судың кебу жылдамдығы жоғары және оның температурасы құрғақ матаның температурасына қарағанда төмен болады

  1. Жарық сәулесінің жіктеліп, түрлі түсті жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр дейді

Тығыздығы өте аз қызған газдардың спектрлері кесінді сызығ түрінде бір-бірінен алшақ орналасад. Ондай спектрлер сызықтық шығару спектрі деп аталады.Денелер сәуле шығарумен қатар оларды жұта да алады.Мысалы,өте қызған денеден шыққан жарықты сиретілген газ арқылы өткізіп, спектрін алайық. Сонда газдан өткен жарықтың тұтас спектрінің бетінде қара сызықтарды көреміз.Бұл сызықтар газдажұтылған сәүлелердің спектрдегі орнын көрсетеді.Бұндай спектр сызықтық жұтылу спектрі деп атайды.

Бор қағидаларыБор постулаттары – даниялық физик Бордың атомның орнықты (стационар) күйін және спектрлік заңдылықтарын түсіндіруге арналған негізгі болжамдары (1913). Сутек атомының сызықтық спектрін (Бальмер-Ридберг формуласы), атомның ядролық моделі мен жарық сәулесінің квантты шығарылуы мен жұтылуын түсіндіру мақсатында Нильс Бордың 1913 жылы тұжырымдаған жорамалдары:

  • 1. Атомдар, тек стационарлық күйлер деп аталатын қандай да бiр күйлерде ғана бола алады. Бұл күйдегi электрондар ядроны айнала үдей қозғалғанымен өзiнен сәуле шығармайды. Бірінші қағида немесе орнықты күйлер қағидасы: атомдағы электрондар кез келген энергиясы бар орбиталармен емес, тек белгілі бір энергиясы бар орбиталар бойымен қозғалады. Оларды орнықты орбиталар деп атайды. Орнықты орбиталардың энергиясы тек белгілі бір дискретті (үзікті) мәндерді ғана иеленеді. Электрондар мұндай орнықты орбита бойымен қозғалып жүргенде сәуле шығармайды.

  • 2. Сәуле шығару немесе жұту тек бiр стационарлық күйден екiншi стационарлық күйге өткен кезде ғана болады. Ал шығарылған немесе жұтылған сәуленiң жиiлiгi мына шарттан анықталады

 Мұндағы En және Em осы стационар күйлердiң энергиясы, ал   – Планк тұрақтысы. Екінші қағида немесе сәуле шығарудың жиіліктік шарты: атом бір орнықты күйден екінші бір сондай күйге ауысқанда ғана жарықтың бір фотонын жұтады не шығарады. Шығарылған не жұтылған фотонның энергиясы (һν) екі орнықты күй энергияларының (En және Em) айырымына тең (һν =   мұндағы ν – шығарылған не жұтылған сәуле фотонының жиілігі, һ – Планк тұрақтысы).

Атомдардың энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi арқылы белгiлеп, сәуле шығару және жұту үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы.

  • 3. (Орбиталардың кванттану ережесі):Стационарлық күйдегі атомдардың шеңбер бойымен қозғалғанда импульс моменттері тек дискретті мән қабылдай алады

  • Осы қағидалар негізінде құрылған Бор теориясы тек сутек және сутек тәріздес атомдардың құрылысын түсіндіруге қолданылады. Бор қағидалары классикалық физика заңдылықтарына толығымен қайшы келеді. Бұл қағидалар – микродүние қасиеттерін түсіндіру үшін табылған алғашқы тұжырымдар. Атом құрылысы кванттық механика арқылы ғана толық түсіндіріледі.

Билет № 21

  1. Дененің ауырлық күшінің әсерінен қозғалысы. Жердің жасанды серіктері. Бірінші ғарыштық жылдамдық.

  2. Денелердің электрленуі. Электрлену әдістері. Зарядтың сақталу заңы.

  3. Архимед заңына есеп.

Билет № 22

  1. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамасы.

  2. Электр тогы. Ток күші. Амперметр.

  3. Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтықтың пайдалы әсер коэффициентін өлшеу».

Билет № 23

  1. Деформация. Деформация түрлері. Гук заңы.

  2. Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзаның формуласы.

  3. Бірқалыпты үдемелі қозғалыстың координата теңдеуіне арналған есеп.

Билет № 24

  1. Ньютонның үшінші заңы. Ньютонның үшінші заңына арналған мысалдар.

  2. Күш моменті. Денелердің тепе-теңдік шарттары.

  3. Дененің балқуы үшін қажетті жылу мөлшерін есептеуге есеп.

Билет № 25

  1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Температура және оны өлшеу тәсілдері.

  2. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.

  3. Дененің ауырлық күшінің әсерінің қозғалысына арналған есеп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]